«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі



Дата27.06.2023
өлшемі14.57 Kb.
#475410
түріСценарий
жигит султаны


«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.
1 — жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!
Бармысыздар жан күйер әз — қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын — сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салайық.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойға шаршағанды
2 — Жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар — деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет — ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» — деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Сайысымыздың бағдарламасы:
1. «Таныстырсам өзімді» — таныстыру
2. «Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін көрсету
3. Сұрақ — жауап(салт — дәстүрге байланысты)
4. «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарын жасай алуы
Сөз тауып күн қылатын көңіл – күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
9сыныптың ер жігіті, сұлтаны
Шығарайық ортамызға Жандәулетті
Өнерменен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар ортада Нұржігітті
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Нүркен атты жігіт болған сарбазды
Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдауы бар ойында
Талғатұлы Қанаттай жігітті — деп сайыскерлерімізді жеребе алуға шақырайық.
І — жүргізуші Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы — деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І — кезеңі «Таныстырсам өзімді»деп аталады. Сонымен талапкерлерімізді ортаға шақырайық.
ІІ — кезең «Еңбек ердің – санаты, білім — ердің қанаты»- демекші адам ақыл — парасатымен сұлу, Ақылды жігіт ата — анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай атаған.
«Көсем жігіт»- ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт»- дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт»- еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт»- аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Сегіз қырлы бір сырлы»деп аталады.
ІІ — жүргізуші Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата — баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
Енді ақыл — ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты. Бұл кезеңде жігіттеріміз сұрақтарға жауап береді.
І — жүргізуші Жігіттің көркі — өнері
Талап кісі — мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті күні бүгінге дейін
өз құнын жоғалтқан емес. Келесі кезең «Шебердің қолы ортақ»деп аталады.
ІІ — жүргізуші Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай — дегендей сайысымыздың келесі кезеңі
«Күш атасын танымас»деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз 16кг кір тасын көтереді.
Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет