Жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»



Дата26.02.2016
өлшемі305.79 Kb.
#27452
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптасты және Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2009 жылғы 18 маусымда № 827 қол қойылды.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылға 18 желтоқсандағы 22 сессиясында үш жылдық кезеңге 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді, сондай ақ 2014 жылы 139,9 млрд.теңге, республикалық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 83,9 млрд.теңге, трансферттер мен кредиттер көлемі 48,2 млрд.теңге.



Үстіміздегі жылдың 17маусымдағы облыстық бюджет Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясында 575,3 млн теңгеге нақтыланды.
2014 жылға арналған облыстық бюджеттің параметрлері
млн.теңге







2014жыл

2015 жыл

2016 жыл




I. Кірістер

160 208,4

91 389,7

92 891,8




Салықтық түсімдер

26 488,7

5 641,8

7 649,1




Салықтық емес түсімдер

412,6

458,7

486,1




Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

15,9

17,0

18,2




Трансферттердің түсімдері

133 291,0

85 272,3

84 738,4




II. Шығындар

158 212,3

90 199,2

91 692,5




III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

4 955,8

-470,5

-149,8




БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР

5 695,4

190,0

199,3



БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ

739,6

661,0

349,0




IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

4 500,5

1000,0

1000,0




ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ

4 500,5

1000,0

1000,0




МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР













V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-7 460,2

661,0

349,0




VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

7 460,2

-661,0

-349,0




ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ

5 515,4

661,0

349,0




ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

661,0

661,0

349,0


Түсімдер
Бюджет кірісіндегі негізгі түсім түсетін көздері, яғни айтқанда, табыстардан ұсталатын жеке табыс салықтары, әлеуметтік салыққа мән беріліп, 2009 жылдан бергі түсім көздерінің серпіні мен өсу көрсеткіштерін салыстыра отырып, контингентке есептемелер жасалды.

Алдағы үш жылдық кезеңге облыстық бюджеттің төменгі деңгейдегі бюджеттермен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар арқылы реттеледі, оның ішінде:

Қызылорда қаласы бюджетімен:

Жеке табыс салығы бойынша: 77,6% –қалалық бюджетке, 22,4% – облыстық бюджетке;

Әлеуметтік салық бойынша: 70%- қалалық бюджетке,

30% – облыстық бюджетке

Аудандық бюджеттермен:

әлеуметтік салық бойынша: 90% – аудандық бюджетке,

10%- облыстық бюджетке;

Облыстық бюджеттің жылдық болжамы 2014 жылға 24 949 346 мың теңге, түсімі 1 сәуірге 2 986 776,6 мың теңге немесе 11,9 пайыз. Бюджетті нақтылау барысында, «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлінетін төлемақы» бюджеттік кодына 1 392 643 мың теңгеге ұлғайту жоспарланды. Бұл, Салық органының тексеру актісімен қосымша анықталған бір жолғы түсім есебінен ұсынылған 20 000 000 мың теңгенің жоспарланбаған бөлігі есебінен нақтыланып отыр.

2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері

млн.теңге






2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл




Түсімдер

163 924,8

91 403,9

31 389,7




ІЖӨ-ге %

1 277,4

1338,7

1407,0




Кірістер, оның ішінде:

26 341,9

6117,5

8153,4




Салықтық түсімдер

25 913,4

5641,8

7649,1




Салықтық емес түсімдер

412,6

458,7

486,1




Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер

15,9

17,0

18,2






















Бюджеттік алулар




мың теңге




Атауы__2012_жыл__2013_жыл'>Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл




Барлығы

0

- 2 091 682

- 4 019 307




Қызылорда қаласы




- 2 091 682

- 4 019 307





Субвенциялар




мың теңге




Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл




Барлығы
Арал ауданы

Қазалы ауданы

Қармақшы ауданы

Жалағаш ауданы

Сырдария ауданы

Шиелі ауданы

Жаңақорған ауданы

30 235 228
5 571 165

6 098 750

4 111 695

2 669 834

1 431 822

5 198 261

5 153 701


29 461 485
5 499 236

6 078 880

4 068 684

2 598 401

1 148 985

5 074 093

4 993 206


28 599 752
5 425 478

5 993 721

4 007 637

2 519 613

918 364

4 935 145

4 799 794

















Шығындар

2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстары Елбасының Қазақстан халқына жолдауларында айқындалған тапсырмаларды орындау, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесін дамыту және әлеуметтік сала бойынша Жол карталарын іске асыру жалғасын табуда.

Сонымен қатар, 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасының ерекшеліктерінің басым бағыттары тіректі елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарын іске асыру және аппаттық жағдайдағы әлеуметтік нысандарды аяқтау болып табылады.

Үш жылдық (2011-2013 жылдар) кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің аяқталуына байланысты осы жылы 2014-2016 жылдарға арналған аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемін анықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі 2014 жылға - 30 235,2 млн.теңге, 2015 жылға - 29 461,5 млн.теңге, 2016 жылға-28 599,7 млн. теңге көлемінде анықталды.

Айта кететін жайт, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында жергілікті бюджет шығындарының базасына тұрақты сипаттағы шығындар ретінде, бұрын соңды республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде бөлінген шығындар берілді 2014 жылы – 12,4 млрд. теңге, 2015 жылы-12,3 млрд. теңге, 2016 жылы-12,9 млрд. теңге, оның бөлігі аудандар мен Қызылорда қаласына бөлінеді.

Жалпы бюджетте базалық шығыстар сақтала отырып, жаңа бастама шығындары көрініс тапты:











2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл




ІІ. Шығындар

158 212,3

90 199,2

91 692,6

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

4 982,3

1 507,9

1 286,5

02

Қорғаныс

1 043,8

367,5

367,5

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5 615,5

5 280,5

5 004,2

04

Білім беру

26 975,4

14 943,3

17 694,1

05

Денсаулық сақтау

33 175,5

13 525,9

12 310,3

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

3 729,1

2 768,4

2 842,9

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

13 789,5

1 447,9

670,3

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

8 193,5

6 531,3

6481,3

09

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

1 817,0

91,5




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

11 606,9

8 604,5

9 029,0

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

471,6

278,3

690,0

12

Көлiк және коммуникация

9 511,5

4664,5

5 919,8

13

Басқалар

5 860,8

724,1

588,2

14

Борышқа қызмет көрсету

3,3

1,9

1,8

15

Трансферттер

31 194,6

29 461,4

28 599,7


Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

Атаулы функционалдық топ бойынша арнаулы атақтары үшін қосымша ақы мөлшерін арттыру;

режимдік стратегиялық объектілерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын штат санын ұстауға шығындарына;

Жедел басқару орталығын қазіргі заманға сай дамыту;

патрульдік және жол полициясының бірігуіне байланысты 50 бірлік автокөлікпен толық қамту;көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау;

материалдық-техникалық жарақтандыру;

Арал, Қазалы аудандары мен облыс орталығындағы жеке құрамды арнайы қару жарақпен толық қамту;

барлық жасақты нормаға сай 100 пайыз формалық киіммен қамту;

Тасбөгет кентіндегі полиция пунктін күрделі жөндеу;

Қызылорда қаласында қылмыстың алдын алу мақсатында бейнебақылау камера сатып алу және орнату;



Білім беру

2014 жылға облыстық бюджеттен білім беру саласына барлығы 26 975,4 млн. теңге қаралған. Бұл шығындардың құрамында жаңа бастамадан келесі ескерілді:

- "Үздік орта білім ұйымы" номинациясына грант беру;

- облыстағы 6 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және Дүние жүзілік Банкінің грантын қоса қаржыландыру;

- жаңадан қосылған білім беру объектілерін ұстау (30 мектеп, балабақшалар мен шағын орталықтар);

- алғаш рет 53 мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың әдістемесін нығайту мақсатында, оның өздігімен тәлім-тәрбие, білім алуға арналған Монтессори кабинетімен жабдықтау;

- алғаш рет облыстағы 0-4 сынып арасындағы оқушылардың майтабан, көз ауруы және омыртқа қисаюы аруларынын алдын алу мақсатында 8 427 бірлік Эрисман партасымен жабдықтау;

- облыстағы мектеп мұғалімдерді ел ішінде және кәсіптік және техникалық білімдегі оқытушыларды шетелде біліктілігін арттыру;

- Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінің инженер – педагогтарын шетелде кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлау;

- жоғары оқу орындарында мәдениет және өнер мамандығы бойынша білім алатын талантты жастардың оқуы;

- математика пәнінің мұғалімдеріне облыстық форум өткізу;

- техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 10 жаңа мамандықтарды ашу үшін 8 колледждің материалды-техникалық базасын нығайту;

- Шиелі кентіндегі «Индустриалды-аграрлық колледжінің» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманы әзірлеу;

- Балапан» бағдарламасын іске асыру үшін 2013 жылдың кредиторлық қарыздарды төлеу;

- стомотологиялық кабинеттерін жабдықтау;

- Жалағаш ауданы Ақсу ауылындағы № 116 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі № 26 орта мектеп ғимаратына жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Қармақшы ауданы Қармақшы ауылындағы № 113 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы № 19 «Балдәурен» балабақша ғимаратына жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау;

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау;

- білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қармақшы ауданы Ақай елді мекеніндегі 600 орындық мектептің, Қармақшы ауданы Ақай елді мекеніндегі 280 орындық бала бақшаның құрылысына;

- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге.
Денсаулық сақтау

Медициналық қызметтер алуда азаматтардың қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыру мақсатында 2014 жылға барлығы –33 175,5 млн теңге қарастырылды, оның ішінде;

2013-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытуда «Жол картасы» шеңберінде -1 929,0 млн теңге қаралуда.

- Облыстық қан орталығындағы құралдардың функционалдық тиімділігін арттыруға ;

- Облыстық қан орталығына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылдың 7 сәуірдегі №238 бұйрығына сәйкес қосымша ( 17,5 штаттық бірлік) -,

30 штаттық бірлік фтизиопедиатрлар ,

- ем алатын науқастарға дәрі-дәрмектер,

- туберкулезге қарсы ұйымдарына респираторлар мен маскаларға -,

- жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау (науқастардың киімі),

- екінші кезең бойынша емделетін науқастарға әлеуметтік пакет қарастыруға.

- облыстық ішек аурулар ауруханасына этиотропты емге қарсы.

- бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарын тар буынды мамандармен толықтыруға 28 штаттық бірлік бойынша еңбекақысына ;

- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа стомотологиялық қызмет көрсететуді, оның ішінде мектептерде, стамотологиялық кабинеттер ашуды қамтамасыз етуге .

- (27 штаттық бірлік аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерінде акушер-гинеколог және анестизиолог-реаниматолог мамандарының тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуге , аудандық ауруханалардың эндоскопист мамандарымен толықтыру -2,5 штаттық бірлік ;

- 2014 жылы 9 ауылдық ауруханасының жұмысын жалғастыруға және жаңадан ашылатын 4 ауылдық аурухана ашуға (Жанақорган ауданы Келинтөбе, Бірлік, Қожакент ауылдары және Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылындағы ауруханалар) .

- онкологиялық диспансерге қосымша штаттық бірліктермен толықтыруға,

- онкологиялық науқастарға химиялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге.

- 2013-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың "Жол картасы" іс - шарасы шеңберінде қанайналым жүйесі ауруларын тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге (АГ, ИБС).

- Қызылорда қалалық жедел жәрдем станциясына қосымша 1 кардиобригадысына;

- облыстық медицина орталығындағы шұғыл медициналық көмек көрсетуде санитарлық авиация бригадаларын фельдшер мамандықтарымен толықтыруға.

- 4 нысанды күрделі жөндеуге ( күрделі жөндеу Қызылорда қалалық тубдиспансер Аралдық тубдиспансер, Қазалы тубдиспансер, Шиелі тубдиспансер қоршау;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттарын кеңінен насихаттауға;

- 2014 жылға қосымша 20 науқас бүйрек алмастыратын деп жоспарлануда, осыған сәйкес созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен аталған науқастарды уақытылы дәрілік заттармен қамтамасыз етуге.

- 2014 жылы дәрігердің біліктілігін артыру және оларды қайта даярлауға.

- Сәбилер үйі арнайы мамандандырылған статусқа көшуіне байланысты және ДСМ №238 бұйрығына сәйкес 2,5 штаттық бірлікке ескерілді;

- медициналық жабдықтардың бағаларының экспертизаларына;

- 7 орталық аудандық ауруханаларды медициналық құрал жабдықтар сатып алу;

- қалалық ауруханаға медициналық құрал жабдықтар сатып алу;

- Қалалық Сәбилер үйіне медициналық құрал-жабдықтар сатып алу;

- Облыстық ересектерге және балаларға арналған туберкулезге қарсы күрес санаторияларына 3 дана киіз үй сатып алу;

- Облыстық және қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне медициналық құрал-жабдықтар сатып алу;

- Облыстық диагностикалық орталығы мен қалалық перзентхана ұйымына «Жол картасы» бағдарламасы аясында балалар сурдологиялық кабинетін медициналық құрал-жабдықпен жарақтандыру;

- маңызы бар 9 нысандарды резервтік автономдық дизельді электро генераторлармен қамтамасыз ету;

- қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне ауа сорғыш орнату үшін күрделі жөндеу жұмыстарына;

- Арал аудандық орталық ауруханаға қарасты перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Қармақшы аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу;

- облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- облыс көлемінде суицид өлімінің көрсеткішін төмендету мақсатында қосымша бірлік психолог мамандарын алу;

- Байқоңыр қаласындағы ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету шығындары;

- суицид ауруын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарын жүргізу.

- құнының құнсыздануына байланысты санитарлық автокөліктер сатып алуға;

- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге.

Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалының коммуналдық шығындарына

2014-2016 жылдарға денсаулық сақтау жүйесіне республикалық бюджеттің жоспарлы сомасынан қаражаттың бір бөлігі «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады, оның шеңберінде саланы дамытуға бағытталатын іс-шаралар көзделген, олар мынадай:

Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, жүйкесінің бұзылуынан және мінез-құлқының бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету үшін АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттар сатып алуға.

-туберкулезге қарсы препараттар сатып алуға;

-диабетке қарсы препараттар сатып алуға;

-онкогематологиялық ересек науқастарға химиялық препараттар сатып алуғ, онкогематологиялық балалар науқастарға химиялық препараттар сатып алуға,;

-амбулаторлық деңгейде дәрілік заттар мен орфандық препараттарды сатып алуға;



-гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын сатып алуға, гемофилиямен ауыратын балалар науқастарға қан ұйыту факторларын сатып алуға;

акциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға, В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларға препараттар сатып алуға, В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын ересектерді емдеу үшін препараттар сатып алуға;

-жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттар сатып алуға;

-онкологиялық аурулармен ауратын науқастарға стационарлық және стационарды ауыстырғыш көмек көрсетуге, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды стационарлық және стационарды ауыстырғыш деңгейінде химиопрепараттармен қамтамасыз етуге, лизингпен алынған медициналық құрал-жабыдқтардың қаржысының орынын толтыруға, онкологиялық орталығын психолог және соцработник мамандарымен толықтыруға, амбулаторлық емдеу кезінде онкологиялық науқастарға дәрі-дәрмектер сатып алуға;

- амбулаторлық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 0,5 тен 1-ге дейін өтеу коэффициентімен дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін;

-Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары бойынша медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға;

- 2014 жылы 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметшілер мен штаттан тыс қызметкерлерге 10 пайызға еңбек ақының көтерілуіне байланысты;
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің барлығын орындау әлеуметтік саладағы негізгі басымдық болып табылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке арналған шығыстары 2014 жылы 3 729,1 млн.теңге сомада қарастырылып отыр.

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға бір жолғы материалдық көмекке;

- тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан жоғары, орта арнаулы оқу орындарының және кәсіптік лицейлердің күндізгі нысанында оқитын студенттері мен оқушыларының қоғамдық автокөліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру шығындарына;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке

өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттер үшін әлеуметтік көмек көрсетуге;

- Мүгедектер мен халықтың осал тобын әлеуметтік қолдау үшін «Сыр мейірімі» және «Әлеуметтік такси» 2 әлеуметтік жобаны іске асыруға;

- мүгедектердің құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру ауқымында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру;

- мүгедектердің құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру ауқымында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру;

- Ақжарма кентіндегі психоневрологиялық интернатта жартылай стационарлық жағдайда 20 қамқорлыққа алынушыны ұстауға қажетті қосымша шығыстар;

- мүгедектерді қашықтықтан оқыту және еңбекке орналастыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

- Қызылорда қаласындағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын және абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

- және жылу, су құбыры, жарықтандыру, электрқондырғыларын жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарына;

- Қызылорда қаласындағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне кондиционерлер (салқындатқыш) алу;

- реабилитациялық орталыққа мүгедектердің, оның ішінде нерв жүйесі ауруымен ауыратын мүгедек балалардың денсаулығын қалыптастыруға қажетті LOKOMAT локоматорлық терапия аппаратын алу;

- халықтың әлеуметтік-күнкөріс деңгейі төмен топтарының студент балаларының қатарынан 177 грант бойынша оқыту.

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;



- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге.

Мәдениет
Облысымызда мәдениет саласын жандандыру мақсатында бір қатар іс-шараларды іске асыруға 8193,5 млн.теңге қарастырылды. Олар келесі шығындарға бағытталды:

  • алғаш рет облыстық филармония жанынан камералы оркестр құруға ;

  • Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жанынан жастар театры труппасын құруға ;

  • Алматы және Талдықорған қалаларында өтетін театрлардың фестивалінде қатысу үшін театрлық труппаның гастрольдық шығындарына қаралуда;

  • ұлттық мерекелерді лайықты деңгейде өткізу үшін шығындар;

  • «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық өнер фестивалін өткізуге;

  • мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық нығайтуға, оның ішінде облыстық филармонияны жаңа дыбыс жазу студиясымен жабдықтауға, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын бутафорлық жабдықтармен қамтамасыз етуге ;

  • қалалық және 169 ауылдық мәдени-демалыс мекемелерінің тиімді жұмыс істеуі мақсатында қосымша мәдениет қызметкерлерінің штаттық бірліктерін ұстауға;

  • мәдениет нысандарының апаттық мәселесін шешу, оның ішінде 12 клуб құрылысы;

  • тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында Жалағаш ауданы Мәдениет, Шиелі ауданы Еңбекші ауылдарында 150 орындық ауылдық клуб құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірлеу, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі ауылдық клубтың ұстау шығындары;

  • Жаңақорған ауданы Шалқия, Шиелі ауданы Бәйгеқұм, Сырдария ауданы Айдарлы ауылдарында бейімделген ғимаратта орналасқан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы;

  • облыс аумағында орналасқан ежелгі қалалардың орындарына (Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат) археологиялық зерттеулер жүргізу;

  • «Атамекен» мұражайы үшін мәдени нысандардың макеттерін әзірлеу және орналастыру;

  • Қызылорда қаласындағы Жанқожа батырдың аттылы мүсінін әзірлеу;

  • Арал қаласындағы Т.Г.Шевченконың бюст-ескерткішін қоладан әзірлеу;

  • Астана қаласындағы Қызылорда облысының күндерін өткізу;

  • Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған театр фестивалін өткізу;

  • Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына арналған іс-шараларға;

  • қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновке арналған деректі фильм түсіру;

  • облыстың 7 шығармашылық ұжымының материалдық-техникалық базасын нығайту;

  • облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізудің және мемлекеттік сараптамадан өткізудің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу;

  • Қызылорда қаласындағы бұрынғы әскери комиссариаттың ғимаратына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің және мемлекеттік сараптамадан өткізудің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу;

  • облыстық Н.Бекежанов атындағы театр ғимаратына автоматты өрт сөндіру жүйесін орнатуды, іске қосуды жобалауға және жобаны сараптамадан өткізу;

  • облыстың 7 ауданына шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсетуге 7 «Зерде» автоклубын алу;

  • облыстық филармония үшін музыкалық тауарлар алу;

  • облыстық филармония, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік қызмет орталығына автокөліктер алу;

  • Еңбек ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу;

  • Таң ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу;

  • 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге.



Дене шынықтыру және спорт
Қазіргі таңда, спорт саласы бойынша басты басымдылықтардың бірі облысымызда салауатты өмір салтын қалыптастыру, мүгедектердің құқықтары мен өмірлік сапасын жақсарту, спортпен шұғылданушыларды түрлі спорт түрлерінен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға дайындығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, тұрғындар арасында спортпен шұғылданушы азаматтардың санын ұлғайту және спорттағы балалар және жасөспірімдерді қосымша біліммен қамтамасыз ету, спорттағы дарынды балаларды ұлттық құрамаға дайындығын қамтамасыз ету.

2014 жылы 3 050,0 млн.теңге қаралды. Бұл шығындар құрамында келесі шығындар ескерілді:

22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін спорттық киімдермен қамтамасыз ету;

спорт мүгедектеріне стипендия төлеу;

І және ІІ мүгедектеріне, мүгедек балаларға арнайы спорттық инвентарлар және спорттық киімдер сатып алу;

спорт мүгедектерін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету;

жеңіл атлетика, отырып ойнайтын волейбол, шахмат, пауэрлифтинг, үстел теннисі, спорттық кресло-арбаларда жарысу және басқа түрлері бойынша облыстық (аудандық және қалалық) спорттық жарыстар өткізу;

мәнерлеп сырғанау спорт түрінен облыстық құрама команданың мүшесін дайындау және 2014 жылдың Юниорлық әлем чемпионатына қатысу;

спорт мектептеріне 7 микроавтобус сатып алу;

облыстық футбол құрама командасын Премьер-лига Чемпионаты мен Қазақстан Республикасы Кубогіне дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық футбол құрама командасын күтіп ұстау шығындары;

2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге.


Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешені салаларын тұрақты дамытуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасауға барлығы облыстық бюджетте 2014 жылға 11 606,9 млн.тенге қаралды. Оның ішінде:

Тұқым шаруашылығын қолдауға;

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға;

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге;

Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды сусидиялауға;

Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар;

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруға;

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу);

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;

Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау;

Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіруге;

Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер

Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызмет көрсету
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алуға;

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға, СПК Байконур күріш сатып алуға және қаржылық лизинг көрсетуге.


Табиғатты қорғау іс шаралары
Орманды алқаптың көлемін арттыру, ұтымды пайдалану, мемлекеттік орман қоры аумағында және елді мекендер мен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына жаңадан егілетін екпелердің көлемін арттыру, сонымен қатар орман және жануарлар дүниесін қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу, балық шаруашылығын дамыту шығындарына барлығы облыстық бюджеттен 1 362 млн. теңге қаралды.
Сумен жабдықтау объектілеріне жұмсалатын шығыстар
2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылға бюджеттен барлығы 4 001 152 мың теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3310480 мың теңге облыстық бюджеттен 690672 мың теңге. Сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту бойынша 23 жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде 14 ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жобаларының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге. 2013 жылға бөлінген қаржы шеңберінде «Қызылорда қаласының су жүргізетін және кәріз желілерін кеңейту және реконструкциялау» жобасының құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

Мұнан басқа 2014 жылға «Шиелі су құбыры» АКМК 5 дана водовоз алуға облыстық бюджет қаржысы есебінен қаржы қаралды.











Газбен қамтамасыз ету жүйесін дамыту

2014 жылғы облыстық бюджетте, газбен қамтамасыз етудің 2 жобасына 1 333,3 млн теңге қаржы қаралды, оның ішінде:

«Қызылорда қаласындағы Тасбугет кентінде болашақта дамуының газбен қамту»;

«Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округін перспективалық дамуымен газбен жабдықтау».



Электр энергиясымен жабдықтау объектілеріне жұмсалатын шығыстар

2014-2016 жылдары электр нысандарын қайта жаңғырту мен дамыту үшін және облыс орталығы мен аудан орталықтарын үздіксіз электрэнергиясымен қамту бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға барлығы 1 211 млн.теңге қаралуда, оның ішінде:



  • "Қызылорда қаласының кернеулігі 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" (Сырдария электр тарату желілері аумағы) жобасын аяқтауға ;

  • "Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Қазалы кенті жобасын аяқтауға;

  • "Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Шиелі кенті жобасын аяқтауға;

  • "Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Жаңақорған кенті жобасын аяқтауға

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жобаларды бастауға "Арал қаласындағы "Аральская" 110/35/10кВ қосалқы стансасын қайта жағырту" жобасына, "Әйтеке би кентінде "Ново Казалинск" 110/35/10 кВ қосалқы стансасына қайта жаңғырту" жобасына.

«Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту», бойынша электр желілері мен қосалқы станцияларды төлқұжаттандыру және тіркеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралуда.
Көлік және коммуникация саласына
- Қызылорда қаласындағы Президент саябағынан Қорқыт ата әуежайының кіріс жолына дейінгі жолды қайта жаңғыртуды аяқтауға;

- облыстық маңыздағы 3 автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге;

- Ауданаралық калааралық әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру

- Қызылорда қаласының Әл Фараби көшесін Сағымбаев көшесінен Батырбаев көшесіне дейін күрделі жөндеу;

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағын көгалдандыру;

- «Сырдария ауданындағы Әйтек каналдан көпір өткелін күрделі жөндеу» жобасына жобалық сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптамасын әзірлеу;

- «Самара-Шымкент-Шиелі-Жеміс Жидек» облысы маңызы бар жолының қайта жаңғырту;

- Марал Ишан, Қаратоғай Қызылорда – Жалағаш трассасынан бастап Саламатов көшесіндегі көпірге дейін қайта жаңғырту;

- Абылхайыр хан, Рыскулов, Саламатов көшелерінің Желтоқсан көшесінен бастап Саламатов көшесіндегі көпірге дейін қайта жаңғырту;

- Қызылорда қаласындағы Қызылжарма көшесінің құрылысы;

- Қызылорда қаласындағы Бокейхан көшесінен бастап Султан Бейбарыс көшесіне дейін Жибек жолы көшесін қайта жаңғырту;

- «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Төгіскен-Келінтөбе» облыстық маңызы бар автожолының күрделі жөндеу;

- аудан және Қызылорда қаласының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Құрылысқа
2014 жылы облыстық бюджеттен 26 330 млн. теңге қаржы қаралды, оның ішінде:

Несиелік тұрғын үйлер құрылысына, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысына және жас отбасыларға тұрғын үй құрылысына қоса қаржыландыруға;

Юстиция департаментінде мемлекеттік комиссия актілерін және құрылыс нысандарының құжаттарын тіркеуге;

мамандандырылған ХҚКО құрылысын қоса қаржыландыру;

Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі, Арал ауданы Арал қаласындағы, Қызылорда қаласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қоса қаржыландыруға;

Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Қызылорда қаласы Титов ауданындағы 60 пәтерлік № 1 үйдің, КБИ ауданындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік № 1 үйдің құрылысын бастауға;

Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Титов ауданындағы 60 пәтерлік үйдің, КБИ ауданындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік үйдің инженерлік жүйелерін жүргізуге;

Қызылорда қаласы Абай даңғылындағы «Болашақ» университетінің, Қызылорда қаласы «Жайна» сауда үйінің аумағында Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына;

инфрақұрылымды индустриалдық аймаққа жеткізуге;

Арал аудандық арнайы қабылдау пунктінің ғимараты құрылысына жоба сметалық құжаттамасын дайындауға;

ауданы Әйтеке би кентінің № 11 учаскендігі Т.Айбергенов көшесіндегі 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысына;

Қармақшы ауданы Қорқыт ата мемориалдық кешенін қайта жаңғыртуға.

2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері қысқаша осындай.

2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет