Жібек жолы бойындағы Ұлытау өңіріндегі көне қалалар мен керуен сарайлар



Дата20.06.2016
өлшемі77 Kb.
#149089




Кенжал Балкенов,

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және

табиғат мұражай-қорығы
Жібек жолы бойындағы Ұлытау өңіріндегі көне қалалар мен керуен сарайлар
"Ұлы Жібек жолын" кешенді түрде зерттеу ЮНЕСКО ұйымының Бас конференциясының 24 сессиясында қабылданған шешім негізінде қолға алына бастады.

Ұлытау кезінде Ұлы Жібек жолымен сабақтасып жатқаны тарихтан белгілі. Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтан басталған "мыс жолы" бүкіл Евразия құрлығына белгілі болатын. Бұл туралы "тарих атасы" Геродоттың еңбектерінен оқуға болады.

Б.з.д. I мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен, Орал, Дон, Ертіс, Ұлытау, Алтай, Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы бойында көптеген көне қалашықтар, керуен сарайлары орналасқан. Сондай тарихи жерлер Ұлытау өңірінде көптеп кездеседі.

Б.з.д. I мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен, Орал, Дон, Ертіс, Ұлытау, Алтай, Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы бойында көптеген көне қалашықтар, керуен сарайлары орналасқан. Сондай тарихи жерлер Ұлытау өңірінде көптеп кездеседі.

Ұлытаудан табылған қос самұрық бейнесі нақышталған қола пышақ Есік қорғанынан табылған алтын адам қанжарында қайталанып тұрса, Ұлытау кесенелеріндегі эпиграфиялық жазулар Түркістандағы Қожа Ахмет мавзолейіндегі жазулармен сарындас. Мәдениеттің үзілмейтін алтын жібі, міне, осылай бір-бірімен сабақтасып жатыр. Айтылғанның бәрі қазақ халқының даңқты тарихы және терең тамырлы рухани мәдениеті болғанын сипаттайды. Сол сипаттаулар - Ұлы Жібек жолының үзілмеген алтын байланысы.

Қазақ жерінің қастерлі өлкесі - Ұлытаудың Ұлы жолмен байланысын б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға алып баруға болады. Кезінде «мыс жолы» деп аталған Ұлы жол Евразияның металлургия бастауы - Ұлытау-Жезқазғанға алып келетін. Қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері осы өңірде көптеп шоғырланған.

"Ескерткіштердің шоғырын зерттеу сол дәуірде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалардың тарихи өткен жолын анықтап, өлке тарихының көптеген беттерін ашуға мүмкіндік берді. Қола мәдениеті өзінің айрықша белгілерімен: қоныстар мен рудниктерден, бейіттер мен құрбандық шалған орындардан, үй және суару құрылыстарынан, қыш жасау мен тас өңдеу өнерінен, тас скульптуралардан, металл және сүйекті өңдеп, әр түрлі заттарды жасау әдістерінен анық көрінеді. Осының бәрі, түптеп келгенде, Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда мыс, қалайы және қорғасын т.б. металдарды игеру кезеңінде орасан даму процесі болғанынан хабар береді" (А.Х.Маргулан. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алматы, 1979. - 6-7-66.).

Жібек жолы бойындағы көне қалалар мен керуен сарайлар туралы көптеген ғылыми зерттеулер бар. Бірақ соншама бай рухани қазынамыз бен мол мұра, тамаша тарихымыз зерттелмей, зерделенбей келеді. Күні бүгінге дейін Ұлытаудың нағыз өмір шындығынан тұратын шежіресі, Жібек жолымен сабақтасып жатқан сол сорабтары әлі де бір ізге түскен жоқ.

Академик Қаныш Имантайүлы Сәтбаев: "Меніңше, орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, қазақ елі үшін Ұлытаудың орны да соншалықты қасиетті" деп бекер айтпаған болар.

Ұлытау - қазақтың үш жүзінің басын қосқан, мемлекетіміздің бастауында тұрған аруақты, киелі жер. Қасиетті Ұлытаудың бауырында қазақтың салалы тамыры, терең тарихы мен мәуелі мәдениеті жатыр. Сарыарқада еркін көшіп, ен жайлаған халықтың берекесі мен бірлігі шешен биінің, сом білекті батырының, ел-жұртының ықыласы мен пейілінің кеңдігінде жатқандай.

"Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Янгикентген шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты. Бұл жерлерде орта ғасырдың: Болған-ана, Жаман-қорған, Нөгербек-дарасы, Домбауыл, Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бүрышты елді мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері ашылды. Әл-Идриси "Бақырлытағ, Махмуд Қашқаридің орта ғасырлық жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау мен Кертау (Кертаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің шеңберіне енгізу керек сияқты.

Янгикенттен шыққан жол солтүстік-батысқа беттеп, Білеуті өзені жағасына апарады да, одан әрі Қоңырат пен Қарсақбайға жеткізеді. Орталық Қазақстанға бастайтын Сарысу жолы деген сораб - Отырардан шығып, Шавгар мен Тұрлан асуы арқылы Ақсуға, Сарысудың төменгі ағысынан өзенді жоғары өрлейтін Ұлытауға (Кендірлік тау) жеткізеті, ал одан Есіл мен Ертісті бойлап кетеді. Ең қысқа жол Созақтан Шу өзенінің төменгі ағысына барып, одан Бетпақдала арқылы Жезқазғанға жеткізеді (Карл Байпақов, Арнабай Нүржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - Алматы, "Қазақстан" - 1992. - 18-6.).

Жоғарыда айтылған Ұлытаудың көне қалалары мен керуен сарайларына бұдан басқа Аманбай, Сарайлы, Торайлы, Шотқара, Ескі жүрт, Аяққамыр, Басқамыр, Топыраққорған, Мыңшұңқыр жатады. Осы жол торабының бойында әлі де толық зерттелмей жатқан тарихи құндылықтарымызға арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастыру қажет.

Ұлытау - географиялық орталық. Бұл туралы Қ.И.Сәтбаев: "Бұрынғы уақытта Ұлытау Қазақстанның саяси өмірінің орталығы болған. Қазақтың Алаш, Ақназар, Абылай, Кенесары сияқты атақты хандары Ұлытауды мекен еткен. Бұған таудың жаратылыс жағынан өте әдемі жаңа Қазақстанның географиялық орталығында болуы себеп болған" деп жазады.

Киелі Ұлытау орталық болса, онда Жібек жолы жан-жақтан тарамдалып келуі мүмкін ғой? Осы сұрақтарға жауап ретінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары Жібек жолының Ұлытау өңірінде үш бағытта болғанын анықтап отыр. Бірінші бағыт -Отырар-Ұлытау, екіншісі - Жанкент-Ұлытау, үшінішісі - Балқаш-Ұлытау.

"Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.

Жолдың Отырардан таралған бір желісі Арсубаникеттен өтіп, Арыстанды, Шаян алқаптарына, сосын Қаратаудың жатаған белесінен асып; ал Шавгар мен Яссыдан шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент тармағы -бәр-бәрі тұс-тұстан Орталық Қазақстан жазығына шығып, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған. Сол аймақтан орта ғасырдың: Болған ана, Жаманқорған, Нөгербек дарасы, Домбауыл, Милықұдық, Ормамбет сияқты қала жұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын Жұбын, Конгликет, Ортау мен Кейтау сияқты жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан іздеген жөн.

Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іледен тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бүғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бүғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен-дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына қарай кетеді" (Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. - Алматы, "Дәуір" баспасы -1994-86-6.).



Көне жолмен кезінде сабақтасып жатқан ұлтымыздың ұясы -Ұлытаудың тарихи орны ерекше. Қазақ мемлекеті мен ұлт тұтастығын қалыптастырған Ұлытаудың тарихи ескерткіштері әлі де зерттеле бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет