Жер қҰҚЫҒының ТҮсінігі, ПӘНІ, ЖҮйесі және қАҒидалары



Дата15.11.2023
өлшемі473.3 Kb.
#483382
лекция 1.1 каз

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ


1 Дәріс
  • Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады.

Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.
Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз
Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі.
Жер учаскесінің мынадай белгілері бар:
  • Түрақты белгілі бір аумақта орналасқан жердің бір бөлігі;
  • Тұйықталған шекарасының болуы;
  • Заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетіндігі;
  • Жер учаскесіне құқықтарды растайтын арнайы құжаттарының болуы.

Бөлінетін жер учаскесі дегеніміз – өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әрқайсысы дербес жер учаскесін құрайтын жер учаскесінің түрі. Егер бұлай болмаған жағдайда жер учаскесі бөлінбейтін деп танылып, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі.
Жер құқығының пәні болып жерге меншік құқығын орнықтыруға,
жерді басқаруға, пайдалануға және қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
  • ЖАЛПЫ БӨЛІМ

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
жер-құқықтық институттарының жер қатынастарын реттеудегі рөліне сəйкес ғылыми негізделген түрде орналасуы
Жалпы ережелерден тұратын, əрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.
Жер құқығының ерекше бөлімі шартты түрде бағыныңқы сипатқа ие, жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қоры институттарынан құралған
  • ЖАЛПЫ БӨЛІМ
  • Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
  • Жер құқығының қағидалары
  • Жер құқығының тарихы
  • Жер құқығының қайнар көздері
  • Жер құқық қатынастары
  • Жерге меншік құқығы
  • Жер пайдалану құқығы
  • Жер телімдерінің құқықтық тәртібі
  • Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқықғын қорғау
  • Жер төлемдері
  • Сервитуттар
  • Жер қорын мемлекеттік басқару
  • Жерді қорғау, жерге орналастыру, жер мониторингі, жер кадастры
  • Жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық
  • Жер даулары
  • ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
  • Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі
  • Елді менеке жерлерінің құқықтық тәртібі
  • Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық тәртібі
  • Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық тәртібі
  • Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі
  • Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі
  • Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық тәртібі

Жер құқығының қағидалары – жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы.
  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
  • Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
  • Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Жерді нысаналы пайдалану;
  • Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;
  • Жердің жай-күйі және оған қол жетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;
  • Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
  • Жерді ақылы пайдалану.

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
  • ДИСПОЗИТИВТІК

  • жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген
  • ИМПЕРАТИВТІК

  • билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет