«Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы



Дата25.02.2016
өлшемі58.5 Kb.
#20074
ЖОБА


«Жергілікті маңызы бар Тарих

және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы

25 сәуірдегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу туралы




«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 5-бабына, 18-бабының 18) тармақшасына, «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10992) бұйрығына, тарихи-мәдени мұра нысандарын жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. «Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2484, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) «Дидар», 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын;

мемлекеттік тілдегі 62, 194, 257, 259, 283, 290, 422, 466, 470, 474, 529, 534, 539, 553, 556, 572 тармақтары, орыс тіліндегі 62, 194, 258, 260, 284, 291, 423, 467, 471, 475, 529, 534, 539, 553, 556, 572 тармақтары алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д. Ахметов
«Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасының толық мәтіні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми http://www.akimvko.gov.kz/ сайтында орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2015 жылғы «____»___________

№ _____ қаулысына

қосымша






Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

Өскемен қаласы


1

М. Шиляевтың арнайы жобасы бойынша салынған кәсіпкер
М. Шиляевтың үйі, 1904 жыл


қала құрылысы және сәулет

М. Горький көшесі, 68

2

Жазушы П.П. Бажов тұрған үй,

XX ғасырдың басы



қала құрылысы және сәулет

«Жастар» саябағы (бұрынғы Киров атындағы саябақ)

3

К.Н. Бруснецовтың бейіті, 1936 жыл

қала құрылысы және сәулет

Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына қарай трасса бойында

4

И.И. Манаповтың бейіті, 1919 жыл

қала құрылысы және сәулет

Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына барар трассаның бойында

5

Көпес үйі, XIX-XX ғасырлар қарсаңы

қала құрылысы және сәулет

Киров көшесі, 61

6

Қалалық монша, ХХ ғасырдың 50-жылдары

қала құрылысы және сәулет

Белинский көшесі, 7

Семей қаласы


7

«Евразия-Банк» ғимараты (бұрынғы Абай атындағы мәдениет училищесі), XIX ғасырдың екінші жартысы

қала құрылысы және сәулет

Ибраев көшесі, 153

Бесқарағай ауданы


8

Әулие Николайдың православие ауылдық храмы, 1900-1901 жылдар

қала құрылысы және сәулет

Долонь аулының шығыс жақ шеті

Жарма ауданы


9

Покров православие ауылдық храмы, XIX ғасырдың соңы


қала құрылысы және сәулет

Қаражал ауылы

Катонқарағай ауданы


10

Покров православие ауылдық храмының қираған үйінділері (Оңтүстік - Батыс майданы әскери кеңесінің мүшесі Рыков оқыған бұрынғы мектеп), XIX ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет


Катонқарағай ауылы (Алтай станицасының ауданы)

11

С. Торайғыров мұғалім болып жұмыс істеген мектеп ғимараты, 1907 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шыңғыстай ауылы, оңтүстік-шығыс шет

Көкпекті ауданы


12

Әулие Николай православие ауылдық храмының қираған үйінділері, XIX ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет


Үлкен Бөкен ауылы

13

Миссионерлік мектеп ғимараты, XIX ғасырдың соңы

қала құрылысы және сәулет

Преображенка ауылы

Тарбағатай ауданы


14

Аңдамас мешіті, XIX ғасырдың ортасы - соңы

қала құрылысы және сәулет

Қызыл Жұлдыз ауылы, ауыл орталығында



15

Жамбыл бюсті, 1985 жыл


қала құрылысы және сәулет

Жамбыл ауылы, мектеп ғимаратының алдында

16

Шекарашы К. Лучко ескерткіші, 1930 жыл

қала құрылысы және сәулет

Маңырақ ауылы, ауылдың орталығында


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет