Жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы



Дата29.02.2016
өлшемі55.38 Kb.
#33364


2013-2015 жылдарға арналған

Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №75 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

2013 - 2015 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 31 879 342 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 14 259 654 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 87 219 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 150 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 17 382 469 мың теңге;

2) шығындар – 34 640 136 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 29 300 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 29 300 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 2 790 094 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 2 790 094 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi – 2 790 094 мың теңге.

қарыздарды қайтару – 0 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 20 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 20 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі.

4. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

5. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес:

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 18 660 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 731 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 18 660 теңге болып белгіленгені басшылыққа және еске алынсын.

6. 2013 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен келесідей мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

мектепке дейінгі білім ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыруға - 907 019 мың теңге;

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жалпы сомасы 37 904 мың теңге, оның ішінде:

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинетін оқу жабдығымен жарақтандыруға – 24 582 мың теңге;

үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламамен қамтуға – 13 322 мың теңге.

жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына (қамқоршыларына) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне – 94 828 мың теңге;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы көлемін ұлғайтуға – 190 443 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыларын көтеруге – 54 991 мың теңге;

жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы шеңберінде шараларды іске асыруға жалпы сомасы – 218 519 мың теңге, оның ішінде:

кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға– 2 976 мың теңге;

халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге – 30 114 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 90 751 мың теңге;

жастар тәжірибесіне – 94 678 мың теңге.

арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді іске асыруға жалпы сомасы – 19 355 мың теңге, оның ішінде:

әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге – 14 103 мың теңге;

медициналық-әлеуметтік мекемелердің күндізгі бөлімшелері желісін дамытуға – 5 252 мың теңге.

эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 21 100 мың теңге;

7. 2013 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен дамыту мен несиеге келесідей мөлшерлерде нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 1 208 339 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйді жобалауға, құрылысына және (немесе) сатып алуға – 3 605 920 мың тенге;

инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыру және (немесе) сатып алуға – 2 081 763 мың теңге;

жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға мен жайластыруға – 10 000 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 787 778 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 3 686 008 мың теңге;

жылу-энергетикалық жүйені дамытуға – 885 808 мың теңге;

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2013 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер, даму трансферттері мен кредиттері түскені ескерілсін, оның ішінде:

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 188 469 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйді жобалауға, құрылысына және (немесе) сатып алуға – 308 746 мың тенге;

инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыру және (немесе) сатып алуға – 428 798 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 599 384 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуіне – 676 140 мың теңге;

қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамытуға– 161 724 мың теңге;

спорт және туризм объектілерін дамытуға – 687 675 мың теңге;

жылу-энергетикалық жүйені дамытуға – 391 000 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 2 792 852 мың теңге;

елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыруға – 125 000 мың теңге;

мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға мониторинг жүргізуге – 3 000 мың теңге.

Аталған трансферттер сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

9. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органының 2013 жылға арналған резерві 296 366 мың теңге сомасында бекітілсін.

10. 2013 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

11. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.




Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

А.Айтжанов С. Шынтасова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет