Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы


Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану



бет8/11
Дата01.07.2016
өлшемі472.5 Kb.
#170980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.4 Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану


      Жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді кезі ретінде жер асты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірге айқындайтын болады.
      Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердің мынадай бағыттары көзделеді:
      мемлекеттік есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған кен орындарын барынша толық пайдалану;
      қолданыстағы жер асты су тартуларды және бекітілмеген запастарда жұмыс істейтін су тартуларда су іріктеудің барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;
      жер асты суларының пайдалану запастарын бағалау;
      ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздері бар елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жер асты суларының жаңа кен орындарын игеру.
      Жер асты су көздеріндегі судың сапасы ұңғымаларды пайдалану режимдерінің бұзылуы және иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымалардың көп санының болуы, жер асты суларының техногенді ластануы нәтижесінде төмендейді. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерін қорғау, иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етілетін болады.

5.5 Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау сапасын арттыру


      Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру және әрекет етуші жобалау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауға біліктілік талаптары мен ережелерін әзірлеу бөлігінде уәкілетті орган ретінде лицензиялау субъектілеріне жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу бойынша шараларды қарастырды.
      Жосықсыз жобалаушыларды «іріктеу» үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі ағымдағы жылдың соңына дейін сумен жабдықтау объектілерін жобалауға байланысты жұмыстарға мынадай санаттар енгізілетін болады.
      Бірінші санат (жоғары) ерекше күрделі және бірегей объектілердегі қызметті, оның ішінде ірі сумен жабдықтау объектілерін топтық суларды, тазарту құрылғыларын, су тартуларды жобалау қызметін көздейді.
      Бұл санатқа өндірістік базасы, мамандығы бойынша білікті кадрлары бар, жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Осы топ объектілерінің ерекше маңыздылығын есепке ала отырып, бірінші санаттың жобалау ұйымдарын лицензиялау кезінде лицензиар органның функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзырына беру ұсынылады.
      Екінші санат (орташа) бұқаралық құрылыс объектілеріндегі қызметті, оның ішінде сумен жабдықтаудың көшедегі тарату желілері мен орамішілік желілерін көздейді. Бұл санатқа кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.
      Үшінші санат (базалық) техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілердегі (үйлерге құбырларды, жеке тұрғын үйлердің ішкі су құбырларын орнату) қызметті көздейді.
      Бұл ретте санатты енгізу жаңадан құрылатын су шаруашылығы ұйымдары мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша кедергілер туындатпайды.
      Бұдан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сарапшыларды дербес аттестаттау енгізілетін болады.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейімдік мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру ұйымдарын құру мәселесін қарастыру қажет.

Бағдарламаны іске асыру тетігі


      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар қатысады.

6. Қажетті ресурстар


      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2011 жылдан бастап жергілікті бюджеттерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан сумен жабдықтау жобаларын қоса қаржыландыруды көздеуі тиіс.

Бағдарламаны 2011 - 2020 жылдары іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:


БАРЛЫҒЫ

Жылдар

Мемлекеттік бюджет (млн. теңге)

Республикалық бюджет (млн. теңге)

Жергілікті бюджеттер (млн. теңге)

Барлығы

951 490,3

631 940,3

319 550

2011

102 923,5

70 968,5

31 955

2012*

90 299,7

58 344,7

31 955

2013*

86 898,5

54 943,5

31 955

2014*

95 909,8

63 954,8

31 955

2015*

95 909,8

63 954,8

31 955

2016*

95 909,8

63 954,8

31 955

2017*

95 909,8

63 954,8

3 1955

2018*

95 909,8

63 954,8

31 955

2019*

95 909,8

63 954,8

31 955

2020*

95 909,8

63 954,8

31 955

      * осы бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемдері республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет