Мұғалімнің жобалау зерттеу іс-әрекеті Жоспар



бет1/5
Дата24.02.2022
өлшемі33.31 Kb.
#455718
  1   2   3   4   5
Мұғалімнің жобалау зерттеу іс (2)


Мұғалімнің жобалау зерттеу іс-әрекеті


Жоспар

  1. Жобалау әрекетінің нәтижелері;

  2. Жобалау әрекетінің нәтижелерін бағалау.

  3. Педагогикалық жобалаудың мәні

  4. Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары

Жобалау әрекетінің нәтижелері. Зерттеушілер кез келген жобалау әрекетінің «көп деңгейлі» екендігіне назар аударады. Педагогикалық үрдісі аумағында жүзеге асырылатын жобалау үшін (психологиялық- педагогикалық жобалау) екі нәтижеге жету маңызды: «заттық» және «адами». Біреуі жобалауға қатысуына байланысты адамның қасиеттерінің, сипаттамаларының, қарым- қатынасының өзгеру деңгейінде көрініс табады. Мұндай өзгерістерге креативті ойлаудың, қиялдың дамуын, жобалауда жұмыс істеудің дағдылары мен ептіліктеріне үйренуді, коммуникативті мәдениеттің қалыптасуын жатқыза аламыз. Екіншісі тікелей жобалау нәтижесінің сапасымен байланысты. Сонымен қатар, жобалау әрекеті бір қатар тікелей және жанама эффектілері бар. Мысалы, жобалау қатысушыларының диагностика, жобалау, экспертиза, рефлексия сияқты қосымша іс-әрекет түрлерін меңгеруі немесе жаңа кәсіби салаға деген қызығушылықтың пайда болуы.


Білім саласындағы жобалаудың негізгі нәтижесі – білім жүйесіндегі немесе әр деңгейдегі институттардағы инновациялар мен өзгерістер. Сонымен қатар, адамдарға тікелей немесе жанама әсер ететін әр түрлі тұлғалық, ұйымдастырушылық- басқару, әлеуметтік эффектілер қалыптасады. Мысалы, жаңа білім стандарттарын жобалау оқыту жүйесіне жаңалықтарды енгізеді, ал бұл оның сапасына әсер етеді және олардың біліміне, тәжірибелеріне, қабілеттіліктеріне қойылатын талаптарды өзгертеді.
Нәтижесінде, жаңа оқу- методикалық жүйесі қалыптасатын жоба, оның негізінде жұмыс істейтін мамандарды талап етеді және оқытудың жаңа перспективаларын ашады.
Осылайша, 1990 жылы Ресей Федерациясының білім министрлігінің құрылымдық бағдарламасының аумағында жасалынған «Орта аранайы оқу мекемелерінің студенттерінің оқу ғылыми әрекетін ұйымдастырудың ғылыми методикалық негіздері» атты білім саласындағы жобалаудың заттық нәтижесі ғылыми- методикалық құрылымының қайтарымды байланысы және оны қолдау моделі болып табылады. Оны қолдану оқу үрдісі кезінде болашақ маманның тұлғалық- кәсіби сипаттамаларын есептеуге және өлшеуге мүмкіндік берді (сыпайылық, оқу-зерттеушілік, кәсіби мәдениет және т.б.).
Осы нәтижеге жету барысында оқытушылар мен студенттердің зерттеушілік мәдениетінің деңгейі жоғарылады, жаңа оқу бағдарламаларын жасайтын шығармашылық топтар қалыптасты. Оқытушыларды қайта оқыту жобасының материалдық нәтижелеріне жатады:
· Оқу- әдістемелік жоспар, білім саласындағы менеджерлерді қайта дайындаудың алты апталық оқу бағдарламасы;
· Оқу- әдістемелік жоспар және инновациялық менеджмент бойынша жетекшілерді дайындау курстарының құрылымы.
· Курс тыңдаушыларына таратылатын материалдар.
· Курс бағдарламасы бойынша тематикалық кододиапозитвтер.
· Негізгі оқу пәндерінің сипаттамасы.
Осының барлығы жаттықтырушылар мен курс тыңдаушылары үшін жаңа оқу-әдістемелік негізін құрады.
Әлеуметтік педагогикалық жобалаудың нәтижесінде білім жүйелерінің шарттары, педагогикалық үрдістер өзгереді және адам қалыптасады.Бұл өзгерістер өзінің әлеуметтік- психологиялық және психологиялық- педагогикалық эффектілерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет