"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата30.06.2016
өлшемі284.62 Kb.
#168157
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
N 31/01 қаулысымен
бекітілген

"Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес әзірленді.


      2. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі - жоба) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты уәкiлеттi органда алуға болады, оның мекенжайы және жұмыс кестесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 7 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      9. Осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
      Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.
      Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
      10. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті жобаны бекіту туралы өтінішті береді;
      2) уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушы ұсынған өтінішті тіркеуді, қарауды жүзеге асырады, жобаны не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындайды, мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесін жолдайды.
      11. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар саны ең аз дегенде бiр қызметкер құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Құжаттардың қабылдануы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, мекенжайлар бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.


      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
      осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
      тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;
      жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардың координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
      жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
      мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлғаларға;
      2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
      осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
      мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының сәйкестігі (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардың координаттары) бөлігінде келісілген жерге орналастыру жобасы;
      жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі (қажет болғанда);
      мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі, заңды тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
      Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
      Өтініш бланкілері мекенжайлары және телефондары осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісiнде келесі құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) қатысады:
      1) уәкiлеттi органның кеңсесi;
      2) уәкiлеттi органның басшылығы;
      3) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.
      15. Әрбiр әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбір ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимыл (рәсiмнiң) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндiк кестелік сипаттамасы осы Регламенттiң 3-қосымшада келтiрiлген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.



"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша
уәкілетті органдар

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

"Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-56-61-89

uzo_kanc@krg.gov.kz

"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Бульвар Мира көшесі, 39

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-78-55-34

bota_kuku@mail.ru

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-36-4-10-59

blh_ozo@mail.ru

"Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 1

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-2-73-30-12

sutbayalice@mail.ru

"Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, Сарытоқа көшесі, 1

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-32-2-63-99

arh_karazal@mail.ru

"Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 9/2

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-39-5-32-48

prio_zo@krg.gov.kz

"Сәтпаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 108

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-63-3-84-69

dosbol.kz@mail.ru

"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-37-4-44-03

info@ozosaran.kz

"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, 6-ықшам ауданы, 14 үй

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-3-93-11-10

zemkom-temirtau@mail.ru

"Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Абай көшесі, 50

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-56-5-57-55

iks.2@mail.ru

"Абай қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы, Энгельс көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-31-4-16-43

zemelnoe@mail.ru

"Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесі, 4

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-37-2-12-92

Zem.kom.aktogai@mail.ru

"Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 50 А

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-54-2-18-32

bukarfarkad@topmail.

"Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 2

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-30-2-89-40

zher_zhanaarka@mail.ru

"Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 23

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-46-3-14-04

diko_111@mail.ru

"Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті, Сейфуллин көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-44-2-10-94

Zem.nura@mail.ru

"Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Осакаров кенті, Новая көшесі, 33

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-49-4-20-84

dika_30@mail.ru

"Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ұлытау кенті, Абай көшесі, 27

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-35-2-13-22

zem_kom@mail.ru

"Шет ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 26

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-31-2-12-70

Altynai_erzhanova-2011@mail.ru

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

______________________________________


(уәкілетті органның атауы)
жер қатынастары бойынша
уәкілетті органның бастығы
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын
______________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
______________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге
орналастыру жобаларын бекiтуге өтініш

Жерге орналастыру жобасын құрастырушы - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы

Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Жерге орналастыру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

Жер учаскесінің сұралу мақсаты және алаңы, га

Жерге орналастыру жобасының данасының саны

1

2

3

4

5

6













      Жерге орналастыру жобасы әзірленді: мемлекет жер учаскесіне
жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер
учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісін
сызу)

      Күні __________    Өтініш беруші ______________________________


                                        (жеке немесе заңды тұлғаның
                                        не уәкілетті тұлғаның тегі,
                                        аты, әкесінің аты, қолы)
                                       ______________________________

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі


жерге орналастыру жобаларын бекiту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Әкiмшiлiк iс-қимылдар (рәсiмдер) дәйектілігі мен
өзара іс-қимылының сипаттамасы

      1-кесте. ҚФБ iс-қимылдарының сипаттамасы



Негiзгi үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) iс-қимылдары

Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкiлеттi органның басшылығы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты орындаушыны анықтау

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Қарар қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жiберу

Орындау мерзiмдерi

30 минут

30 минут



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

3

ҚФБ атауы

Жауапты орындаушы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, жобаны не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты әзірлеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Құжаттар мен материалдарды басшылыққа беру

Орындау мерзiмдерi

6 жұмыс күннің ішінде,

Келесi iс-қимылдың нөмiрi

4



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

4

5

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

Iс-қимылдың (үдерістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабармен танысу

Мемлекеттік қызмет алушыға бекітілген жобаны не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты беру

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Жобаға не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою

Мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну журналында қол қоюы

Орындау мерзiмдерi

30 минут

30 минут

      2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

ҚФБ 3-тобы
Уәкiлеттi органның басшылығы

N 1 іс-қимыл
Өтінішті қабылдау, тіркеу, қолхат беру өтінішті уәкілетті органның басшылығына жiберу



N 2 іс-қимыл
Қарар қою, орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу



N 3 іс-қимыл
Өтінішті қарау, басшылыққа жолдау үшін құжаттарды дайындау





N 4 іс-қимыл
Құжаттарды тексеру

N 5 іс-қимыл
Жобаға не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою



N 6 іс-қимыл
Жобаны елтаңбалық мөрімен растау, беру кітабына тіркеу



N 7 іс-қимыл
Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет