«Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы
29 маусымдағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы
29 маусымдағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11821 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту.»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың
2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
« » 2015 жыл
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы «___» ________
№___ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 маусымдағы № 466 бұйрығымен бекітілді
Жергілікті атқарушы органдардың 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
р/р
№
|
Жергілікті атқарушы орган
|
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
|
|
ЖАО МЖӘ ММ лимиті
|
Қабылдау лимиті
|
ЖАО МЖӘ ММ лимиті
|
Қабылдау лимиті
|
ЖАО МЖӘ ММ лимиті
|
Қабылдау лимиті
|
1
|
Ақмола облысы
|
9 835 872
|
9 334 216
|
10 848 266
|
10 346 611
|
11 406 628
|
10 904 973
|
2
|
Ақтөбе облысы
|
17 862 459
|
17 862 459
|
21 113 644
|
21 113 644
|
20 721 222
|
20 721 222
|
3
|
Алматы облысы
|
23 856 532
|
23 856 532
|
27 651 583
|
27 651 583
|
30 910 832
|
30 910 832
|
4
|
Атырау облысы
|
16 694 853
|
16 694 853
|
17 267 904
|
17 267 904
|
16 819 713
|
16 819 713
|
5
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
16 122 423
|
16 122 423
|
17 951 040
|
17 951 040
|
19 973 984
|
19 973 984
|
6
|
Жамбыл облысы
|
7 719 437
|
7 719 437
|
8 162 831
|
8 162 831
|
8 341 749
|
8 341 749
|
7
|
Батыс Қазақстан облысы
|
10 637 750
|
10 637 750
|
10 677 011
|
10 677 011
|
11 404 672
|
11 404 672
|
8
|
Қарағанды облысы
|
23 127 513
|
23 127 513
|
28 109 160
|
28 109 160
|
29 294 549
|
29 294 549
|
9
|
Қызылорда облысы
|
7 747 661
|
7 747 661
|
8 728 640
|
8 728 640
|
8 746 222
|
8 746 222
|
10
|
Қостанай облысы
|
11 517 670
|
11 232 870
|
12 586 214
|
12 301 414
|
12 875 778
|
12 590 978
|
11
|
Маңғыстау облысы
|
17 274 901
|
17 274 901
|
6 994 112
|
6 994 112
|
8 053 666
|
8 053 666
|
12
|
Павлодар облысы
|
16 924 837
|
16 924 837
|
17 842 474
|
17 842 474
|
19 240 527
|
19 240 527
|
13
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
6 142 852
|
4 434 712
|
6 481 594
|
4 773 453
|
6 930 348
|
5 222 208
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
15 336 907
|
15 336 907
|
16 970 777
|
16 970 777
|
17 431 693
|
17 431 693
|
15
|
Алматы қаласы
|
44 692 793
|
31 692 793
|
46 420 026
|
46 420 026
|
47 000 000
|
47 000 000
|
16
|
Астана қаласы
|
30 497 853
|
30 497 853
|
30 301 151
|
30 301 151
|
31 104 622
|
31 104 622
|
|
Барлығы:
|
275 992 313
|
260 497 717
|
288 106 426
|
285 611 829
|
300 256 203
|
297 761 606
|
Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер
Достарыңызбен бөлісу: |