Жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі166.43 Kb.
#2568
2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат
2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының № 26-134-V шешімі 2013 жылдың 23 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2014 жылдың 10 қаңтарында 2487 нөмірімен тіркелген.

«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңың іске асыру туралы ҚР Үкіметінің қаулылырына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес Мақтаарал аудандық маслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы №27-145-V, 2014 жылғы 24 ақпандағы №28-149-V, 2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-169-V, 2014 жылғы 26 мамырдағы №31-174-V, 2014 жылғы 12 тамыздағы №34-194-V, 2014 жылғы 3 қарашадағы №36-212-V, 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №37-215-V шешімдермен және Мақтарал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы №143, 2014 жылғы 12 ақпандағы №166, 2014 жылғы 25 ақпандағы №229, 2014 жылғы 28 сәуірдегі №475, 2014 жылғы 28 мамырдағы №615, 2014 жылғы 16 маусымдағы №715, 2014 жылғы 25 шілдедегі №846, 2014 жылғы 18 тамыздағы №991, 2014 жылғы 27 қазандағы №1197, 2014 жылғы 4 қарашадағы №1236, 2014 жылғы 12 қарашадағы №1266, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1327 каулыларымен 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттің

негізгі параметрлері

млн. теңге



Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Түсімдер

26 833,8

20 964,4

22 538,1

Кірістер, оның ішінде:

26 424,2

20 964,4

22 538,1

Салықтық түсімдер

1 614,9

1 447,2

1 502,0

Салықтық емес түсімдер

14,9

8,9

9,6

Капиталмен операциялардан түсетін кірістер

43,3

10,0

10,0

Трансферттерден түсетін түсімдер, оның ішінде:

24 751,1

19 498,3

21 016,4

нысаналы трансферттер

10 142,5

4 749,3

6 079,8

Субвенциялар

14 608,6

14 749,0

14 936,6

Бюджеттік кредиттерді өтеу

32,4

0,0

0,0

Қарыздардың түсімі

296,0

0,0

0,0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

81,2

0,0

0,0

Шығыстар

26 833,8

20 964,4

22 538,1

Шығындар, оның ішінде:

26 459,9

20 964,4

22 538,1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

678,1

666,3

668,6

Қорғаныс

26,34

19,2

19,2















жалғасы

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Білім беру

18 277,3

13 763,2

15 073,9

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

1 320,7

1 071,9

1 141,4

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2 427,6

1 390,0

921,4

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

639,7

517,6

518,3

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

2 089,9

2 751,1

3 400,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

331,7

144,2

150,2

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

37,4

33,2

33,1

Көлік және коммуникация

339,2

303,7

308,0

Басқалар

280,3

304,0

304,0

Борышқа қызмет көрсету

0,06

0,0

0,0

Трансферттер

11,6

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттер

296,0

0,0

0,0

Қаржы активтерін сатып алу

46,2

0,0

0,0

Қарыздарды өтеу

31,7

0,0

0,0


Түсімдер
Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, 2014 жылғы аудан бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 1 673,1 млн. теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 1 614,9 млн. теңге;

- салықтық емес түсімдер – 14,9 млн. теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 43,3 млн. теңге.

Жоғары тұрған бюджеттерден Мақтарал ауданының 2014 жылғы бюджетіне мақсатты трансферттер мен кредиттерге 25 047,1 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде ағымдағы – 5 130,0 млн. теңге, дамуға – 5 012,5 млн. теңге, субвенциялар 14 608,6 млн теңге және кредиттер – 296,0 млн. теңге.


Шығыстар

2014 жылға салалар бойынша аудандық бюджет шығыстары

Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала шығындары үш функционалдық топтарды қамтиды, олар: білім беру; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

Жалпы әлеуметтік салаға 2014 жылы аудандық бюджетте 20 237,7 млн. теңге қарастырылып, немесе жалпы шығындардың 75,4 пайызын, 2015 жылы 15 352,7 млн. теңге немесе 73,2 пайызын, 2016 жылы 16 733,6 млн. теңге немесе 74,2 пайызын құрайды.



Білім беру
«Білім беру» функционалдық тобының шығындарына 2014 жылы аудандық бюджетте 18 277,3 млн. теңге қаралды. Оның ішінде, білім беру мекемелерінің күрделі жөндеуден өткізуге және материалдық техникалық базаны нығайтуға 322,3 млн. теңге бағытталса, білім нысандарының құрылысына 2 401,7 млн теңге бағытталған.

Білім саласының 2014-2016 жылдардағы шығыстары

млн. теңге



Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

3 097,9

683,8

683,8

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

60,1

40,7

41,7

Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру

17,3

16,3

16,3

Жалпы білім беру

12 074,9

11 241,3

11287,3

Балаларға қосымша білім беру

82,1

74,5

74,7

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

39,8

35,7

35,8

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

24,9

18,4

18,4

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

113,4

113,9

114,3

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі

42,8

46,0

52,0

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

322,3

197,4

297,0

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

2 401,7

1295,1

2452,4

2014 жылы аудандық бюджеттен Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыруға 13 ауыл округтерінде 1367 баланы мектепке тегін тасымалдауға 17,3 млн. теңге қаржы бөлінсе, білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге 113,4 млн. теңге бөлінді.

Білім беру саласы бойынша нысандардың құрылысы, қайта құру жұмыстары мен жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2014-2016 жылдарға аудандық бюджеттен 23 нысанға 398,0 млн. теңге бағытталды.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобының ағымдағы шығындарына 2014 жылға 1 320,6 млн.тенге, (2015 жылға – 1 071,9 млн.тенге, 2016 жылға – 1 141,4 млн.тенге) қарастырылған.

Қарастырылған қаржылар есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарына сәйкес азаматтардың белгіленген топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.



Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары ары қарай жалғасын табатын болады. Атап айтсақ, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету, техникалық және көмекші құралдарымен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған шығындары

млн.теңге

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Жұмыспен қамту бағдарламасы

120,4

16,1

17,4

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

27,9

27,0

27,0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

10,5

30,0

30,0

Тұрғын үйге көмек көрсету

19,7

20,0

20,0

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

65,5

20,2

20,8

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

3,5

2,7

2,7

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

112,6

106,3

106,4

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыла

795,0

747,7

814,9

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

50,5

48,8

48,8

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

60,0







Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

50,8

48,0

48,4

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

4,1

5,0

5,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобының шығындарына 2014-2016 жылдарға аудандық бюджеттен 1675,6 млн. теңге қаралды. Оның ішінде: 2014 жылы – 639,7 млн. теңге, 2015 жылы – 517,6 млн. теңге, 2016 жылы – 518,3 млн. теңге.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бойынша

2014-2016 жылдардағы шығыстары
млн .теңге

Іс-шаралар атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

138,2

126,3

126,3

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

23,5

20,7

20,7

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

1,0







Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

276,9

226,2

227,0

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

2,7

2,7

2,7

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

11,4

7,5

7,5

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

1,5







Cпорт объектілерін дамыту

42,2







Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

84,5

77,6

77,6

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

11,7

11,1

11,1

Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

6,5

6,4

6,4

Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер

2,7

4,0

4,0

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметте

8,8

9,4

9,4

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

13,7

11,3

11,3

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

14,4

14,3

14,3

Спорт және дене шынықтыру саласы бойынша нысандардың құрылысы, қайта құру жұмыстарына және жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2014 жылы 42,2 млн теңге бағытталды.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобының шығындарына 2014 жылға 2 427,6 млн. теңге, 2015 жылға – 1 390,0 млн. теңге, 2016 жылға – 921,4 млн. теңге қаралды.

Тұрғын үй шаруашылығы
Инвестициялық саясаттың тұрғын-үй құрылысындағы негізгі мақсаты, халықтың қалың бұқарасына тұрғын-үйдің қол жетімділігін қамтамасыз етудегі мәселелерді кешенді шешу.

Осы мақсатта, Мемлекеттік «Қол жетімді тұрғын-үй» бағдарламасы аясында несиелік, арендалық және коммуналдық тұрғын-үй құрылысына, 2014 жылы 87,9 млн. теңге қарастырылған.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2014 жыл -1 нысанға 11,7 млн.теңге қарастырылған.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеуге 2014 жылы мәдениет нысандарына 173,3 млн теңге, білім нысандарына 721,3 млн. теңге және көшелер мен жолдарды жөндеуге 94,4 млн теңге қарастырылды.


Коммуналдық шаруашылық
Коммуналдық шаруашылықты дамытуға аудандық бюджет есебінен 2014-2016 жылдарға 3040,1 млн. теңге (2014 жылға – 1071,7 млн. теңге, 2015 жылға – 1 168,5 млн. теңге, 2016 жылға – 799,9 млн. теңге) жоспарлануда.

Оның ішінде, 2014 жылы Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша 23 нысанға 247,3 млн. теңге, Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, яғни Жетісай қаласының канализациялық жүйелерін ж/е иммараттарын қайта құруға 794,4 млн. теңге, Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, яғни Мақтарал ауданының Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған елді мекендерінің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру (ІІ кезек) нысанына 30 млн. теңге қарастырылды.


Елді-мекендерді абаттандыру
Елді-мекендерді абаттандыру бойынша 2014-2016 жылдарға аудандық бюджет есебінен – 376,8 млн. теңге (2014 жыл – 190,8 млн. теңге, 2015 жыл – 93,0 млн. теңге, 2016 жыл – 93,0 млн. теңге) қарастырылуда.

2014 жылы қарастырылған қаржылардың ішінде Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамытуға 1,7 млн теңге, Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 37,9 млн. теңге, Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге және Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеуге 46,0 млн. теңге, Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыруға 105,2 млн теңге бағытталды.


Отын-энергетика кешенi
Газбен қамтамасыз етуге және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 2014-2016 жылдарға облыстық және аудандық бюджет есебінен 8 234,0 млн. теңге (2014 жыл – 42 нысанға 2 082,9 млн. теңге, 2015 жыл – 17 нысанға 2 751,1 млн. теңге, 2016 жыл – 14 нысанға 3 400,0 млн. теңге) бағытталған.

Электр қуатымен қамтамасыз етуге және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 2014 жылға аудандық бюджет есебінен 2 нысанға 7,0 млн. теңге бағытталған.


Көлiк және коммуникация
Көлік және коммуникация саласына аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылысына, қайта құру жұмыстарының шығындарына аудандық бюджеттен қаржы бағыттау көзделуде.
Көлiк және коммуникация саласында 2014-2016 жылдарға

шығындардың көлемі

млн.теңге

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Көлік инфрақұрылымын дамыту

2,0







Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

326,8

291,0

295,3

Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

10,0

12,7

12,7

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0,4








Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары функционалдық тобының шығындары 2014 жылы 331,7 млн. теңге, 2015 жылы – 144,2 млн. теңге, 2016 жылы – 150,2 млн. теңге құрайтын болады.

млн. теңге

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру

62,0

67,5

72,6

Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

47,7







Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

9,6

9,4

9,4

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0,1







Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру




0,8

0,8

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

9,5

6,0

6,0

Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

20,8

2,0

2,0

Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

15,2

14,6

15,5

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу

0,6

0,7


0,7

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

46,4

33,1

33,1

Елдi мекендердi жерге және шаруашылық жағынан орналастыру

0,2

10,0

10,0


Ауылдың әлеуметтік саласындағы және ветеринариядағы мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар

млн. теңге

Іс-шаралардың атауы

2014 жыл

адам

млн. теңге

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер

107

296,0


Өңірлерді дамыту
2014 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 11 нысанның құрылыс жұмыстарына 266,3 млн.теңге бағытталуда.
Бюджетаралық қатынастар
Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» № 21/173-V шешімімен үш жылға арналған облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы бюджетаралық қатынастары бекітілген.

2014-2016 жылдарға облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін субвенциялар (бюджеттік қаржылар) 2014 жылға – 14 608,6 млн. теңге, 2015 жылға – 14 749,0 млн. теңге, 2016 жылға – 14 936,0 млн. теңгені құрады.

2014 жылға жоғары тұрған бюджеттерден аудандық бюджетке нысаналы трансферттер мен кредиттерге 10 438,5 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде:

Нысаналы ағымдағы трансферттер – 5 130,0 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: облыстық бюджет есебінен 573,1 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен - 4 556,9 млн. теңге.



Даму трансферттері сәйкесінше – 5 012,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: облыстық бюджет есебінен – 2 723,0 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен – 2 243,3 млн. теңге, республикалық бюджеттен қарастырылған кредиттер 296,0 млн. теңге.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет