«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата11.07.2016
өлшемі116 Kb.
#190268


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы

қаулысымен

бекітілді




«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы мен аудандардың білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-әрекет тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-әрекетті бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 (он) минут ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтиже: көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды және оған көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдайды.

Нәтиже: көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдауы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, 10 (он) жұмыс күн ішінде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды.

Нәтиже: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде шешімге қол қояды.

Нәтиже: көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 (он) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Нәтиже: көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 (он) минут ішінде құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде құжаттармен танысады, бұрыштама қояды және жауапты орындаушыны белгілейді. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, 10 (он) жұмыс күн ішінде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 5 (бес) минут ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға дайын нәтижені береді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Жетім баланы және (немесе)

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы асырап алуға

байланысты біржолғы

ақшалай төлемді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің

анықтамалығы


скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 11

скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 15autoshape 94скругленный прямоугольник 17
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (10 (он) минут ішінде)


autoshape 121
Құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды жолдайды

(5 (бес) минут ішінде)



autoshape 118
Келіп түскен құжаттарды қарайды, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды.

(10 (он) жұмыс күн ішінде)





autoshape 77autoshape 77

autoshape 119


Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді

(10 (он) минут ішінде)



Шешімге қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды

(5 (бес) минут ішінде)





autoshape 104

ҚБФ - құрылымдық-функционалдық бірлік;



autoshape 101

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


-


көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;


-autoshape 81 келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет