2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптасты және Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2009 жылғы 18 маусымда № 827 қол қойылды.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылға 18 желтоқсандағы 22 сессиясында үш жылдық кезеңге 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді, сондай ақ 2014 жылы 139,9 млрд.теңге, республикалық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 83,9 млрд.теңге, трансферттер мен кредиттер көлемі 48,2 млрд.теңге.
Үстіміздегі жылдың 30 шілдедегі облыстық бюджет Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 29 сессиясында 6 264,5 млн теңгеге нақтыланды.
2014 жылға арналған облыстық бюджеттің параметрлері
млн.теңге
|
|
2014жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
|
I. Кірістер
|
172 305,5
|
91 389,7
|
92 891,8
|
|
Салықтық түсімдер
|
31 361,5
|
5 641,8
|
7 649,1
|
|
Салықтық емес түсімдер
|
12 276,6
|
458,7
|
486,1
|
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
15,9
|
17,0
|
18,2
|
|
Трансферттердің түсімдері
|
139 700,4
|
85 272,3
|
84 738,4
|
|
II. Шығындар
|
169 560,1
|
90 199,2
|
91 692,5
|
|
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ
|
5 314,1
|
-470,5
|
-149,8
|
|
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР
|
6 060,8
|
190,0
|
199,3
|
|
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ
|
746,7
|
661,0
|
349,0
|
|
IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО
|
4 884,4
|
1000,0
|
1000,0
|
|
ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ
|
4 884,4
|
1000,0
|
1000,0
|
|
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР
|
|
|
|
|
V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)
|
-7 453,1
|
661,0
|
349,0
|
|
VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)
|
7 453,1
|
-661,0
|
-349,0
|
|
ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ
|
5 515,4
|
661,0
|
349,0
|
|
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ
|
668,1
|
661,0
|
349,0
|
Түсімдер
Бюджет кірісіндегі негізгі түсім түсетін көздері, яғни айтқанда, табыстардан ұсталатын жеке табыс салықтары, әлеуметтік салыққа мән беріліп, 2009 жылдан бергі түсім көздерінің серпіні мен өсу көрсеткіштерін салыстыра отырып, контингентке есептемелер жасалды.
Алдағы үш жылдық кезеңге облыстық бюджеттің төменгі деңгейдегі бюджеттермен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар арқылы реттеледі, оның ішінде:
Қызылорда қаласы бюджетімен:
Жеке табыс салығы бойынша: 77,6% –қалалық бюджетке, 22,4% – облыстық бюджетке;
Әлеуметтік салық бойынша: 70%- қалалық бюджетке,
30% – облыстық бюджетке
Аудандық бюджеттермен:
әлеуметтік салық бойынша: 90% – аудандық бюджетке,
10%- облыстық бюджетке;
Бюджетті нақтылау барысында «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлінетін төлемақы» бюджеттік кодына 4 873 190,6 мың теңгеге ұлғайту жоспарланды.
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері
млн.теңге
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
|
Түсімдер
|
172305,5
|
91 403,9
|
31 389,7
|
|
ІЖӨ-ге %
|
1 277,4
|
1338,7
|
1407,0
|
|
Кірістер, оның ішінде:
|
32 605,1
|
6117,5
|
8153,4
|
|
Салықтық түсімдер
|
31 361,5
|
5641,8
|
7649,1
|
|
Салықтық емес түсімдер
|
1 227,6
|
458,7
|
486,1
|
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер
|
15,9
|
17,0
|
18,2
|
|
|
|
|
|
|
|
Бюджеттік алулар (мың теңге)
|
|
Атауы__2012_жыл__2013_жыл'>Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
|
Барлығы
|
0
|
- 2 091 682
|
- 4 019 307
|
|
Қызылорда қаласы
|
|
- 2 091 682
|
- 4 019 307
|
|
Субвенциялар
|
|
мың теңге
|
|
Атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
|
Барлығы
Арал ауданы
Қазалы ауданы
Қармақшы ауданы
Жалағаш ауданы
Сырдария ауданы
Шиелі ауданы
Жаңақорған ауданы
|
30 235 228
5 571 165
6 098 750
4 111 695
2 669 834
1 431 822
5 198 261
5 153 701
|
29 461 485
5 499 236
6 078 880
4 068 684
2 598 401
1 148 985
5 074 093
4 993 206
|
28 599 752
5 425 478
5 993 721
4 007 637
2 519 613
918 364
4 935 145
4 799 794
|
|
|
|
|
|
Шығындар
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстары Елбасының Қазақстан халқына жолдауларында айқындалған тапсырмаларды орындау, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесін дамыту және әлеуметтік сала бойынша Жол карталарын іске асыру жалғасын табуда.
Сонымен қатар, 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасының ерекшеліктерінің басым бағыттары тіректі елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарын іске асыру және аппаттық жағдайдағы әлеуметтік нысандарды аяқтау болып табылады.
Үш жылдық (2011-2013 жылдар) кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің аяқталуына байланысты осы жылы 2014-2016 жылдарға арналған аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемін анықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі 2014 жылға - 30 235,2 млн.теңге, 2015 жылға - 29 461,5 млн.теңге, 2016 жылға-28 599,7 млн. теңге көлемінде анықталды.
Айта кететін жайт, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында жергілікті бюджет шығындарының базасына тұрақты сипаттағы шығындар ретінде, бұрын соңды республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде бөлінген шығындар берілді 2014 жылы – 12,4 млрд. теңге, 2015 жылы-12,3 млрд. теңге, 2016 жылы-12,9 млрд. теңге, оның бөлігі аудандар мен Қызылорда қаласына бөлінеді.
Жалпы бюджетте базалық шығыстар сақтала отырып, жаңа бастама шығындары көрініс тапты:
|
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
|
ІІ. Шығындар
|
169 560,1
|
90 199,2
|
91 692,6
|
01
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
5378,4
|
1 507,9
|
1 286,5
|
02
|
Қорғаныс
|
1603,9
|
367,5
|
367,5
|
03
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
6286,5
|
5 280,5
|
5 004,2
|
04
|
Білім беру
|
27 413,3
|
14 943,3
|
17 694,1
|
05
|
Денсаулық сақтау
|
34 326,6
|
13 525,9
|
12 310,3
|
06
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру
|
4 834,5
|
2 768,4
|
2 842,9
|
07
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
17 138,6
|
1 447,9
|
670,3
|
08
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
|
8 961,0
|
6 531,3
|
6481,3
|
09
|
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
|
1 973,6
|
91,5
|
|
10
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
13 488,5
|
8 604,5
|
9 029,0
|
11
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
514,8
|
278,3
|
690,0
|
12
|
Көлiк және коммуникация
|
10 217,8
|
4664,5
|
5 919,8
|
13
|
Басқалар
|
6 223,3
|
724,1
|
588,2
|
14
|
Борышқа қызмет көрсету
|
3,3
|
1,9
|
1,8
|
15
|
Трансферттер
|
31 195,7
|
29 461,4
|
28 599,7
|
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
-Атаулы функционалдық топ бойынша арнаулы атақтары үшін қосымша ақы мөлшерін арттыруға;
- режимдік стратегиялық объектілерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын штат санын ұстауға шығындарына;
- Жедел басқару орталығын қазіргі заманға сай дамытуға;
- патрульдік және жол полициясының бірігуіне байланысты 50 бірлік автокөлікпен толық қамтуға;
- көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға;
- материалдық-техникалық жарақтандыруға;
- Арал, Қазалы аудандары мен облыс орталығындағы жеке құрамды арнайы қару жарақпен толық қамтуға;
- барлық жасақты нормаға сай 100 пайыз формалық киіммен қамту;
- Тасбөгет кентіндегі полиция пунктін күрделі жөндеуге;
- Қызылорда қаласында қылмыстың алдын алу мақсатында бейнебақылау камера сатып алу және орнатуға;
- ішкі істер органдарын арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етуге;
- арнайы құралдарды нормативке сәйкестендіру үшін;
- жылжымайтын мүлік сатып алуға .
Білім беру
2014 жылға облыстық бюджеттен білім беру саласына барлығы 27 413,3 млн. теңге қаралған. Бұл шығындардың құрамында жаңа бастамадан келесі ескерілді:
- "Үздік орта білім ұйымы" номинациясына грант беруге;
- облыстағы 6 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және Дүние жүзілік Банкінің грантын қоса қаржыландыруға;
- жаңадан қосылған білім беру объектілерін ұстау (30 мектеп, балабақшалар мен шағын орталықтар);
- алғаш рет 53 мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың әдістемесін нығайту мақсатында, оның өздігімен тәлім-тәрбие, білім алуға арналған Монтессори кабинетімен жабдықтауға;
- алғаш рет облыстағы 0-4 сынып арасындағы оқушылардың майтабан, көз ауруы және омыртқа қисаюы аруларынын алдын алу мақсатында 8 427 бірлік Эрисман партасымен жабдықтауға;
- облыстағы мектеп мұғалімдерді ел ішінде және кәсіптік және техникалық білімдегі оқытушыларды шетелде біліктілігін арттыруға;
- Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінің инженер – педагогтарын шетелде кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;
- жоғары оқу орындарында мәдениет және өнер мамандығы бойынша білім алатын талантты жастардың оқуына;
- математика пәнінің мұғалімдеріне облыстық форум өткізуге;
- техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 10 жаңа мамандықтарды ашу үшін 8 колледждің материалды-техникалық базасын нығайтуға;
- Шиелі кентіндегі «Индустриалды-аграрлық колледжінің» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманы әзірлеуге;
- Балапан» бағдарламасын іске асыру үшін 2013 жылдың кредиторлық қарыздарды төлеуге;
- стомотологиялық кабинеттерін жабдықтауға;
- Жалағаш ауданы Ақсу ауылындағы № 116 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі № 26 орта мектеп ғимаратына жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Қармақшы ауданы Қармақшы ауылындағы № 113 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы № 19 «Балдәурен» балабақша ғимаратына жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауға;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау;
- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге;
- дарынды балаларға арналған №4 мектеп – интернаттың жылу жүйелері мен терезе және есіктерінің корапшаларын жөндеуге;
- «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығының 2 бу қазандығын демонтажына және орнатуына;
- Қызылорда политехникалық колледжінің оқу – шеберханасы, жылу жүйелері мен шатыр жабындысын күрделі жөндеуден өткізуге;
-«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығының 2 бу қазандығын ауыстыруға;
-Сырдария аграрлы – техникалық колледжінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- облыстық №8 мектеп интернатқа мембран қосылғылары бар қазіргі заман талабына сай жоғарғы сападағы ауыз су тазарту қондырғысын орнатуға;
- Шиелі кентіндегі 1200 орынға арналған №47 мектептің құрылысы аяқталуына байланысты ұстау шығындарына;
- Шиелі ауданы, Бестам ауылындағы 300 орынға арналған №205 мектептің құрылысы аяқталуына байланысты ұстау шығындарына.
Денсаулық сақтау
Медициналық қызметтер алуда азаматтардың қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыру мақсатында 2014 жылға барлығы –34 326,6млн теңге қарастырылды, оның ішінде; 2013-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытуда «Жол картасы» шеңберінде -1 929,0 млн теңге қаралуда:
- Облыстық қан орталығындағы құралдардың функционалдық тиімділігін арттыруға ;
- Облыстық қан орталығына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылдың 7 сәуірдегі №238 бұйрығына сәйкес қосымша ( 17,5 штаттық бірлік)
30 штаттық бірлік фтизиопедиатрлар , ем алатын науқастарға дәрі-дәрмектер туберкулезге қарсы ұйымдарына респираторлар мен маскаларға, жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау (науқастардың киімі),
- екінші кезең бойынша емделетін науқастарға әлеуметтік пакет қарастыруға;
- облыстық ішек аурулар ауруханасына этиотропты емге қарсы;
- бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарын тар буынды мамандармен толықтыруға 28 штаттық бірлік бойынша еңбекақысына ;
- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа стомотологиялық қызмет көрсететуді, оның ішінде мектептерде, стамотологиялық кабинеттер ашуды қамтамасыз етуге ;
- (27 штаттық бірлік аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерінде акушер-гинеколог және анестизиолог-реаниматолог мамандарының тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуге , аудандық ауруханалардың эндоскопист мамандарымен толықтыру -2,5 штаттық бірлік ;
- 2014 жылы 9 ауылдық ауруханасының жұмысын жалғастыруға және жаңадан ашылатын 4 ауылдық аурухана ашуға (Жанақорган ауданы Келинтөбе, Бірлік, Қожакент ауылдары және Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылындағы ауруханалар) ;
- онкологиялық диспансерге қосымша штаттық бірліктермен толықтыруға,
- онкологиялық науқастарға химиялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге;
- 2013-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың "Жол картасы" іс - шарасы шеңберінде қанайналым жүйесі ауруларын тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге (АГ, ИБС);
- Қызылорда қалалық жедел жәрдем станциясына қосымша 1 кардиобригадысына;
- облыстық медицина орталығындағы шұғыл медициналық көмек көрсетуде санитарлық авиация бригадаларын фельдшер мамандықтарымен толықтыруға;
- 4 нысанды күрделі жөндеуге ( күрделі жөндеу Қызылорда қалалық тубдиспансер Аралдық тубдиспансер, Қазалы тубдиспансер, Шиелі тубдиспансер қоршауға;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттарын кеңінен насихаттауға;
- 2014 жылға қосымша 20 науқас бүйрек алмастыратын деп жоспарлануда, осыған сәйкес созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен аталған науқастарды уақытылы дәрілік заттармен қамтамасыз етуге;
- 2014 жылы дәрігердің біліктілігін артыру және оларды қайта даярлауға.
- Сәбилер үйі арнайы мамандандырылған статусқа көшуіне байланысты және ДСМ №238 бұйрығына сәйкес 2,5 штаттық бірлікке ескерілді;
- медициналық жабдықтардың бағаларының экспертизаларына;
- 7 орталық аудандық ауруханаларды медициналық құрал жабдықтар сатып алуға;
- қалалық ауруханаға медициналық құрал жабдықтар сатып алуға;
- Қалалық Сәбилер үйіне медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға;
- Облыстық ересектерге және балаларға арналған туберкулезге қарсы күрес санаторияларына 3 дана киіз үй сатып алуға;
- Облыстық және қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға;
- Облыстық диагностикалық орталығы мен қалалық перзентхана ұйымына «Жол картасы» бағдарламасы аясында балалар сурдологиялық кабинетін медициналық құрал-жабдықпен жарақтандыруға;
- маңызы бар 9 нысандарды резервтік автономдық дизельді электро генераторлармен қамтамасыз етуге;
- қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне ауа сорғыш орнату үшін күрделі жөндеу жұмыстарына;
- Арал аудандық орталық ауруханаға қарасты перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Қармақшы аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге;
- облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- облыс көлемінде суицид өлімінің көрсеткішін төмендету мақсатында қосымша бірлік психолог мамандарын алуға;
- Байқоңыр қаласындағы ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету шығындарына;
- суицид ауруын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарын жүргізуге;
- құнының құнсыздануына байланысты санитарлық автокөліктер сатып алуға;
- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге;
-Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалының коммуналдық шығындарына;
2014-2016 жылдарға денсаулық сақтау жүйесіне республикалық бюджеттің жоспарлы сомасынан қаражаттың бір бөлігі «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталатын болады, оның шеңберінде саланы дамытуға бағытталатын іс-шаралар көзделген, олар мынадай:
Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, жүйкесінің бұзылуынан және мінез-құлқының бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету үшін АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттар сатып алуға.
-туберкулезге қарсы препараттар сатып алуға;
-диабетке қарсы препараттар сатып алуға;
-онкогематологиялық ересек науқастарға химиялық препараттар сатып алуғ, онкогематологиялық балалар науқастарға химиялық препараттар сатып алуға;
-амбулаторлық деңгейде дәрілік заттар мен орфандық препараттарды сатып алуға;
-гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын сатып алуға, гемофилиямен ауыратын балалар науқастарға қан ұйыту факторларын сатып алуға;
-вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға, В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларға препараттар сатып алуға, В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын ересектерді емдеу үшін препараттар сатып алуға;
-жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттар сатып алуға;
-онкологиялық аурулармен ауратын науқастарға стационарлық және стационарды ауыстырғыш көмек көрсетуге, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды стационарлық және стационарды ауыстырғыш деңгейінде химиопрепараттармен қамтамасыз етуге, лизингпен алынған медициналық құрал-жабыдқтардың қаржысының орынын толтыруға, онкологиялық орталығын психолог және соцработник мамандарымен толықтыруға, амбулаторлық емдеу кезінде онкологиялық науқастарға дәрі-дәрмектер сатып алуға;
- амбулаторлық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 0,5 тен 1-ге дейін өтеу коэффициентімен дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін;
-Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары бойынша медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға;
- 2014 жылы 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметшілер мен штаттан тыс қызметкерлерге 10 пайызға еңбек ақының көтерілуіне байланысты;
- Шиелі аудандық ауруханасына тозығы жеткен трансформатор орнына жаңа трансформатор сатып алуға;
- Облыстық перинаталдық орталығына жаңа ғимараттқа орналасуына байланысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухана мен 100 келушіге арналған емханаға материалды техникалық жарақтандыруға;
- Байқоңыр қаласындағы 100 келушіге арналған емхананың мемлекеттік тапсырысын орналастыруға.
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек
Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің барлығын орындау әлеуметтік саладағы негізгі басымдық болып табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке арналған шығыстары 2014 жылы 4 834,5 млн.теңге сомада қарастырылып отыр.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға бір жолғы материалдық көмекке;
- тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан жоғары, орта арнаулы оқу орындарының және кәсіптік лицейлердің күндізгі нысанында оқитын студенттері мен оқушыларының қоғамдық автокөліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру шығындарына;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмеккеөңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттер үшін әлеуметтік көмек көрсетуге;
- Мүгедектер мен халықтың осал тобын әлеуметтік қолдау үшін «Сыр мейірімі» және «Әлеуметтік такси» 2 әлеуметтік жобаны іске асыруға;
- мүгедектердің құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру ауқымында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға;
- мүгедектердің құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру ауқымында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға;
- Ақжарма кентіндегі психоневрологиялық интернатта жартылай стационарлық жағдайда 20 қамқорлыққа алынушыны ұстауға қажетті қосымша шығыстар;
- мүгедектерді қашықтықтан оқыту және еңбекке орналастыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыруға;
- Қызылорда қаласындағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге;
- және жылу, су құбыры, жарықтандыру, электрқондырғыларын жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарына;
- Қызылорда қаласындағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне кондиционерлер (салқындатқыш) алуға;
- реабилитациялық орталыққа мүгедектердің, оның ішінде нерв жүйесі ауруымен ауыратын мүгедек балалардың денсаулығын қалыптастыруға қажетті LOKOMAT локоматорлық терапия аппаратын алуға;
- халықтың әлеуметтік-күнкөріс деңгейі төмен топтарының студент балаларының қатарынан 177 грант бойынша оқытуға;
- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;
- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге;
- Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне өртке қарсы дабыл қондырғысын орнатуға;
- ішінде жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 145 мүгедекке санаторлық-курорттық емделуге жолдама сатып алуға;
- жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге қосымша 35 дана бейнекомпьютер; 51 дана үлкендерге арналған бөлмелік кресло-қораптар және 21 дана серуендік кресло-қораптар сатып алуға;
- жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін Қазалы психикалық жүйке аурулар интернатына қосымша сұйық отын сатып алуға;
- Психикалық жүйке аурулар интернатының жылу беру, кәріз жүйесіне, шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- ауыз су қызметі бойынша су құбыры "Сыр суы" ЖШС-нің теңгеріміне берілуіне байланысты Мүгедектерге арналған оңалту орталығының сумен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтеріне;
- 1 қазан - Қарттар күніне орай Қарттарым асыл қазынам" жобасына;
- "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік " бейімдеу мен оңалту орталығы" жобасын ұйымдастыруға;
- Байқоңыр қаласында "Сыр мейірімі", "Инватакси" жобаларын ұйымдастыруға, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне;
- Қызылорда облысының аймақтық еңбекпен қамту порталын жасауға;
- Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне 2 лифт сатып алуға және орнатуға;
- мүгедектерге арналған оңалту орталығына ортопедиялық матрацтарды сатып алуға;
- Психикалық жүйке аурулар интернатына 1 дана пісіретін пеш, 1 дана электротапа, 1 дана бензин триммерин сатып алуға;
- Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіне психотроптық дәрілерді сақтау бойынша арнайы қоймасын жабдықтауға;
- Қазалы психикалық жүйке аурулар интернатының аумағын абаттандыруға.
Мәдениет
Облысымызда мәдениет саласын жандандыру мақсатында бір қатар іс-шараларды іске асыруға 1 835,0 млн.теңге қарастырылды. Олар келесі шығындарға бағытталды:
-алғаш рет облыстық филармония жанынан камералы оркестр құруға;
-Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жанынан жастар театры труппасын құруға ;Алматы және Талдықорған қалаларында өтетін театрлардың фестивалінде қатысу үшін театрлық труппаның гастрольдық шығындарына қаралуда;
-ұлттық мерекелерді лайықты деңгейде өткізу үшін шығындарға;
- «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық өнер фестивалін өткізуге; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық нығайтуға, оның ішінде облыстық филармонияны жаңа дыбыс жазу студиясымен жабдықтауға, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын бутафорлық жабдықтармен қамтамасыз етуге ;
-қалалық және 169 ауылдық мәдени-демалыс мекемелерінің тиімді жұмыс істеуі мақсатында қосымша мәдениет қызметкерлерінің штаттық бірліктерін ұстауға;
- облыс аумағында орналасқан ежелгі қалалардың орындарына (Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат) археологиялық зерттеулер жүргізуге;
- «Атамекен» мұражайы үшін мәдени нысандардың макеттерін әзірлеу және орналастыруға;
- Қызылорда қаласындағы Жанқожа батырдың аттылы мүсінін әзірлеуге;
- Арал қаласындағы Т.Г.Шевченконың бюст-ескерткішін қоладан әзірлеуге;
- Астана қаласындағы Қызылорда облысының күндерін өткізуге;
- Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған театр фестивалін өткізуге;
- Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына арналған іс-шараларға;
- қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновке арналған деректі фильм түсіруге;
- облыстың 7 шығармашылық ұжымының материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
- облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізудің және мемлекеттік сараптамадан өткізудің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге;
- Қызылорда қаласындағы бұрынғы әскери комиссариаттың ғимаратына қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің және мемлекеттік сараптамадан өткізудің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге;
- облыстық Н.Бекежанов атындағы театр ғимаратына автоматты өрт сөндіру жүйесін орнатуды, іске қосуды жобалауға және жобаны сараптамадан өткізуге;
- облыстың 7 ауданына шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсетуге 7 «Зерде» автоклубын алуға;
- облыстық филармония үшін музыкалық тауарлар алуға;
- облыстық филармония, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік қызмет орталығына автокөліктер алуға;
- Еңбек ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге;
- Таң ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге;
- 2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге;
- Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне әкімшілік ғимаратты беруіне байланысты қосымша 9,5 штаттық бірлік техникалық персонал ұстауға;
- шаруашылық, жуу заттарын сатып алуға, коммуналдық қызметтерге;
- ЮНЕСКО-ның бастапқы тізіміне қосылған нысандардың ғылыми құжаттарын дайындауға;
- 6 бюст жасау мен орнатуға;
- Облыстық тарихи-өлкетану музейі және Ақмешіт филиалының жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 2 жылу санауышын жеткізуге және монтаждауға;
- Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларына реституция бойынша жұмыстар жүргізуге;
- Қорқыт ата филиалының көне бетоннан жасалған стелланы гранитке ауыстыру, Қорқыт ата музейінің экспозициясын құру;
- "Ақ қошқар" мүсінінің скульптуралық композициясын жасау жұмыстарына;
- "Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың тиімділігі" атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізуге;
- Астана қаласында өтетін Қызылорда облысының жәрмеңкесі концерттік бағдарламасын өткізуге;
- жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Ақтөбе қаласындағы Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер апталығын өткізуге;
- Композитор К.Дүйсекеев әндерін орындаушылардың ІV республикалық "Туған жер атты" әншілер конкурсын өткізуге;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың "Жүрек жылуы" атты облыстық өнер фестивалін өткізуге;
- «Сыр тұлғасын жыр еткен» атты ақын-жазушылардың қатысуымен мерекелік әдеби кеш өткізуге.
Дене шынықтыру және спорт
Қазіргі таңда, спорт саласы бойынша басты басымдылықтардың бірі облысымызда салауатты өмір салтын қалыптастыру, мүгедектердің құқықтары мен өмірлік сапасын жақсарту, спортпен шұғылданушыларды түрлі спорт түрлерінен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға дайындығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, тұрғындар арасында спортпен шұғылданушы азаматтардың санын ұлғайту және спорттағы балалар және жасөспірімдерді қосымша біліммен қамтамасыз ету, спорттағы дарынды балаларды ұлттық құрамаға дайындығын қамтамасыз ету.
2014 жылы 3 944,3 млн.теңге қаралды. Бұл шығындар құрамында келесі шығындар ескерілді:
-
22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін спорттық киімдермен қамтамасыз етуге;
-
спорт мүгедектеріне стипендия төлеуге;
-
І және ІІ мүгедектеріне, мүгедек балаларға арнайы спорттық инвентарлар және спорттық киімдер сатып алуға;
-
спорт мүгедектерін арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуге;
-
жеңіл атлетика, отырып ойнайтын волейбол, шахмат, пауэрлифтинг, үстел теннисі, спорттық кресло-арбаларда жарысу және басқа түрлері бойынша облыстық (аудандық және қалалық) спорттық жарыстар өткізуге;
-
мәнерлеп сырғанау спорт түрінен облыстық құрама команданың мүшесін дайындау және 2014 жылдың Юниорлық әлем чемпионатына қатысуға;
-
спорт мектептеріне 7 микроавтобус сатып алуға;
-
облыстық футбол құрама командасын Премьер-лига Чемпионаты мен Қазақстан Республикасы Кубогіне дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық футбол құрама командасын күтіп ұстау шығындарына;
-2014 жылы 1 сәүірден бастап мемлекеттік мкемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 10 % үстемақы төлеуге;
аз қамтамасыз етілген балаларға қол жетімді спорттық нысандар мен спорт құрал – жабдықтармен қамтасыз етуге (Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмеге қарсы іс – қимыл жөнінде 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шығындар»;
-Арал ауданында (Көкарал бөгеті) желкенді (парусный) спорт түрінен республикалық турнир өткізуге;
-футболдан облыстық құрама командасына, оның ішінде Премьер – Лига Чемпионатына қатысуы мен жаттығуын қамтамасыз етуге, Түркия елінде желтоқсан айында өтетін оқу – жаттығу жиындарына, қосымша келісім шартқа байланысты айлық жалақының көбеюіне , команданы күшейтуге;
-Сырдария ауданындағы Теренөзек кенті мен Шаған ауылдық округінде жаңадан іске қосылған нысанның (спорттық – сауықтыру кешені) ұстау шығындарына;
-спорттық мектептердің ағымдағы шығыстарына (жанар – жағар май алуға, штат бірліктерін ұстауға, автокөлікті сақтандыруға).
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешені салаларын тұрақты дамытуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасауға барлығы облыстық бюджетте 2014 жылға 7 568,4 млн.тенге қаралды. Оның ішінде:
-
Тұқым шаруашылығын қолдауға;
-
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;
-
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға;
-
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
-
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге;
-
Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды сусидиялауға;
-
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар;
-
Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруға;
-
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу);
-
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
-
Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау;
-
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
-
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіруге;
-
Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер
уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге;
-
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алуға;
-
СПК Байконур күріш сатып алуға және қаржылық лизинг көрсетуге.
Табиғатты қорғау іс шаралары
Орманды алқаптың көлемін арттыру, ұтымды пайдалану, мемлекеттік орман қоры аумағында және елді мекендер мен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына жаңадан егілетін екпелердің көлемін арттыру, сонымен қатар орман және жануарлар дүниесін қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүргізу, балық шаруашылығын дамыту шығындарына барлығы облыстық бюджеттен 1 892,2 млн. теңге қаралды.
Сумен жабдықтау объектілеріне жұмсалатын шығыстар
2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылға бюджеттен барлығы 4 564,1 млн теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 835,2 млн теңге облыстық бюджеттен 728,8 млн теңге. Сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту бойынша 23 жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде 14 ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жобаларының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге. 2013 жылға бөлінген қаржы шеңберінде «Қызылорда қаласының су жүргізетін және кәріз желілерін кеңейту және реконструкциялау» жобасының құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.
Мұнан басқа 2014 жылға «Шиелі су құбыры» АКМК 5 дана водовоз алуға облыстық бюджет қаржысы есебінен қаржы қаралды.
2013 жылы басталған «Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту» жобасын аяқтауға;
2013 жылы басталған «Жалағаш ауданы Еңбек елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту» жобасын аяқтауға.
|
Газбен қамтамасыз ету жүйесін дамыту
2014 жылғы облыстық бюджетте, газбен қамтамасыз етуге қаржы қаралды, оның ішінде:
-
«Қызылорда қаласындағы Тасбугет кентінде болашақта дамуының газбен қамтуға»;
«Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округін перспективалық дамуымен газбен жабдықтауға».
-
«Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрыпының құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге;
-
«Сексеуіл кентінде АГТС орнатумен қоса "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрыпының құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге.
Электр энергиясымен жабдықтау объектілеріне жұмсалатын шығыстар
2014-2016 жылдары электр нысандарын қайта жаңғырту мен дамыту үшін және облыс орталығы мен аудан орталықтарын үздіксіз электрэнергиясымен қамту бойынша республикалық және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға, оның ішінде:
-
"Қызылорда қаласының кернеулігі 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" (Сырдария электр тарату желілері аумағы) жобасын аяқтауға ;
-
"Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Қазалы кенті жобасын аяқтауға;
-
"Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Шиелі кенті жобасын аяқтауға;
-
"Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту" Жаңақорған кенті жобасын аяқтауға
-
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жобаларды бастауға "Арал қаласындағы "Аральская" 110/35/10кВ қосалқы стансасын қайта жағырту" жобасына, "Әйтеке би кентінде "Ново Казалинск" 110/35/10 кВ қосалқы стансасына қайта жаңғырту" жобасына;
-
"Қызылорда қаласы Мұратбаев көшесіндегі ЖК-43 тен ЖК-44 ке дейінгі магистральды жылу желілерін күрделі жөндеу";
-
"Қызылорда қаласындағы Сырдария м/а "ҚОЖО" МКК-ның қазандық цехының 4 дана КЕ-25-14С қазан агрегаттарын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарын қайта жаңғырту";
-
"Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" МКК-нің өндірістік базасын электрмен жабдықтау бойынша жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеу" жобасына.
Көлік және коммуникация саласына
- Қызылорда қаласындағы Президент саябағынан Қорқыт ата әуежайының кіріс жолына дейінгі жолды қайта жаңғыртуды аяқтауға;
- облыстық маңыздағы 3 автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге;
- Ауданаралық калааралық әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға;
- Қызылорда қаласының Әл Фараби көшесін Сағымбаев көшесінен Батырбаев көшесіне дейін күрделі жөндеуге;
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағын көгалдандыру;
- «Сырдария ауданындағы Әйтек каналдан көпір өткелін күрделі жөндеу» жобасына жобалық сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптамасын әзірлеуге;
- «Самара-Шымкент-Шиелі-Жеміс Жидек» облысы маңызы бар жолының қайта жаңғыртуға;
- Марал Ишан, Қаратоғай Қызылорда – Жалағаш трассасынан бастап Саламатов көшесіндегі көпірге дейін қайта жаңғыртуға;
- Абылхайыр хан, Рыскулов, Саламатов көшелерінің Желтоқсан көшесінен бастап Саламатов көшесіндегі көпірге дейін қайта жаңғыртуға;
- Қызылорда қаласындағы Қызылжарма көшесінің құрылысына;
- Қызылорда қаласындағы Бокейхан көшесінен бастап Султан Бейбарыс көшесіне дейін Жибек жолы көшесін қайта жаңғыртуға;
- «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Төгіскен-Келінтөбе» облыстық маңызы бар автожолының күрделі жөндеуге;
- аудан және Қызылорда қаласының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Қызылорда қаласындағы М. Саламатов көшесі және Хон Бен До көшесіндегі көпірдің жер теліміне сәйкестендіру құжатын әзірлеуге;
- Қызылорда қаласындағы Марал Ишан, Қаратоғай көшелерін Қызылорда - Жалағаш трассасынан Саламатов көшесіндегі көпірге дейін қайта жанғырту жұмыстарын аяқтауына;
- Қызылорда қаласындағы Саламатов, Рысқұлов, Әбілхайыр хан көшелерін Саламатов көшесіндегі екі деңгейлі көпірге дейін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға;
- Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Бөзкөл-Тасарық» автожолының қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға;
- Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қожабақы-Аранды» автожолының қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға;
- Жаңақорған ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент - Екпінді» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына;
- Қазалы ауданындағы «Жанқожа батыр аулына кіреберіс, 3,2 шақырым» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына;
- Қызылорда қаласы Бөкейхан көшесінен С. Бейбарыс көшесіне дейінгі М. Шоқай көшесін күрделі жөндеуге.
Құрылысқа
-
жылы облыстық бюджеттен қаржы қаралды, оның ішінде:
- Несиелік тұрғын үйлер құрылысына, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысына және жас отбасыларға тұрғын үй құрылысына қоса қаржыландыруға;
- Юстиция департаментінде мемлекеттік комиссия актілерін және құрылыс нысандарының құжаттарын тіркеуге;
-мамандандырылған ХҚКО құрылысын қоса қаржыландыру;
-Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі, Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі, Арал ауданы Арал қаласындағы, Қызылорда қаласындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қоса қаржыландыруға;
- Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Қызылорда қаласы Титов ауданындағы 60 пәтерлік № 1 үйдің, КБИ ауданындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік № 1 үйдің құрылысын бастауға;
- Қызылорда қаласында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға Титов ауданындағы 60 пәтерлік үйдің, КБИ ауданындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік үйдің инженерлік жүйелерін жүргізуге;
- Қызылорда қаласы Абай даңғылындағы «Болашақ» университетінің, Қызылорда қаласы «Жайна» сауда үйінің аумағында Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына;
- инфрақұрылымды индустриалдық аймаққа жеткізуге;
- Арал аудандық арнайы қабылдау пунктінің ғимараты құрылысына жоба сметалық құжаттамасын дайындауға;
- Арал ауданы Әйтеке би кентінің № 11 учаскендігі Т.Айбергенов көшесіндегі 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысына;
- Қармақшы ауданы Қорқыт ата мемориалдық кешенін қайта жаңғыртуға;
- Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы 90 орындық бала бақша құрылысын аяқтауға;
-
Сырдария ауданы Шаган ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысын қоса қаржыландыруға;
-
Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №246 мектепті қайта жаңғыртуға;
-
35 білім нысандарының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысын қоса қаржыландыруға;
-
Қызылорда қаласындағы 200 төсектік перинаталдық орталық құрылысы бойынша қосымша құн салығына;
-
Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы бойынша қосымша құн салығына;
-
39 денсаулық сақтау нысандарының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қармақшы ауданы Қорқыт ата мемориалын қайта жаңғыртуға, Қызылорда қаласында Достық үйі құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеу бойынша қосымша құн салығына, Қызылорда қаласында Жаңқожа батыр ескерткіші тұғырының құрылысына, Қызылорда қаласында Алпамыс батыр ескерткіші тұғыры құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге, 17 мәдениет нысандарының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешендер құрылысын қоса қаржыландыруға, Сырдария ауданы Нағи Ильясов ауылындағы стадион құрылысына, Қызылорда қаласында «Евразия» спорттық кешенін қайта жаңғыртуды аяқтауға, 14 спорт нысандарының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қызылорда қаласындағы Ипподром аумағындағы 6 ипотекалық тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыруға;
-
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің № 11 учаскендігі Т.Айбергенов көшесіндегі 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтауға;
-
Арал қаласында, Шиелі, Жалағаш, Қазалы, аудандарында кәсіпкерлік мақсат үшін өндірістік аймақтың инженерлік инфрақұрылымы, Арал ауданы Қамыстыбас көлінің жағасындағы демалыс аймағының инженерлік инфрақұрылымы құрылыстарын қоса қаржыландыруға, Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы шеңберінде 7 нысандарының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараты құрылысының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимаратына лифтінің қосымша құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге, 1 мемлекеттік органдар нысанының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қызылорда қаласында кәсіпкерлерді қолдау орталығы құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге,коммуналдық шаруашылығының 1 нысанының жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге;
-
Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтауға;
-
мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жер учаскесін сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және тіркеуге.
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері қысқаша осындай.
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |