ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ
Тұрғын үй көмегін алуға кімдердің құқығы бар?
| Тұрғын үй көмегі белгілі бір мекен-жайда тұрақты тұратын, жеке меншігіндегі немесе пайдалануындағы тұрғын үйге тіркелген (жалдаушы, жалға алушы), егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары отбасы бюджетінде тұрғын үй алаңының нормалары мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері шегінде, осы мақсатқа жұмсалатын шығындардан асып кеткен жағдайда төленеді. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарының шекті деңгейі отбасының жиынтық табысыынң 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді. | талаптары |
Тұрғын үй көмегін алуға егер жұмысқа жарамды жұмыс істемейтін, күндізгі оқу орнында оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалардың құқығы жоқ, күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектер күтімімен айналысатын немесе үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп бала тәрбиесімен айналысатын және кішісі бірінші сыныпты бітіргенше төрт немесе одан да көп бала тәрбиесімен айналысатын (9 жастан аспау керек), асыраушысынан айрылу себепті өзіне және кіші баласы 8 жасқа толғанша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалардан басқа.
| |
Тұрғын үй көмегінің мөлшері айына тұрғын үй көмегін алушының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, қалалық телекоммуникация желілері телефон абоненттерінің абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу сомасымен және тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасы шығындарының шекті деңгейінің аарсындағы айырмасы ретінде есептеледі.
| Қажетті құжаттар тізбесі | -
Өтініш иесінің жеке куәлігі;
-
өтініш иесінің СТН-і;
-
жекешелендіру, сатып алу-сату шарттары, ордер немесе пәтерді жалға алу жөніндегі шарттар және т.б.;
-
азаматтарды тіркеу кітабы;
-
барлық отбасы мүшелерінің тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы кірістері туралы анықтама (еңбекақы, шәкіртақы, алименттер, зейнетақы, мүгедектігі үшін жәрдемақы);
-
отбасы жағдайын куәландыратын құжат;
-
Өтініш иесінің қалалық телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатынын растайтын құжат (телекоммуникация қызметі үшін жасалған шарт немесе түбіртек);
-
жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға ықпал ету бөлімінен анықтама тапсырады;
-
соңғы айдың жылу, ыстық су, суық су және кәріз, газ бен қоқыс шығару бойынша жеке есепшот түбіртектері.
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |