Жылдарға арналған республикалық бюджет туралы



Дата29.02.2016
өлшемі97.75 Kb.
#31971
2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V ҚРЗ Заңы

"Егемен Қазақстан" 03.12.2014 ж. № 237 (28460); "Казахстанская правда" от 03.12.2013 г. № 237 (27858)
1-бап. 2015–2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 6 744 976 569 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша – 4 024 397 054 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 125 596 084 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 9 508 247 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша – 2 585 475 184 мың теңге;

2) шығындар – 7 209 953 778 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 85 039 259 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 197 154 951 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 112 115 692 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 447 080 549 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу – 448 030 549 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 950 000 мың теңге;

5) тапшылық – 997 097 017 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,3 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 997 097 017 мың теңге.

2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2015 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ бұрын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;

3) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

4) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының көрсетілген қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

6-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 168 538 087 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Атырау облысынан – 60 683 258 мың теңге;

Маңғыстау облысынан – 16 725 915 мың теңге;

Алматы қаласынан – 83 656 400 мың теңге;

Астана қаласынан – 7 472 514 мың теңге.

7-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарының облыстық бюджеттерінен республикалық бюджетке облыстардың ішкі істер департаменттерінің оқу орталықтарын күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты 447 957 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.

8-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 6 989 141 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.

9-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 1 702 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

10-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 707 499 999 мың теңге сомасында көзделсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

11-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 182 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23 692 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 982 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленсiн.

12-бап. Мыналар:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеу;

2) еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу белгіленсін.

13-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

14-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемi 904 371 171 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Ақмола облысына – 59 210 424 мың теңге;

Ақтөбе облысына – 19 926 241 мың теңге;

Алматы облысына – 102 811 145 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына – 86 527 329 мың теңге;

Жамбыл облысына – 95 371 591 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына – 36 203 569 мың теңге;

Қарағанды облысына – 33 833 329 мың теңге;

Қызылорда облысына – 83 180 589 мың теңге;

Қостанай облысына – 58 910 235 мың теңге;

Павлодар облысына – 14 477 485 мың теңге;

Солтүстiк Қазақстан облысына – 58 719 253 мың теңге;

Оңтүстiк Қазақстан облысына – 255 199 981 мың теңге.

15-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

1) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу жүргізуге;

2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға;

3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;

5) халықты әлеуметтiк қорғауға және оған көмек көрсетуге;

6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;

7) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға;

8) моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға;

9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субси­диялауға;

10) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;

11) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

12) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;

13) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға;

14) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

15) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;

16) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;

17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;

18) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;

19) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;

20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;

21) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

22) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;

23) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға;

24) халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге;

25) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік ауру­лардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

26) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

16-бап. Мынадай:

1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу;

2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

3) кәсіптік стандарттарды әзірлеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқын­далады.

17-бап. Мынадай:

1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру;

2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру;

3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау;

4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алу бағыттары бойынша іске асырылатын «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

18-бап. Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2015 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

19-бап. Жұмыспен қамту-2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

20-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

21-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

22-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылға арналған резервi 69 138 153 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

23-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 279 747 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 618 838 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

24-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 350 989 мың теңге көзделсiн.

25-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

26-бап. 2015 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 6 670 109 254 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

27-бап. 2015 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 182 560 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

28-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 488 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

29-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2015 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.



30-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет