Дәріс қОҒамдық мақсаттағы аумақтарды кешенді абаттандыруды жобалауғА Қойылатын талаптар жалпы ережелер



Дата03.01.2022
өлшемі12.75 Kb.
#450425
қаланы абаттандыру ДӘРІС 1


ДӘРІС 1. ҚОҒАМДЫҚ МАҚСАТТАҒЫ АУМАҚТАРДЫ КЕШЕНДІ АБАТТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жалпы ережелер.

1.Қоғамдық мақсаттағы аумақтарды кешенді абаттандыруды нормалау объектілеріне: елді мекеннің қоғамдық кеңістігі, әр түрлі жағдайларда орталық ядроны құрайтын қоғамдық құрылыстың аймақтары мен телімдері, жалпы қалалық және жергілікті маңызы бар орталықтар, көп функциялық, елді мекеннің магистралдық және арнайы қоғамдық аймақтары жатады.

2.Қоғамдық мақсаттағы аумақтардың жоғарғы қала құрылыстық мәні де ерекше, әдетте, құрылыс салу сипаты кешенді абаттандыру элементтері мен объектілерін жобалауға жеке көзқарасты анықтайды.

3.Қоғамдық мақсаттағы аумақты кешенді абаттандыруды жобалау кезінде бақылау үшін аумақтың ашықтылығы мен анықтылығын, халықтың қимылы шектеулі тобын қоса, халықтың кедергісіз қозғалу мүмкіндігін, тарихи қалыптасқан жобалау құрылым мен құрылыстың масштабын сақтап қалуды, абаттандыру элементтерінің қаланың қоршаған ортасымен бірегей стилін ұстануын қамтамасыз ету керек.



Қоғамдық кеңістік

1.Елді мекеннің қоғамдық кеңістігі магистралдық және көп функциялық аймақтарда, жалпықалалық орталықтарда, елді мекендердің орталық аумағының құрамында орналасқан.

2.Жаяу жүргіншілер аймағы мен коммуникациясындағы, сонымен қатар қоғамдық құрылыс салу телімдерінің кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізбесі: кешенді абаттандырудың міндетті элементтер тізбегіне, сондай-ақ қоғамдық құрылыс телімдеріне: плиталық төсеніш түріндегі қатты жабулар, жоғарғы жақтарды тоқайластыру элементтері, көгалдандырудың мобильді формалары, орындықтар, қоқысқа арналған кішкентай контейнерлер мен сауыттар, көшелік техникалық құрылғылар, жарық түсіруші құрылғылар, архитектура – декоративті жарық беруші құрылғылар, қалалық ақпаратты ілгіштер.

3.Көгалдандыру телімі аумағындағы кешенді абаттандырудың элементтерінің міндетті тізбесі: көгалдырылған телімді жанасқан аумақтармен түйістіру элементтерінен (бүйір тас, тірек қабырғалары ж.б.), төсеудегі көшеттерді қорғау элементтерінен (жабынның арнайы түрлері, тірек маңының қоршаулары ж.б.) тұрады. ҚР ҚН 3.01-05-2013 18 6.3 Қоғамдық құрылыстың телімдері мен арнайы аймақтары 6.3.1 Келудің жабық немесе шектеулі тәртібі бар (басқару органдары, елшілік, ауруханалар ж.с.с.с) қоғамдық құрылыстың телімдері мен арнайы аймақтарын кешенді абаттандыруды жобалау тапсырмасы мен салалық мамандыққа сай жобалау керек.



4.Қоғамдық құрылыстың арнайы аймақтары мен аумақтарындағы кешенді абаттандырудың міндетті элементтер тізбегіне: жабынның қатты түрлерін, беткі қабаттардың түйісетін элементтерін, көгалдандыруды, қоқысқа арналған урналар мен контейнерлерді, жарықтандыру жабдықтарын, мекемелердің ақпараттық рәсімделуін тасығыштарды енгізу керек. Мақсаты келушілерді қабылдауға байланысты мекемелер үшін отыратын орындықтар орналастыру міндетті болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет