Жер телімін беру туралы жадынама
Жер теліміне құқығын берудің жалпы тәртібі
Мемлекеттік меншіктегі жерден жер теліміне құқық беру мынандай ретпен жүргізіледі:
1) жер теліміне тиісті құқық беру туралы өтініш беру;
2) берілген өтінішті орындау мүмкіндігін анықтау (жер телімін алдын-ала таңдап алу);
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
4) Жер теліміне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдауы (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) , ауданның (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың, (селоларды), ауылдық (селолық) округтер әкімдері, ал арнайы экономикплық аумақта жергілікті атқарушы органдармен әкімшілік – территориялық бірліктің немесе арнайы экономикалық аумақта олардың құзреті шектерінде;
5) жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу;
6) жер теліміне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және тапсыру;
7) жер теліміне құқықты мемлекеттік тіркеу.
Жер телімін беру туралы өтініш берген күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралады, ал кіші кәсіпкерлік субьектілері үшін үш аптаның ішінде. Көрсетілген уақытқа Жер кодексінің 44-бабаының 3- тармағына сәйкес дайындау жерге орналастыру жобасын құрастыру кірмейді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары беретін мынадай құжаттар: жер теліміне жеке меншік кезінде – жер теліміне жеке меншік құқығы актісі;
Тұрақты жер пайдалану кезінде – тұрақты жер пайдалану құқығы актісі;
Уақытша өтеу жер пайдалану кезінде – уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы акттісі;
Уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде – уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болып табылады.
Жер теліміне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер телімінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді , құқық иеленуші туралы жазба енгізеді.
Жер телімін беру жөніндегі өтініш – жер телімі орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға беріледі, арнйы экономикалық аймағының әкімшілігіне.
Жер телімін таңдап алу актісі – Қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімінен (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірге) аймақтық органдарымен сәйкес жасалады.
Жер комиссиясы – Жер телімін беру туралы шешім немесе жер телімін беруден бас тарту жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.Қорытынды өтініш түскеннен бастап бір айға дейін дайындалады, ал кіші кәсіпкерлік субьектілеріне екі аптаға дейін.
Жер орналастыру жобасы – Жер орналастыру жұмыстарын орындауға белгіленген тәртіпте лицензия алған заңды тұлғалар мен комиссия қорытындысы негізінде орындайды.
Жер орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық – Келісілген жерге орналастыру жобасы белгіленген тәртіпте облыстың, қаланың, ауданның өкілетті органдарымен бекітіледі.
Жергілікті ат?арушы органны? шешімі – Бекітілген жерге орналастыру жобасы мен жер комиссиясының қорытындысы негізінде облыстың ( республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), ауданның (облыстық маңызы бар қалалық) жергілікті атқарушы органымен, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтер әкімдерімен, арнайы экономикалық аумақтың әкімшілігімен құқық табыстау туралы шешім қабылданады.
Орналасқан жерінде шекарасын белгілеу актісі – Жерге орналастыру жобасына жасауға қатысушылармен жасалады және өкілетті шектес органмен келісіледі.
???ы?ты ку?л?ндыратын ??жат – Кадастрды жүргізетін республикалық мемлекеттік мамандырылған кәсіпорынмен жасалады.
Жеке тұлғалардың меншігіне (жер телімдерін рәсімдеу) мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі
Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз және жер телімін алуға мүдделі болсаңыз, онда жергілікті атқарушы органға жер телімін беру туралы өтініш жіберу қажет.
?тініште:
Жер телімін пайдалану мақсаты (осы жер телімі қандай мақсаттарға керектігін көрсету: жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысы немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін);
-
оы? болжамды м?лшері;
-
орналасқан жері (сұралып отырған жер телімінің мөлшерлі орналасқан жері);
-
сұралып отырған пайдалану құқығы (жер теліміне жеке меншік құқығы, уақытша өтеулі (ұзақ, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);
-
(жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін ) басқа жер телімінің болуы (болмауы) тиіс.
-
Өтініште жер телімін пайдалану мақсатына қарай төмендегідей құжаттар және олардың көшірмелері қоса беріледі:
-
-жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін
-
жеке куәлігі;
-
жеке тұлғалар үшін салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (СТНН);
-
жоғарыда айтылған мақсаттарға құқығы табысталған, жер телімдерінің болуы (болмауы) туралы анықтама (жер қатынастары бойынша уәкілетті органмен жеті күн ішінде беріледі);
-
Азаматта жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркейтін органмен жеті күн ішінде беріледі).
Жер телімін жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұрағанда азаматтар өтініштері (өтінімдері) арнайы есепке алынады және ауданды бөліп беру үшін дайындау не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтардың болуы (болмауы) шамасында қанағаттандырылады. Жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілгенде азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекетпен жер теліміне табысталған құқығының болуы (болмауы) есептеледі.Азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер жергілікті атқарушы органның жер телімін беру туралы шешімдер қабылдау және қорытынды дайындау үшін жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияға республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) уәкілетті органымен беріледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері жеке тұрғын үй құрылысы үшін оларды арнайы ақпараттық стендтерге орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бір тоқсаннан кешіктірмей жариялау арқылы жер телімдерін алуға кезектілік тізімі туралы және ауданын бөліп беру үшін дайындау туралы ақпаратқа қол жеткізуге қамтамасыз етуге міндетті.
Жер телімін беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жер комиссиясы жер телімін беру туралы өтініштің жалпы тізімдегі кезекті нөмірін көрсете отырып, арнайы есепке алынғандығы жөнінде қорытынды береді. Өтінуші осы хабарламаны комиссия қорытындысы шыққан күннен бастап жеті күн ішінде алу керек.
Жер телімін беруден бас тарту дәлелді болуы тиіс, ал оның көшірмесі қабылданған күннен кейін жеті күн ішінде тапсырылуы керек.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2007 жылдың 25 қазанына жеке тұрғын үй құрылысына 5184 жер телімі, оның 520 жер телімін жас жанұяларға; 156 жер телімін мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, 129 жер телімдерін мемлекеттік кәсіпорындардың, әлеуметтік саланың қызметкерлеріне берілген. Жеке тұрғын үй құрылысына қала және аудан тілмесіндегі жерлерді беру №2 кестеде келтірілген.
-шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:
Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – жеке меншік құқығымен немесе 49 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығымен жүргізу үшін (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.
Жер еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжрибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кенте тұратын азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімін алуға басым құқықты пайдаланады.
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:
-
Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерімен қол қойылған, шаруа немесе фермер қожалығының тізімі;
-
Басқа жер телімінің болуы (болмауы) туралы анықтама;
-
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бағдарламасы;
Шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар қажет;
Жер телімдерін беру нормалары (Қазақстан Республикасының жер кодексінің 50-бабы)
Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөліп берудің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар бойынша не сәулет – қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.
Жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:
-
Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық үй маңындағы және егістік телімдері қоса алғанда жүргізу үшін – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;
-
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін –0,10 гектар ;
-
Ба?банды?, сондай-а? саяжай ??рылысы ?шін –0,12 гектар.
Жер телімдерінің аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.
Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер тері осы аталған мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде біртұтас алқап болып беріледі.
Жер теліміне құқық рәсімдеу үшін табысталатын, құжаттарды қабылдаудан бас тарту
Жер теліміне құқық рәсімдеу үшін табысталатын, құжаттарды қабылдаудан бас тарту, төмендегі негізде жасалады:
-
өтініш нысаны дұрыс толтырылмағанда (құжатта қосып жазу, сызылған, түзетілген, сондай-ақ қарандашпен жазылған сөздер болмауы керек);
-
?тінушімен толы? емес ??жаттар пакеті табыстал?анда;
-
заңнама талабына сай жасалмаған құжаттарды табыстағанда;
-
құжатта қажетті қол қойылмаған және мөр басылмағанда;
-
құжатты толтыруға қойылатын талаптардың бұзылғаны кезде;
Өтінішті қабылдаған кезде заңнамада көрсетілмеген, басқа құжаттарды және мәліметтерді талап етуге тыйым салынған. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Сізге себебін көрсететін жазбаша түрде жауап қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |