«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру»



Дата23.02.2016
өлшемі94.47 Kb.
#10950


Жоба
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен


бекітілді

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) жұмыс күні;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – 4 жыл мерзiмге жергілікті спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда келесі жұмыс күнде жүзеге асырады).

9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;



құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;



дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидалары;

төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай-күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасы;



аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде жергілікті спорт федерациясы өткізген жарыстар хаттамаларының көшірмелері.

Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады.

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;



құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;



дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидалары құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай-күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасы құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;



аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде жергілікті спорт федерациясы өткізген жарыстар хаттамаларының көшірмелері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, жергілікті спорттық федерацияны тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.

10. Мыналар:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттарды ұсынбау;

2) куәлік алу үшін спорт федерациясы ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмалаған ақпараттың болуы;

3) спорт федерациясының Қазақстан Республикасының заңнамасында аккредиттелген спорт федерацияларына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;

4) келесі аккредиттеу кезінде бұрынғы мерзімде спорт түрін (түрлерін) дамыту бағдарламасын орындамауы;

5) аккредиттеуді қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтарды спорт федерациясының жоймауы (бұған дейін аккредиттеу қайтарып алынған спорт федерациясы аккредиттеу туралы өтініш берген жағдайда);

6) аккредиттеу туралы өтініш берген спорт федерациясы сияқты спорт түрін(түрлерін) дамытуды жүзеге асыратын аккредиттелген спорт федерациясының болуы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде, порталда – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде хабарланады.

Шағым сондай-ақ www.1414.kz мекенжайы бойынша портал форумы арқылы беріледі.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.


4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметте алуға болады.
__________________

«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан
Кiмге ________________________________________

______________________________________________

(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi ______________________________________________ және (немесе) жергілікті атқарушы орган

______________________________________________

басшысының лауазымы,тегі, аты, ______________________________________________

әкесінің аты (бар болса))
Кiмнен ______________________________________

(Спорт федерациясы басшысының немесе ______________________________________________

өкiлiнiң тегі, аты,  әкесінің аты (бар болса))

______________________________________________

______________________________________________

(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)



Спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік немес жергіліктіспорт федерацияларын аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлік беруге
ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________


(спорт федерациясының атауы
___________________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк берудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________

7) ____________________________________________________________

8)_____________________________________________________________

9)_____________________________________________________________

10)____________________________________________________________
М.О. ___________        _____________________________________
       (қолы)                   (тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ ж. «___» ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ ж. «___» _____________

Тiркеу нөмiрi ___________________________________

_______________________________________________________________
    (жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________


20 __ жылғы «___ »_________________
____________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет