Тақырып 1. Қозғалмалы ойындар туралы негізгі түсініктер.
Сұрақнама
Қозғалмалы ойындардың жіктелу үлгісін құру.
Ойын – салыстырмалы түрде алып қарағанда, балалар мен ересек адамдардың дербес іс-әрекеті. Ол адамдардың демалу, сауығу және танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, рухани дамуына ықпал етеді.
Ойын кезінде қандайда-бір мақсатқа жетуде, ойын барысында кезігетін қиындықтар мен кедергілерді жеңудің түрлі амалдарын таңдауға көп
мүмкіндік бар. Эмоцияның, шығармашылық қасиеттердің, белсенділіктің және құлшыныстың жарқын көрінуі, ойынға тән қасиет.
Ойын – қоғам тарихындағы және адам өміріндегі әлеуметтік құбылыс. Қоғам тарихында ойын, қоғамдық-еңбек және қоғамдық-танымдық іс-әрекеттен, дербес практика түріне ақырындап бөлініп шықты. Қимыл-қозғалыстардан құрылған ойындардың дамуы, адамдардың өсіп келе жатқан буынға өмірде қажетті біліктілік пен дағдыны олардың бойларына сіңіру қажеттілігімен негізделді. Ойындарды тәрбиелеу мақсатында қолдану, әрқашанда адамдардың өмір сүру образымен анықталып, олардың психикалық ерекшеліктерін, тәрбиелеу жүйесін, мәдениет деңгейін кескіндейді.
Қозғалыс ойындары ұлттық мәдениетті тәрбиелейді. Қозғалыс ойындарына тән спорт жарыстарына негіз болатын жан-жақты қозғалыс әрекеті барынша пайдалы және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның ақыл-ой қозғалыс аясын дұрыс дамытуға өте қажет. Сондықтан қозғалыс ойындары - өскелең ағзаны толық дамыту құралы ғана емес, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорт әлеміне кең ашылған қақпа тәріздес.
Оның қолданылу аясы шексіз. Дене тәрбиесінің басқа құралдарына қарағанда балалық шақтың алғашқы сәттерінен бастап-ақ және жасөспірім кезде ойындарға үлкен мән беріледі. Бұл түсінікті де, себебі ойындық қозғалыс әрекетінің шынайы бағасын жан-жақты ұғынып, дұрыс бағалау өте қиын.
Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Ойын ойнау ойыншылардың қимыл және психикалық әрекетіне бірдей ықпал етеді. Үнемі өзгеріп отыратын ойын жағдайларына лайық мінез-құлқын сайлау, бақылау мен реттеу барысында танымдық сананы кең кірістіруді қажет етеді. Нәтижесінде жүйке әрекеттерінің күші мен қозғалмалылығы артады, ағзаның барлық жүйе әрекеттерін, бастағы ми қыртыстары және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеу қызметі жетілдіріледі.
Бұған қоса ойын әрекеті қимылының көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді. Оған тірек-қимыл аппаратының үйлесімді дамуына ықпал ететін барлық бұлшықет топтары қатыстырылады.
Ойын шарттарының өзгермелелігі үйренген қимылдарын жаңа жағдайға үнемі лайықтап отыруды талап етеді. Сондықтан қимыл дағдылары икемді, әрі иілгіш болып қалыптасады. Ептілік жетілдіріліп, алдын ала меңгергендерінен жаңаша қимыл тудыру қабілеті дамиды.
Жарыс шарттары қатысушылардан барынша үлкен дене ширығуын талап етеді. Демалыс үзілістерімен шағын қысымдық әрекеттердің барынша қарқынды сәттерінің кезектесіп келуі ойыншылардан үлкен жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Жүктеменің кезектесіп келу сипаты өскелең ағзаның физиологиялық жағдайының жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Сондықтан қан айналым мен тыныс алу жүйесінің қызметін жетілдіруге жақсы әсер етеді.
Ойынның маңызы оларды табиғи жағдайларда кең қолдану мүмкіндігіне орай арта түседі. Шаңғы тебу, орманда, суда, конькимен және т.б. ойындар – денсаулықты нығайту мен шыңдаудың тамаша құралы.
Табиғи факторларды толық пайдалану әсіресе жас ағзаның дамуы мен өсу кезеңінде өте маңызды.
Терең және жан-жақты ықпал ету ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қайталанбас құрал етеді. Ойынды белгіленген жүйемен және басқа да құралдармен үйлестіре пайдалану қоғамдық ортаны құруға қажетті мінез-құлықты тәрбиелеуде жоғары ықпал етеді.
А.М.Горькийдің пікірімен айтсақ, ойын бұл «балалардың өздері өмір сүретін және өзгертуге құқылы әлемді тану жолы».
Орыстың педагогикалық ойшылдары ойынға ертеден-ақ қызығушылық танытты. Ойынды халыққа білім беруде пайдаланудың ілімі мен іс-тәжірибесін дамытуға Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский, Д.И.Писарев тәрізді белгілі қайраткерлер үлкен үлес қосты. Олар халықтық ойындарды жоғары бағалап, ондағы жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін тәрбиелеудегі мықты құрал екенін айтты. Көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский де осы пікірді қолдады. Ол оқытудың ойынмен үйлестірілуін кең қолданудың мағыздылығын алға тартты.
Бұл ой-пікірді бұдан кейін көрнекті ғалым П.Ф.Лесгафт одан әрі дамытып, ғылыми негізделген жүйеге ендірді. Ойынға дене тәрбиесінің негізгі құралы ретінде алғашқы ілімдік негіздеме берді. Ол ойынды баланың өмірге қадам басуындағы дайындық жаттығуы деп есептеді.
П.Ф.Лесгафт ойыншылардан саналы іс-әрекет пен өз қимылын басқара білуді талап ететін ойынның сапалық ерекшеліктеріне баса назар аударды. Ойыншыларға қойылатын талап мінез-құлықты қалыптастырады. П.Ф.Лесгафтың пікірінше, бұның барлығы шығармашылық ойы бар жеке тұлғаның үйлесімді дамуын тәрбиелеуге көмектеседі.
П.Ф.Лесгафт көптеген ойын түрлерін жинақтап, жүйелеп, жіктеді. Ол оны оқытудың тиімді әдістемесін құрды, оның негізінде ойнаушылардың белсенділігі мен дербестігі қамтылды. Ойын өзінен өзі тәрбиелей алмайтынын ұғынған Лесгафт басқарушы-педагогқа үлкен қызмет артты: «Ойынды жүргізу жеңіл көрінгенімен ол өте қиын іс және өз деңгейінде тұра алатын басқарушыны өте сирек кездестіруге болады».
П.Ф.Лесгафттың еңбектері кеңестік дене тәрбиесінің даму жүйесіне, әсіресе, ойын ілімі мен әдістемесінің негізін қалауға үлес қосты. Қазіргі кезде де оның идеялары өзінің негізгі деңгейін жоғалтқан жоқ.
Бұдан кейінгі жылдары бұл идеяны көптеген ғалымдар дамыта жалғастырды. И.М.Сеченов өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде сәбидің ойыны мен ойлау қабілетінің қалыптасуы, сыртқы дүниені танудың қалыптасуы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. Е.А.Покровский ойындар «тек сыртқы дене күшін дамытып және нығайтып қоймай, сонымен қатар ақыл-ойдың қалыптасуына да» көмектесетінін атап көрсетті. Сондықтан, олар мектеп оқушысының күн тәртібінде маңызды «педиатрияның жеке саласы ретінде оқуы тиіс» деп есептеді.
Бірінші кезекте, В.В.Пориневский, В.Г.Марц, Г.Г.Дюпперон, В.Г.Яковлев, М.В.Лейкина тәрізді кеңес ғалымдары ғылыми негізделген ойын ілімі мен әдістемесін құрудың қарқындылығы ерекше. Солардың жұмыстары арқылы қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дене тәрбиесі және олардың анатомиялы-физиологиялық және психикалық дамуы ерекшеліктеріне сәйкес әрі лайық құрал ретінде толық мойындалды.
Ойындардың тәрбиелік маңызы Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко еңбектерінде анық көрініс тапты. Ойынның басты құндылығы мен оның арнайы ерекшелігі оның ұжымдық іс-әрекетті танытып, қоғамдық қарым-қатынасқа үйрететінінде жатыр.
Н.К.Крупскаяның пікірінше, мектеп балаға ойын үшін өте аз уақыт бөліп, баланы ересек адам етуге асығады. Ол «ойынның ұйымдастырушылық ролін дұрыс бағаламайды» деді.
Балаларды өте үлгілі бастамашыл, нағыз ұжымшыл етіп тәрбиелеу үшін ойындарды кең қолдану қажет. Біріккен іс-әрекет өзіңді тануға, бір-біріңді түсінуге көмектесіп, балалар арасындағы достастықты нығайтады. Н.К.Крупская балалардың өзіндік ойындарын әсіресе жоғары бағалады. Онда бала «жағдайды таразылауға», бүкіл ұжым үшін атқаруға бағындыруға үйренеді.
Н.К.Крупская ойынды таңдауға үлкен мән берді. Оның ойынша қоғамға кері әсерін тигізетін ойындар бар және сонымен қатар белсенділік пен бастамашылықты, жолдастарын құрметтеу мен саналы тәртіпке тәрбиелеуге көмектесетін ойындар бар. Тәрбиелік әсердің тиімділігі көп жағдайда басқарушының ролімен, оның ойынды басқарушының ролімен, оның ойынды жүргізе алуымен анықталады. Шектен тыс кең қамту сананы тәртіпке тәрбиелеуге кедергі келтіреді, бастамашылдықты төмендетіп, ойынға деген қызығушылықты әлсіретеді. Н.К.Крупская басқарушыларға пайдаланатын ойынды оқып үйренуге, ондағы бастама көтерушілікті тудыруға арналған жағдайлармен қамтамасыз етуге және міндетті түрде жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.
Ойындардың пайда болуы еңбекпен, адамды табиғатты бағалауға жетелеген утилитарлық белсенді іс-әрекеті мен тікелей байланысты. Алғашқы аңшылық, кейін мал өсіру, жер өңдеу шаруашылығымен байланысты өмірлік процесттер бала ойындарының даму негізін құрады. Көптеген ағартушылар осы көзқарасты ұсынады. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып А.Құнанбаев: «Бала дүниеге келген соң әке-шешесінің іс-әрекетіне еліктей бастайды. Бала өмірінде ойын, әрине, еңбектен бұрын, бірақ қоғам өмірінде еңбек ойыннан бұрын тұрады, яғни еңбектің ойыннан жасы-үлкен» дейді.
Қазақ балаларының еңбекке ерте араласып алуының негізгі құралдарының бірі – қимыл ойындары және денет шынықтыру жаттығулары болды. Мәселен, Р.Карутц қазақ балалары тәрбиесінің ерекшеліктерін айта келіп, былай деп жазды: «Барлық жердегідей мұнда да олар ойын кезінде, одан осы заманғы өмір талап ететін нәрселерді үйренеді».
Е.Сағындықовтың ғылыми зерттеулері көрнекі түрде қуаттап бергеніндей, ойын процесінде тіл балалардың ойлауымен кірігіп кетеді. Мәселен, балалар ойлап тапқан сөздерді есте сақтау, буын түрлері бойынша мысалдарды келтіре білу. Осының бәрі, ақырында ана тілі байлығын игеруге септігін тигізеді.
Ұлы орыс жазушысы А.П.Чехов көшпелі қазақ халқының дене тәрбиесі мен күш-қайратының ерекшеліктеріне назар аударған. Ол өз күнделігінде былай деп жазды. «Күллі қырғыздардың дене құрылысы, шымсыр, бұл, әрине қатал тәрбиенің арқасы, орта бойлы».
Белгілі қазақ этнографы А.Диваев өзінің «Қырғыз балаларының ойындары» атты мақаласында жасына қарай үш топты келтіреді, атап айтқанда балалар тобы (1-7 жасқа дейін), жас өспірімдер тобы (7-15 жасқа дейін) және жігіттер тобы.
Осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар, педагогтар, тарихшылар ұлттық тәрбие, ұлттық ойындарды дамыту, қолдану жайлы сан қырлы ғылыми жұмыстар, монографиялар, мақалалар, диссертациялар жазған. Олардың ішінде, әсіресе Ә.Диваев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Р.Қ.Төлеубекова, М.Т.Тәнекеев, Б.Төтенаев, Ә.Бүркітбаев және т.б. халықтық тәрбиенің бала тәрбиесіндегі орнын бүгінгі күндегі мәселелерге байланысты әр қырынан ашып көрсетті.
Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі мына бір жайды айқын дәлелдейді, халық ойыны балалар мен жасөспірімдердің бойына жоғары имандылық, дене қабілеттері мен қасиеттері рухын себуде маңызды құралдардың бірі саналады. Халық ойынында тәрбие мен үйрету әдістері мен тәсілдерінің тұтас бір жүйесі қалыптасқан, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халық өмірінің барлық жақтарын бейнелейтін дәстүрлі білім мен дағдылардың, шеберліктің жиынтығы ретінде игеріледі.
Ойын өздігінен тәрбие бере алмайды. Н.К.Крупская бұл ойды былай түсіндіреді. «Ойын арқылы аңды да үйретуге болады, ойын арқылы адамды да тәрбиелеуге болады. Істің тетігі ойынды кімнің қалай басқаруында жатыр».
Ойынды бала тәрбиесінде пайдаланудың бұдан кейінгі ілімі мен іс-тәжірибесінің дамуы белгілі кеңес педагогы А.С.Макаренкомен байланысты. Ол ойын әрекетінің жеке адамды қалыптастырудағы ролін жоғары атап көрсетіп, оны еңбек, оқу және қоғамдық әрекеттерімен қатар қояды. Сан түрлі ойынды пайдаланудың түзу жүйесін құрған ол (қозғалыстық, спорттық, әскери) педагогтарға қоғамдық тәртіп, дағдыларын тәрбиелеуде ең тиімді әдіс ұсынды. Әсіресе оның еңбек пен ойын үйлесім ұстанымы маңызды болды. А.С.Макаренконың пікірінше ойын да – еңбек:
«Ол адамды жұмысқа қажетті дене және психологиялық шарттарға үйретеді».
Сондықтан ойында әдеттенген сапалар егер балалар ойыны үнемі еңбекпен кезектесіп отырса тез әрі жеңіл дағдыға айналады. Іс-тәжірибелік жұмыс барысында жинақталып дәйектелген бұндай бағыттың табыстылығы А.С.Макаренкоға «болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады» деген пікір салды.
Кеңес балаларының тәрбиесіндегі ойын әдісін пайдаланудың әсіресе маңыздылығына артқан өз сенімін А.С.Макаренко қысқа түрде айтып өтті. «Педагогтың ойнамауы мүмкін емес, - деді ол. – Ойнай алмайтын педагог болуы да мүмкін емес».
Кеңес ғалымдарының еңбектерінде одан әрі даму жалғасын тапқан орыс ғалымдарының алдыңғы бөлігінің ойынға ертеден және терең саналы қызығушылығы ойынды қоғамдық тәрбие құралы ретінде ілгерішіл және ғылыми негізделген жүйені қалыптастыруға негіз болды. Маман-оқытушылардың басқаруымен ойындарды мұқият талдау, жүйелі пайдалану мен жүргізу тәрбиелеуде үлкен нәтижелі жетістіктерге жетуге көмектеседі. Осыған қоса ойын әдісін кең қолдану дене жаттығуларын оқытудың жалпылама тиімділігін арттырады. Жас ерекшеліктерін ескеру мен ойындарды басқа да дене жаттығулары түрлерімен үйлестіре жүргізу балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы мен ағзасын дамытуға қолайлы әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бодеев М.Т., Рамашов Н.Р., Спорт ойындары: Оқу-әдіст. Құралы.-Қарағанды:ҚарМУ баспасы, 2010.-233 бет.
2.Каргин С.Т., Бодеев М.Т., Иманбетов А.Н., Хасенов Х.Ш., Абишев Ж.Б. Мектептегі баскетболдың теориялық және әдістемелік негіздері: Оқу құралы - Қарағанды; ТОО САНАТ-Полиграфия: 2011. – 207б.
3.Бөдеев М.Т., Хасенов Х.Ш., Рахметуллаев Ж.Б. Қозғалмалы ойындар. Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: «Санат» баспасы. – 2007. – 85 б.
4.Б.А.Ашмарин “Теория и методика физического воспитания”. М: ФиС, 2014.
5.Қалқабаева С.А. Жас физиология және мектеп гигенасы. Оқу құралы. Шымкент. 2016.- -93 б.
6.Иманбетов А.Н. Мультимедиялық көрсетілім. ҚарМУ электронды библиотекасы. –Қарағанды-2017.ж.
Достарыңызбен бөлісу: |