Ағымдағы жылдың 1 қазанына
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
Ақпарат
2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыруға 4791,2 млн.теңге қаралды, (республикалық бюджеттен – 4102,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.теңге).
Ағымдағы жылдың 1 қазанына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушысы болып 7223 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалынды, жұмылдыру жоспарының 102,4% (7052 адам), соның ішінде жұмыссыздар – 46,7% (3369 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 53,3% (3852 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 5,5% (398 адам).
Облыс бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасқандар ішінен орташа:
-
әйелдер – 41,8% (3021 адам);
-
жастар – 47,7% (3448 адам).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және дәрігерлік амбулаторияларды салуға 3359,8 млн.теңге қаралды (республикалық бюджеттен – 2670,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.тенге).
Ағымыдағы жылдың 1 қазанына барлығы 2349,2 млн.теңге игерілді, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 394,9 млн.теңге.
76 инфрақұрылым жобаларын іске асыру жоспарланды (66 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу), онда 2126 жұмыс орындарын құру болжануда.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына жоспарланған 66 нысанның ішінен 40 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды (22 білім беру, 8 мәдениет, 4 денсаулық сақтау, 4 спорт, 2 жол жөндеу нысандары). Қалған 26 нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде (13 білім беру, 9 денсаулық сақтау, 2 мәдениет, 2 спорт).
Нақты құрылған жұмыс орындарына 1576 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінен жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша 905 адам немесе 57,4%.
Жоспарланған 10 дәрігерлік амбулаториялардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Нақты құрылған жұмыс орындарына 160 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша 61 адам немесе 38,1%.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 688,1 млн.теңге бөлінді.
ЖҚЖК-2020 аясында шағын несиелеуге 509,5 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 354 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 606,8 млн.теңгеге шағын несие берілді (соның ішінде 46 адамға сомасы 97,3 млн.теңге қайтарылған қаражат есебінен). Шағын несие негізінен мал шаруашылығын дамытуға, жылыжай кешенін салуға, техникалық қызмет көрсету бекеттерін, шаштараз, монша, мейрамхана қызметтерін ашуға берілді.
173 Бағдарлама қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды немесе жылдық жоспардың 100%.
Жетіспейтін инженерлі - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 95 шағын несие алушыларға сомасы – 172,0 млн.теңге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 81,2 млн.теңге игерілді.
Атап айтқанда 91 жоба бойынша жетіспейтін инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту аясында қосалқы технологиялық жабдықтарды сатып алу, құрылыс монтаж жұмыстар жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында республикалық бюджеттен – 741,7 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына Жұмыспен қамту орталықтарымен барлығы 8573 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде:
- тұрақты жұмыс орындарына 5460 адам жұмысқа орналастырылды (63,7%);
- уақытша жұмыс орындарына 3113 адам жұмысқа орналастырылды (36,3%).
2014 жылы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 361,7 млн.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына 385 адам (кәсіптік даярлауға – 184 адам, қайта даярлауға – 175 адам, біліктілігін атрттыруға – 26 адам) келесідей мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жіберілді: автокөлік жөндеу слесарлары, газ құрылғыларын пайдалану және жөндеу слесарлары, тракторшы-машинисттер, газдыэлектрдәнекерлеуші, шаштараз, аспаз-тәттігер, сатушы-бақылаушы, тігінші және т.б.
Ағымдағы жылы кәсіптік даярлауды аяқтаған 662 адамның ішінен 496 адам жұмысқа орналастырылды немесе 75,0% (2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жолданған).
Ағымдағы жылдың 1 қазанына:
- 1291 жұмыссыз адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етілді, жоспар бойынша 1166 адам (жоспардың 110,7%). 152,9 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 218,9 млн.теңге немесе 69,8%. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандардың орташа жалағы мөлшері 48000 теңге.
Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 1184 адамның ішінен, 775 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 65,5%-ы.
Жастар іс-тәжірибесіне 856 жұмыссыз-түлектер жіберілді, жылдық жоспар бойынша 817 адам (жылдық жоспардың 104,8%). 118,3 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 162,6 млн.теңге немесе 72,8%.
Жастар тәжірибесін аяқтаған 1081 адамның ішінен 658 адам немесе 60,9% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Облыста Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |