Жігіт сұлтаны Көлденең – Темір негізгі мектебі



Дата30.06.2016
өлшемі62 Kb.
#168860
Жігіт сұлтаны

Көлденең – Темір негізгі мектебі

Ұйымдастырушы Тәлімгер: Молдашева Алтынгул Асхатовна
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Қайырлы күн, құрметті бүгінгі кештің көрермендері. Мектебіміздің “Жігіттің сұлтанын” анықтауға қош келіпсіздер демекпіз.


1-жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

2- жүргізуші:

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Танысайық бәрінің тегіменен,

Туып өскен мекені, жеріменен.

Жүргізуші:
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

ІІ бөлім Сұрақ- жауап
ІІІ бөлім «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» аспаз сайысы.
ІV бөлім
«Ақылына күші сай» қол күрес, жерден тартылу.
V бөлім
Қол өнер сайысы
VІ бөлім
Үйге берілген тапсырма (би)
1-жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушылардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!



2 - жүргізуші:
1)Мектеп директоры: Кудайбергенов Ерболат Нурадинович

2) Оқу ісінің меңгерушісі Ордашева Гулия Муратбековна


1- Жүргізуші: Ал, енді бүгінгі сынға түскелі отқан жігіттерімізбен таныс болыңыздар:

Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдыру бар ойында.

Серікұлы Армандай Жігітті,

Шақыралық қошеметпен ортаға

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Мектепте өнерімен болған сыйлы.

Шақырайық ортамызға ер жігітті,

5-сынып оқушысы Жұбанышты
Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Еркебулан
Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар Саламатты ортада

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -


Біледі ол жақсы менен жаманды

Ән мен күймен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

Мейіржандай батырды.

1-Жүргізуші:

Бұл сайысқа өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Сәт-сапар тілейік !



2-Жүргізуші:

Мына заттардан кімге қайсысы ұнайды?(үстел үстінде заттар тұрады) Таңдап алыңдар. Бұл затта реттік сандарын жапсырылған сол реттік сандар арқылы кезекпен шығып, бүгінгі сайыста өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.


І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру. (Реттік сандары бойынша өздерін таныстырып өтеді).

2-Жургізуші:

Таныс болдық бәрінің тегіменен,

Туып өскен мекені, жеріменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді.

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең, —

дей келе қазылар алқасынан таныстыру бөліміне байланысты пікірлерін білейік.


ІІ бөлім Сұрақ- жауап 1-Жүргізуші:

1.

1. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж, 16 желтоқсан)

2. Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Тоқтар Әубәкіров)

4. Жер шарында неше мұхит бар? (4 мұхит)

5. Футбол ойынының ұзақтығы. (45 минут)

6. 30 ақпанда не болады? (ақпан 28, 29-дан аяқталады)

7. Қазақ хандығына неше жыл болды? (550 жыл)

8. Ер қаруы бес қару. Нелер жатады? (шоқпар, садақ, найза, қылыш,айбалта.)

9. Үш даусызды ата. (мінез, кәрілік, ажал)

10. Құрғақ тас қайда болмайды? (суда).


2. 2-Жүргізуші:

1.ҚР жер көлемі жөнінде нешінші орында. (9)

2. 1- желтоқсан қандай күн? (Президент күні)

3. Аттың ер – тұрмандарына нелер жатады? (Жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.)

4. Қазақстанда неше қорық бар? (9)

5. 2 нотадан құралған бақша өсімдігі? (фа-соль)

6. Абылайдың азан шақырып қойылған аты. (Әбілмансұр)

7. Ұлы Жеңіске неше жыл? (71 жыл)

8. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 мин)

9. Абайдың туған жылы. (1845ж)

10. Үш арсызды ата. (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. 1-Жүргізуші:

1. ҚР Конститутциясы қашан қабылданды? (1995 ж, 30 тамыз)

2. 1 мамыр қандай күн?(бірлік күні)

3. Үш жүзді ата. (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

4. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

5. Жердің ортасында не бар? ( «Е»)

6. Қабанбайдың шын аты. (Ерасыл)

7. Орнынан қозғалмай жүретін не? (сағат)

8. Бес асылды ата. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.)

9. Жігіттің үш жақын жұрты. (ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

10. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
4. 2-Жүргізуші:

1. ҚР Президенті.

2. Қазақстанмен шектесіп жатқан көршілес 5 мемлекетті ата. ( Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан.)

3. Үш арыс кімдер? (Б. Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфулин.)

4.Кітапты неден жасайды? ( ағаштан)

5. Соңында түлкі жеп қоятын ертегі қалай аталады? (Бауырсақ)

6. Абылайхан тұсында өмір сүрген жырау. (Бұқар жырау)

7.Кітаптың басында не тұр? ( к )

8. Үш биді ата. ( Қазбек би, Әйтеке би, Төле би)

9. «Кел, балалар , оқылық» өлеңінің авторы.

10. Тігуге де ыңғайлы, бұзуғада ыңғайлы үй. ( киіз үй)
№5 1-Жүргізуші:

1. 45 қара сөзді кім жазды? (Абай)

2. 22 Наурыз қандай күн? (Ұлыстың Ұлы күні)

3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

4. «Қ» - дан басталып «Қ» - дан аяқталатын аз дегенде 3 сөз айт, (қызық, қалақ, қырық, қабақ)

5. Өз атын шақыратын құс. (Кукук)

6. Сәби баланың төсегін ата. (Бесік)

7. Ұлыстың Ұлы күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)

8. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?

9. Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні қай күн? (15 сәуір)

10. Кісі елінде сұлтан болғанша.....(өз еліңде ұлтан бол)

2-Жүргізуші: қазылар алқасы сұрақ жауап бөліміне байланысты айтар пікірлеріңіз.
1-Жүргізуші:

ІІІ бөлім «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» аспаз сайысы.

Талаптың мініп тұлпарын

Келіңдер міне жарысқа

Белгісіз кім ұтары

Түсіңдер өнер сайысқа. Өз аспаздық өнрлерін ортаға саласын. Қазылар алқасы сіздер жігіттердің көкөністі қалай турағанына мән беріп, баға бересіздер.

Жігіттер әдемілеп турағанша ортаға әсем әнімен Махмутов Жанарысты шақырайық.

2-Жүргізуші:

Әділқазы төрелерге кімнің аспаздық өнері ұнады екен, қане, көрейік!


2-Жүргізуші:

ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күрес, жерден тартылу.

Күш сынасу


Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады) ал, кім күшті тексерейік!
V бөлім Қол өнер сайысы. Қолдан жасаған заттарын қорғайды. Қазылар алқасы бағасын береді.

Шеберлерім өнер тамып қолынан


Жаңылмаған ата - баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан – дей келе қол өнерлерін тамашалайық!

Жүргзуші: Біздің сұлтандарымыз келесі бөлімге дайындалсын, ал біз 9-сынып қыздарының көрінісін тамашалайық.


VІ бөлім Үйге берілген тапсырма (би). Үйге тапсырма қандай да бір биді билеу керек болатын. Қазір № 1 номердегі жігітімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, қазылар алқасы кім «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайықты деп таныған жігітімізді анықтағанша, көрермендерге 3,2 – сынып ер балдарының орындауында флешмоб биін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші : Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,— дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.



«Жігіт сұлтаны», «Шымыр жігіт», «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт», «Өнерпаз жігіт», «Өнерлі жігіт» деген атақтар табыс етіледі.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет