Жетекші: Мақсатов н р. Алматы 2018 «Қазақстан республикасындағы мұрагерлік қҰҚЫҚТЫҢ аспектелері, теориялық ЖӘне тәжірибелік маңызы»


Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік



бет7/8
Дата14.03.2024
өлшемі415.96 Kb.
#495517
1   2   3   4   5   6   7   8
1859-2

4 Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік
Халықаралық мұрагерлік құқық бойынша қатынастар, мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаған болса, бұндай жағдайда мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталған. Сондай-ақ адамның өсиет жасауға және оның күшін жою актісінің нысаны, мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталған. Алайда өсиет немесе оның күшін жою, егер соңғысы акт жасалған жердің талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмаған.
Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегі елдің құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген мүлік - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталған. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталған.
Мұрагерлік қатнастарда әр түрлі коллезиялар туындайды, ал ол әртүрлі мемелекеттердің мұаргерлік қатнастары саласындағы заңдардың әр түрлі болуына байланысты. Мысалы: заң бойынша мұрагер болуына кезектер Қазақстанда алтау болса, өзге мемелекеттерде одан көп немесе аз болуы мүмкін.
Өсиет бойынша мұрагер болуда әр мемелекеттің заңдары әр түрлі болады. Ол өсиетке қойылған нысанасына байланысты. Көп мемелекеттерде өсиет жазбаша натариялды түрде жасалады, бұл талаптар орындалмаса ол жарамсыз болып табылады.
Кейбір мемелекеттерде алографиялық нысанда жасалатын өсиеттер болады, яғни өсиет қалдырушының өзінің қолымен жасалған.
5 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерлік құқық жөніндегі тәжірибе
Мұрагерлік құқықтық қатынастарға байланысты істерді қараудың сот практикасына жүргізілген қорыту республика соттарының мұрагерлік құқық нормаларын негізінен дұрыс қолданатынын көрсетті.
Сонымен қатар, сот практикасын зерделеу барысында белгілі бір мәселені шешу кезінде материалдық құқық нормаларының әр түрлі қолданылатыны да анықталды.
Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет.
Кей жағдайда азамат өзінің тұрақты тұратын мекенінен жырақта, мысалы, емдеу орнында, ауруханада немесе басқа жерде қайтыс болуы мүмкін.
Мұрагердiң мұра қалдырушыны қасақана өлтiруі мұрагердi мұрагерлiктен шеттету үшін жеткіліксіз болады, бұл туралы соттың шешімі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет