Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақЫ



Дата03.07.2016
өлшемі66.04 Kb.
#173838
ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН

ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

      


        Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

       Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

        Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

        Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.

        Төлемақы төлеушiлері болып:

1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын өндіру үшін;

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) табылады.

         Салық салу объектiлерi салық кодексінің 486 бабымен белгіленген.

          Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.

          Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, төлемақы ставкалары бес есе ұлғайтылады. 

         Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейді. 

         Төлеушiлер нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрмей ай сайын бюджетке төлейді.

        Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi. 

 

         Төлемақы төлеушiлер, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей декларация табыс етедi. 



        Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейдi. 

         Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

 

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ

ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

      


     

      Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады  жәнп уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. 

    Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.

     Алымнын төленбеуі салық кодексінін 499 бабының 5 тармағында қарастырылған.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      Төлемақы ставкалары салық кодексінін 501 бабымен белгіленген және  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

       Төлемақы сомасын белгіленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негiзге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейдi. 

        Төлемақы сомасы рұқсат алғанға дейін жануарлар дүниесін пайдалану орны бойынша не  төлеушінің орналасқан жері бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке төленеді. 

         Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН



ТӨЛЕМАҚЫ

               Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;
4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру,        көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары; аңшылық шаруашылығы қажеттерi; ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.

        Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.

         Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.

        Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

         Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

         Салық салу объектiсi болып пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнiң, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы  табылады.

         Төлемақы ставкалары салық кодексінін 506 бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

          Төлемақы ставкалары сүректі түбірімен босатқан кезде салық кодексінін 501 бабымен белгіленген және  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

         Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.

 

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ

ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

        Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ары қарай - ЕҚТА) пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»   Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту,  мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.



        Қазақстан Республикасының ЕҚТА пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

       Төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

       елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ЕҚТА шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;

        «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары.

         Республикалық маңызы бар ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.

        Төлемақы сомасын белгіленген ставкаларды және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

         ЕҚТА шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:

1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде – әрбір жұмыскер үшін;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелері болған кезде – осындай мекемелерде болған әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді. Жеке тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды.

        Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.



         Төлемақы сомасы ЕҚТА орналасқан жер бойынша төленеді.

                Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет