§2. Кəмелетке толмағандарға жаза тағайындау
Қылмыстық заң кəмелетке толмағандарға жаза тағайындау кезiнде соттарды ҚК-ң 52-бабындағы жаза
тағайындаудың жалпы негiздерiмен бiрге кəмелетке толмағандардың тұрмыс жəне тəрбие алу жағдайларын
(отбасындағы сəтсiз жағдай, ата-ананың дөрекiлiкпен, қатыгездiкпен қарауы жəне т.б.), психикалық даму
деңгейiн, жеке басының ерекшелiктерiн, қылмыс жасаудың себептерiн, жасөспiрiмге ересек адамдардың
əсерiн ескерудi мiндеттейдi.
Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе оған жаза тағайындау туралы
мəселелердi дұрыс шешу үшiн кəмелетке толмағандардың иланушылығы, ашушаңдығы, тəуелдiлiгi, сөзге,
қиялға, бастамашылыққа бейiмдiлiгi сияқты жеке басының өзiндiк қасиеттерiн де анықтап алу қажет. Бұл
мақсатта оны тəрбиелеп отырған адамдардан жəне басқа қатысты адамдардан жауап алып, оның
денсаулығына жəне санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып, оның жеке басының
құжаттарын (күнделiктер, жазбалар, хаттар, аудио жазбалар жəне т.б.) зерттеген жөн.
Кəмелетке толмағанның ақыл-есiнiң артта қалуы туралы жорамалға негiз болатын мəлiметтер болған
жағдайда, оның психикалық жетiлуiн анықтау үшiн мiндеттi түрде кешендi психологиялық-психиатриялық
сараптама тағайындалады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде осындай психикалық дамуы
жағынан артта қалуы кəмелетке толмағанға жаза тағайындағанда ескерiлуi қажет.
ҚК-ң 53-бабына сəйкес айыптының кəмелет жасқа толмауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны
жеңiлдететiн мəн-жай болып табылады. Ол басқа да жеңiлдетушi мəн-жайлардың жиынтығымен ескерiлуi
мүмкiн.
Кəмелетке толмағанға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын оның түзелуi мен қайта тəрбиеленуi
қоғамнан шеттетусiз мүмкiн болмаған жағдайға ғана тағайындау қажет екендiгiн айту қажет. Егер оған бас
бостандығынан айыру жазасы ҚК-ң 53- бабының 4-бөлiгiнде жəне 56-бабының 2-3 бөлiктерiнде
көрсетiлген ережелер ескерiле отырып тағайындалса, онда жазаның неғұрлым ауыр түрi мерзiмiнiң немесе
мөлшерiнiң жартысы жəне төрттен үш бөлiгi тиiсiнше кəмелетке толмағанға аяқталған қылмыс үшiн
тағайындалуы мүмкiн бас бостандығынан айыру жазасы 10 немесе 12 жылдан бастап есептелуi тиiс.
Егер адам бiрнеше қылмыс жасап, олардың бiрi 18 жасқа толмағанша, ал басқалары кəмелетке толғаннан
кейiн жасалса, сот жазаны қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындаған кезде ҚК-нiң 79-бабының
талаптарын ескере отырып, əуелi он сегiз жасқа дейiн жасаған қылмыстары үшiн, ал содан соң кəмелетке
толғаннан кейiн жасаған қылмыстары үшiн жаза тағайындап, түпкiлiктi жазаны ҚК-нiң 58-бабының
ережелерi бойынша тағайындалады.
|