«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №12, 116-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 және 75 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мұнадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізуліне дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі аяқталғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу шартының (келісімшартының) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу шартының (келісімшартының) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе гидроқұрылыстарға құқық белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;
5) мәлімделген қол қойылған бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепілдігі);
6) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі өсімдіктер дүниесін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің картограммаларды қарау қорытындылары.
68. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 67-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті болған кезде қабылдайды.
69. Өтінім беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды ұсынады:
егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтінім берушінің банк шотында тиісті соманың болуын растайтын құжатты қоса береді;
егер қаржыландыру қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.
Қол қойылатын бонус кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат қағазы берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша төленеді.
70. Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу ауданының картограммасын өтініш беруші әзірлейді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсiмдіктер дүниесін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне координаттардың немесе координаттардың бөлігін үшінші тұлғаларға ауыртпалық түсіруі, келісімшартты аумақпен, су қорлары жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамада көзделген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен түйісуі, сондай-ақ пайдалы қазбалар, сондай-ақ жер астындағы суының болмауы немесе болуы тұрғысында қарауға жіберіледі. Қарау қорытындылары өтініш берушіге жалпы таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу ауданының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын қарау қорытындыларын беру кезінде жер учаскелері барланған жағдайда жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган барланғаны туралы тиісті белгі қояды.
Қарау қорытындылары бойынша картограмманы түзекен жағдайда өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу ауданы картограммасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарларды қорғау, өсiмдіктерді молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қайта жолдайды. Қарау қорытындылары түзетілген картограмма түскен сәттен бастап өтініш берушіге 5 жұмыс күні ішінде жолданады.
71. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы қажет. Келіссөздердің қорытындылары хаттамамен ресімделеді.
Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты келісуді қамтамасыз етеді және өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес келісімдерді алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде жазбаша рұқсатты береді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.
72. Учаске барланған жағдайда кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алғаннан кейін, жер қойнауын пайдаланушы құпиялық және геологаялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қою үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша жүгінеді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жер қойнауын пайдаланушы жүгінген күннен бес жұмыс күні ішінде құпиялық және геологиялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.
Геологаялық ақпаратты алу үшін төлем үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Геологиялық ақпарат пакетінің құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып анықталады. Геологиялық ақпарат пакетінің құны қайтаруға жатпайды.
73. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алғаннан кейін екі айдан кешіктірмей іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жолдайды, олар он бес жұмыс күн ішінде жасалады.
Мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді, оның қорытындалары бойынша пайдалы қазбалардың қорлары есептеумен есеп жасалады, бұл геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша құрастырылған және өзге де пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және басқа ерекшеліктері, оның республика экономикасы үшін маңыздылығы, барлаудың тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа талаптары туралы ақпаратты құрайды. Пайдалы қазбалардың қорлары бойынша есеп қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияға жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына жолданады. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
74. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қолданысқа енгізуліне дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі аяқталғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу шартының (келісімшартының) нотариалды куәландырған көшірмесі;
4) гидроқұрылыстарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу шартының (келісімшартының) көшірмесі немесе гидроқұрылыстарға құқығын белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;
5) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі)*;
ескертпе: *егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде осы тұлға жүргізілген жұмыстар қорытындалары бойынша өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда осы құжат талап етілмейді. Барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат алғаннан кейін коммерциялық табу бонусы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленеді;
егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде өзге тұлға жүргізілген жұмыстар қорытындалары бойынша өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген болса, онда өндіруге жер койнауын пайдалану құқығын алғаннан кейін мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген коммерциялық табу бонусының сомасынан төмен болмайтындай қол қойылатын бонус төленеді;
6) пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияның тиісті хаттамасы;
7) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіру жүргізу алаңының картограммасы, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарау картограммасының қорытындысы;
8) кен орындарын әзірлеу жобасын оң келісудің нәтижелері;
9) кен орнын әзірлеу жобасының экологиялық мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы қажет.
Жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шенберінде жүргізілген жұмыстар қорытындалары бойынша өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақмашаларында айтылған құжаттар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсаттың көшірмесін ұсынумен ауыстырылады.
75. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 74-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті болған кезде қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, және 84 тармақтармен толықтырылсын:
76. Өтінім беруші кең таралған пайдалы қазбалар өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды қоса береді:
егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделіп отырған болса, өтінім берушінің банк шотында тиісті соманың барын растайтын құжатты қоса береді;
егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделіп отырған болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.
Қол қойылатын бонус кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат қағазы алынған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша төленеді. Осы тармақ осы Қағиданың 74-тармағы 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда қолданылады.
77. Кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіру жүргізу алаңының картограммасы пайдаланушының өндіру жүргізуге құқығы бар пайдалы қазбалардың бекітілген қорларымен жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайды, өтініш беруші әзірлейді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауына жатады. Қарау қорытындылары кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіру жүргізу алаңының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолданады.
78. Кен орындарын әзірлеу жобасы тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Егер жер қойнауын пайдалану операцияларын су объектісінің су қорғау аймағы шеңберінде жүргізу жоспарланған болса, кен орнын әзірлеу жобасын су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның өңірлік органымен де келісу қажет. Келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын өндіру жобасын берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
79. Кен орнын өндіру жобасы мемлекеттік-эпидемиологиялық және экологиялық сараптама өткізуге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, сондай-ақ жер қойнауын зердеп және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатады.
80. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздерді жүргізілгені туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен сәтінен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Келіссөздердің қорытындылары хаттамалармен ресімделеді. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты келісуді қамтамасыз етеді және өтініш берушіге осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес келісімдер алынған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты береді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсаттың түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.
81. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындауға кіріседі.
82. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темір жолдарды және гидроқұрылыстарды жобалау-іздестіру, салу және жұмыстарын жүзеге асыруға шартты бұзу деректерін анықтау;
2) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтерді құрайтын құжаттарды ұсынған жағдайда.
83. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды өтініш берушіге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтінім берілген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолдайды. Өтініш беруші негізінде кең таралған пайдалы қазабалрды өндіруге жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тарту алынған ескертулерді жойған кезде қайталанған өтініш жалпы негіздерде қаралады.
84. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өңдіруге жер қойынауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екіншісі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында сақталады.»;
1 және 2 - қосымшалар осы қаулыға 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3, 4, 5 және 6 - қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5 және 6 - қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
1-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған қазбаларды барлау бойынша операциялар жүргізуге рұқсат беруді сұрайды
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі және обьектісі, жер қойнауы учаскесі)
________________________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбалар түрі )
1.___________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды бастау мен аяқтаудың көзделген мерзімдері)
2.___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
3. __________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері)
4. __________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә., Басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)
______________________________
(қолы)
|
______________________________
Кәсіпорын басшысының Т.А.Ә. (лауазымы), заңды тұлғаның Т.А.Ә.
|
|
|
20 ж. « »
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 2-қосымша
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
2-қосымша
Нысан
Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу аудағының картограммасы
_________________________________________________________________ барлау үшін
___________________________________________________________________әзірлейді
орналасқан жері______________________________________________________________
Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № __ бастап № __ қоса алғанда бұрыштық нүктелермен белгіленген.
бұрыштық нүктелер
|
бұрыштық нүктелердің координаталары
|
бұрыштық нүктелер
|
бұрыштық нүктелердің координаталары
|
| Солтүстік ендігі |
Шығыс бойлығы
|
|
Солтүстік ендігі
|
Шығыс бойлығы
|
|
|
|
|
|
|
Ауданы ___ шаршы км құрайды.
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 3-қосымша
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
3-қосымша
Нысан
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ
___________________________________________________________________________ үшін
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________берілді
(кімге)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісі)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану мақсаты)
________________________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың мөлшері)
________________________________________________________________________________
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
КЕЛІСІЛДІ:
Жер қойнауын зерделеу және
пайдалану жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі
|
_____________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(қолы)
|
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
|
_____________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(қолы)
|
20 ж. « »
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі
_____________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
(қолы)________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 4-қосымша
Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
4-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беруді сұрайды
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі және объектісі – кен орны, жер қойнауының учаскесі)
________________________________________________________________________________
(өндірілетін кең таралған пайдалы қазбалардың түрі және көзделген саны (көлемі) жер қойнауын пайдалану мақсаты)
1.______________________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіруді бастау мен аяқтаудың көзделген мерзімдері)
2.______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
3. _____________________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонустың ұсынылатын мөлшері)
4. ______________________________________________________________________________
(Басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)
___________________________________
(қолы)
|
____________________________________
Кәсіпорын басшысының Т.А.Ә. (лауазымы), заңды тұлғаның Т.А.Ә.
|
|
|
20 ж. « »
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 5-қосымша
«Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
5-қосымша
Нысан
Кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіруді жүргізу аумағының картограммасы
__________________________________________________________________ өңдіру үшін
______________________________________________________________________әзірледі
_______________________________________________________________орналасқан жері
Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № __ бастап № __ қоса алғанда бұрыштық нүктелермен белгіленген.
Бұрыштық нүкте
лер
|
бұрыштама нүктелердің координатталады
|
бұрыштық нүкте
лер
|
бұрыштық нүктелердің координатталады
|
| Солтүстік ендігі |
Шығыс бойлығы
|
|
Солтүстік ендігі
|
Шығыс бойлығы
|
|
|
|
|
|
|
Ауданы ___ шаршы км құрайды.
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысына 6-қосымша
«Жер қойнауын пайдалану
құқығын беру қағидасына
6-қосымша
Нысан
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өңдіруге жер қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ
___________________________________________________________________________ үшін
__________________________________________________________________________берілді
(кімге)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісі)
________________________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану мақсаты)
________________________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонустың мөлшері)
_______________________________________________________________________________
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
КЕЛІСІЛДІ:
Жер қойнауын зерделеу және
пайдалану жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі
|
_____________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(қолы)
|
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
|
_____________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(қолы)
|
20 ж. « »
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі
_____________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
(қолы)». ________________________
Достарыңызбен бөлісу: |