2015-2017 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 24 790 037 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 083 448 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 128 819 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 180 409 мың теңге;
трансферттер түсімі – 8 397 361 мың теңге;
2) шығындар – 22 705 476 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 93 842 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 93 842 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 990 719 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1 990 719 мың теңге:
қарыздар түсімі – 934 281 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 2 925 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2015 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі негізінде және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптасады.
3. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11 бабы басшылыққа алынсын.
4. 2015 жылға арналған облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативі келесі кіші кластарымен есептелсін:
1) жеке табыс салығының қалалық бюджетке бөлінетін мөлшері – 60,5%;
2) әлеуметтік салықтың қалалық бюджетке бөлінетін мөлшері – 60,5%.
5. 2015 жылға арналған облыстық бюджетке бюджеттік алулардың қарастырылмайтындығы белгіленсін.
6. 2015 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві –
242 316 мың теңге сомасында бекітілсін.
7. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
8. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
жалпы білім беруге – 221 765 мың теңге;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 1 386 063 мың теңге;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге – 165 011 мың теңге;
белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге – 17 155 мың теңге;
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға – 12 422 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 232 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға – 1 491 мың теңге;
мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге – 59 805 мың теңге;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 1 679 860 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға – 23 172 мың теңге;
елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз етуге – 52 901 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 630 724 мың теңге;
коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 384 401 мың теңге;
мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға – 93 842 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 1 099 054 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 1 204 296 мың теңге;
қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамытуға – 400 650 мың теңге;
облыстық бюджеттен:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткiзуге – 114 152 мың теңге;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық
елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеуге – 22 971 мың теңге;
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарыға – 134 645 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 426 694 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 71 298 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 151 940 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 42 817 мың теңге;
9. 2015 жылға арналған қалалық бюджет шығынында 2 925 000 мың теңге сомасында жергілікті атқарушы органының борышын өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
10. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға республикалық бюджеттен 934 281 мың теңге сомасында несие қарастырылғаны ескерілсін.
11. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық (селолық) жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.
12. 2015 жылға арналған қалалық бюджетті орындау барысында секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
13. 2015 жылға арналған кенттер мен селолық округтің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
14. Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларына әр тоқсан сайын бағдарламалар әкімшілерінің есебін тыңдау жүктелсін.
15. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Р.Сергалина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
16. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Л. Турсынова
Мәслихат хатшысы А. Әубекеров
Достарыңызбен бөлісу: |