Жиекқұм филиал кітапханасы



Дата26.02.2016
өлшемі16.23 Kb.
#27276
Жиекқұм филиал кітапханасы
Жиекқұм ауылы бұрын Большевик ауылы Жәнібек ауданына қараған болса, қазір Жиекқұм ауылы Бөкейордасы ауданына қарайды. 1955 жылы Большевикте қызыл отау ашылып оған Кенжеғалиев Мұстақ, кейін 1957 жылы Кәкимова Мадения, 1959 жылы Оразова Базарғаным кітапханашы болып жұмыс істеген.

Оразова Базарғаным 1959-1974 жылға дейін Жиекқұм ауылында кітапханашы болған. Кітапханада жұмыс істеп жүріп 1962 жылы Ақтөбенің мәдени ағарту училещесіне сырттай оқуға түсіп, 1964 жылы бітірген. Ол кезде кітапхана орын болмағандықтан клубтың сахнасына орналасқан.

Бірнеше рет «Үздік кітапханашы» вымпелін жеңіп алған. Бірнеше мәрте СССР және Қазақ ССР құрмет грамоталарымен марапатталған. 1979 жылы Еңбек ардагері медалын алған, қазір зейнеткер облысқа, ауданға танымал кітапханшы болған. 1974 жылы Құбиева Ақлима жұмыс жасады.

1975 жылдың желтоқсан айынан бастап Жиекқұм ауылдық кітапханасында Фазылова Дархан жұмыс жасап келеді.


Осы салада жұмыс жасағанына 33 жыл толып отыр

Облысымыздың мәдениетінің өркендеп даму саласында, халыққа мәдени қызмет көрсету қол жеткен жетістіктері мен табыстары үшін аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесіне орай, елеулі еңбегі үшін Бисен селолық округінің әкімі Қ.С.Саматовтан марапаттау қағазын алды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет