-
Жер учаскелерін берудің жалпы тәртібі қандай?
-
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;
2) мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау);
3) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешім қабылдауы;
5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
6) жер учаскесiне құқығын куәләндіратын құжаттарын дайындау және беру;
7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш екі апталық мерзiмде қаралады.
-
Жер учаскесін алуға кімнің құқығы бар?
-
Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға табысталады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
-
-
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беруге кімнің құқығы бар?
-
Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.
-
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алуға қандай құжаттар қажет?
-
шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерімен қол қойылған, шаруа (фермер) қожалығының тізімі;
-
басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) туралы анықтама;
-
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бағдарламасы;
-
шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар қажет.
Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін қожалық серіктестікке, өндірістік кооперативке қатысушылардың (мүшелерінің) құрамынан шыққан кезде, сондай-ақ бөлінген жер учаскесінің орналасқан жері және оның жер үлесінің мөлшері көрсетілген барлық қатысып отырған қатысушылардың (мүшелердің) немесе олардың өкілдерінің қолы қойылған ауыл шаруашылық ұйымның қатысушыларының немесе олардың өкілдерінің жиналысы хаттамасының көшірмесі беріледі.
-
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесі қандай мерзімге беріледі?
-
Көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жалға беру жағдайында 49 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.
-
Оралмандарға жер учаскелерiн берудің тәртібі қандай?
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 46-бабына сәйкес, оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға оралманмен жер телімін беру туралы өтінішті тапсырылған кезде:
-
жер телімін пайдалану мақсаты;
-
оның болжамды мөлшері;
-
орналасқан жері;
-
Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы сұралып отырған пайдалану құқығы;
-
өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін – басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс;
Берілген жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда олардың жеке меншігіне өтеді.
-
Объектілер құрылысы үшін жер учаскелері қалай беріледі? Берудің жеке тәртібі бар ма?
-
Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
- Объектілер құрылысы үшін жер учаскесін алуға қандай құжаттар қажет?
- Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматысыз және жер учаскесін алуға мүдделі болсаңыз, сізге жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға жер учаскесін беру туралы өтініш беру керек.
Өтініште:
- жер учаскесін пайдалану мақсаты;
- оның болжамды мөлшері;
- орналасқан жерін (сұралған жер учаскенің болжамды орналасқан жері) көрсету керек.
Өтінішке келесі құжаттар және жер учаскесінің пайдалану мақсатына байланысты олардың көшірмесі қоса ұсынылады:
- жеке басының куәлігі;
- жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің куәлігі (СТТН);
- Объектілер құрылысы үшін жер учаскесін берудің тәртібі қандай?
- жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдармен құрылған арнаулы комиссиялар жүзеге асырады;
- объект салу үшін жер учаскесін таңдау нәтижелері уәкілетті органмен жер учаскелерін таңдау туралы актімен ресімделеді, жер учаскесінің шекара жобасы Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес қарауға және қорытынды дайындау үшін комиссияға беріледі;
Құрылыс объектісін орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшірілуге тиісті (соның ішінде жерді бөліп беру кезінде өнеркәсіп орындарының санитарлық-қорғау аймағына кіретін) тұрғын үйлер, басқа да ғтмараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда, тапсырыс беруші шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлікке меншік иелерінің әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.
- комиссияның қорытындысы негізінде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзірленеді.
- жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскесі орналасқан жердегі уәкілетті органы жерге тиісті құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды;
- өтінуші немесе оның сенім білдірген тұлғасы жер учаскесін бөліп беруге талап етілетін келісімдерді өз бетімен қамтамасыз етеді;
- жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелері орналасқан жерде уәкілетті орган жерге тиісті құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды.
- Жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасын кім дайындайды?
- жерге орналастыру жобаларын дайындаумен РҚ «Мемжерғылөнорталығы» ЕМК және оның филиалдары, сондай-ақ жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар айналысады. Лицензиаттардың тізімін және олардың координаттарын ШҚО жер қатынастары басқармасының www.uzovko.gov.kz мекен-жайы бойынша арнайы сайттан табуға болады.
- Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге кім лицензия ала алады?
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574 «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес лицензия алу үшін анықталған біліктілік талаптарына сай болуы қажет, сондай-ақ толық тізімін Басқарманың сайтынан қарауға болады.
«ШҚО жер қатынастары
басқармасы» ММ-нің бастығы Төлеубеков Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |