Жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы



Дата12.07.2016
өлшемі269.74 Kb.
#195121
2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 Қаулысы



      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      2. Инвестициялық жобаларды iске асыру барысын бақылау жөнiндегi жауапты мемлекеттiк органдар ай сайынғы негiзде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесi» ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – жобалық офис) толтыруды қамтамасыз етсiн және жобалардың iске асырылу барысы туралы есептердi есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрлiктерiне ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi екi апта мерзiмде өңiрлiк Индустрияландыру карталарын бекiтсiн және жобалардың iске асырылу барысына мониорингтi жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсiн.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистiң техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офистi ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.
      7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2010 жылғы 14 сәуiрдегi 
№ 303 қаулысымен    
бекiтiлген        

2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы

      Ескерту. Карта жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1206 Қаулысымен.



Р/с №

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган немесе ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/Жобаның мәртебесi

2012 жылға инвестицияларды игеру жоспары, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайта отырып, «Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Темiртау» АҚ

2010 – 2015 жылдар

7 677

2.

Ақтөбе қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 4 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2009 – 2013 жылдар

33 890

3.

Хромтау қаласында жаңа ферроқорытпа зауытын салу (№ 5 цех)

ИЖТМ

Ақтөбе облысы

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ

2012 – 2019 жылдар

375

4.

Металданған өнiм өндiру зауытын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi» АҚ

2011 – 2014 жылдар

2 533

5.

Бозшакөл КБК салу

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» ЖШС

2010 – 2014 жылдар

83 298

6.

Ақтоғай КБК салу

ИЖТМ

ШҚО

«Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» ЖШС

2011 – 2014 жылдар

2 890

7.

Ферроқорытпа өндiрiсiн және оның шикiзаттық базасын, қуатын жылына 300 мың тоннаға дейiн ферроқорытпаға жеткiзе отырып, әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

2011 – 2014 жылдар

0

8.

Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илек станын салу

ИЖТМ

Қостанай облысы

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

2010 - 2013 жылдар

2 277

9.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИЖТМ

ШҚО

«Азия Авто» АҚ

2010 – 2015 жылдар

13 552

10.

Қазақстан Республикасында жүк вагондарын шығаратын қуаттар құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС

2009 – 2011 жылдар

0

11.

Электровоздар жасауды ұйымдастыру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Астана қаласы

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2011 – 2012 жылдар

8 069

12.

КАZ РV қазақстандық кремний негiзiнде фотоэлектрлiк модульдер өндiрiсiн құру

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы, ШҚО және Астана қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

2010 – 2014 жылдар

12 396

13.

Минералдық тынайтқыштар шығаратын зауыт салу

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС

2012 – 2017 жылдар

1 055

14.

Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндiрiсiн жаңғырту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«ҚазАзот» ЖШС

2011 – 2012 жылдар

3 596

15.

Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқылы зауытын қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

«Қазатомөнөркәсiп-КҚЗ» БК» ЖШС

2010 – 2012 жылдар

5 351

16.

№ 3 ст. энергия блогын орнатып, Екiбастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2009 – 2013 жылдар

11 687

17.

Екiбастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«Екiбастұз МАЭС-1» ЖШС

2010 – 2014 жылдар

13 732

18.

Балқаш ЖЭС-iн салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Самұрық-Энерго» АҚ

2010 – 2015 жылдар

5 173

19.

Шардара ГЭС-iн жаңғырту

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ОҚО

«Самұрық-Энерго» АҚ

2011 – 2015 жылдар

429

20.

Қазақстанның ұлттық электр желiсiн жаңғырту, II-кезең

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«KEGOC» АҚ

2009 – 2016 жылдар

9 300

21.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ

2005 – 2018 жылдар

11 194

22.

Қарағанды облысындағы Индустриялық парктiң инфрақұрылымын салу

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» ӘКК

2007 – 2012 жылдар

5 079

23.

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалдық кешенiн салу

ИЖТМ

Астана қаласы

«Aldar Properties PJSC» ЖШС

2010 – 2014 жылдар




24.

«Кендiрлi» курорттық демалыс аймағын дамыту

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

2010 – 2015 жылдар

300

25.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристiк ойын-сауық кешенiн салу

ИЖТМ

Ақмола облысы

«Tourism Borovoe City» ЖШС

2009 – 2021 жылдар

9 700

26.

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның өндiрiстiк қуатын кеңейту

ИЖТМ

ОҚО

«Химфарм» АҚ

2009 – 2013 жылдар

3 791

27.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС

2010 – 2016 жылдар

48 672

28.

«Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2011 – 2015 жылдар

239 549

29.

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2010 – 2012 жылдар

39 078

30.

Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2009 – 2014 жылдар

134 842

31.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн қайта жаңарту

ККМ

Өңiраралық жоба

ККМ

2007 – 2015 жылдар

176 715

32.

FTTH (Fiber to the Home) желiлерiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақтелеком» АҚ

2010 – 2014 жылдар

15 027

33.

«Жезқазған-Бейнеу» жаңа темiр жол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2009 – 2012 жылдар

16 804

34.

«Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темiр жол желiсiн салу

ККМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық жоба

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ

2009 – 2012 жылдар

2 893

35.

Алматы облысында Алматы қаласының 4 серiктес қаласын салу (1-кезең)

ҚТКШIА

Алматы облысы

«G4 Сitу» ЖШС

2008 – 2031 жылдар

4 065

36.

«KazSat» спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2013 жылдар

10 500

37.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру

ҰҒА

Қызылорда облысы

ҰҒА

2005 – 2017 жылдар

0

38.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2008 – 2013 жылдар

11 034

39.

Қазақстан Республикасының Жердi қашықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру

ҰҒА

Астана қаласы

ҰҒА

2006 – 2014 жылдар

10 143

40.

Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикiзаттарының базасында мұнай-химия өндiрiсiн ұйымдастыру

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы/БҚО

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

41.

Бутадиен және синтетикалық каучук өндiрiсi

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

42.

Кальциленген сода өндiрiсi

ИЖТМ, Жамбыл облысының әкiмдiгi

Жамбыл облысы

Компания «Енким»

Перспективалық

-

43.

Алматы қаласындағы әлемдiк деңгейдегi тау-шаңғы курорты

ИЖТМ, Алматы қаласының әкiмдiгi

Алматы қаласы




Перспективалық

-

44.

Торғай ЖЭС салу

ИЖТМ

Қостанай облысы




Перспективалық

-

45.

Ақтау қаласында бу-газ құрылғысын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақтау қаласы

«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ

Перспективалық

-

46.

Қарағанды ЖЭО-4

ИЖТМ, Қарағанды облысының әкiмдiгi

Қарағанды облысы




Перспективалық

-

47.

Қарағанды кешендi құйма зауытын салу, жылына 250 000 тонна

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«ҚР МШКӨ ҰО» РМК

Перспективалық

-

48.

Петропавл және Қарағанды қалаларына бұра отырып «Қарталы-Тобыл-Астана» магистралдық газ құбырын салу

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Өңiраралық

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

49.

БҚО-да Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

БҚО

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Перспективалық

-

50.

Маңғыстау облысында полимерлi өнiм өндiрiсi

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Маңғыстау облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

51.

Атырау облысында полимерлi өнiм өндiрiсi

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Атырау облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

52.

Аффинаж зауытын салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Астана қаласы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

Перспективалық

-

53.

Шымкент МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ОҚО

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

54.

Павлодар мұнай-химия зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Павлодар облысы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Перспективалық

-

55.

Үшхлорлы фосфор өндiрiсi

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

56.

Глифосат (гербицид) өндiрiсi

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

57.

Каустикалық сода және хлор өндiрiсi

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Жамбыл облысы

«Бiрлескен химия компаниясы» ЖШС

Перспективалық

-

58.

Ерейментау қаласы ауданында перспективада 300 МВт дейiн кеңейте отырып, қуаты 50 МВт ЖелЭС салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Ақмола облысы

АҚ «Самырұқ Энерго»

Перспективалық

-

59.

Перспективада 300 МВт дейiн кеңейте отырып, қуаты 60 МВт «Шелек-1» ЖелЭС салу

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алматы облысы

АҚ «Самырұқ Энерго»

Перспективалық

-

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне орай нақтыланатын болады.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ                            - Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және жаңа технологиялар министрлiгi
ККМ                             - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                  коммуникация министрлiгi
МГМ                             - Қазақстан Республикасы Мұнай және
                                  газ министрлiгi
ҚТКШIА                          - Қазақстан Республикасының Құрылыс
                                  және тұрғын үй-коммуналдық
                                  шаруашылық iстерi агенттiгi
ҰҒА                             - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                  агенттiгi
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ            - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
                                  акционерлiк қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ        - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
                                  қоры» акционерлiк қоғамы
ШҚО                             - Шығыс Қазақстан облысы
ОҚО                             - Оңтүстiк Қазақстан облысы
ӘКК                             - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
МӨЗ                             - мұнай өңдеу зауыты
КҚЗ                             - күкiрт қышқылы зауыты
ЖЭС                             - жылу электр станциясы
КБК                             - кен байыту комбинаты
ҒЗК                             - ғарыш зымыран кешенi
ГЭС                             - су электр станциясы
МАЭС                            - мемлекеттiк аудандық электр
                                  станциясы
ЖЭО                             - жылу электр орталығы
ҰЭЖ                             - ұлттық электр жүйесi
АҚ                              - акционерлiк қоғам
БК                              - бiрлескен кәсiпорын
ЖШС                             - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ   - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ      - «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы»;
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК»          - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
                                  компаниясы» акционерлiк қоғамы
БҚО                             - Батыс Қазақстан облысы
«ҚР МШКӨ ҰО» РМК                - «Қазақстан Республикасы минералды
                                  шикiзаттарды кешендi өңдеу ұлттық
                                  орталығы» республикалық мемлекеттiк
                                  кәсiпорын
ЖелЭС                           - жел электр станциясы

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 14 сәуiрдегi 
№ 303 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):


      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiнде:
      «Рұқсат берудiң шарттары мен тәртiптерi және оны беруден бас тарту, өтiнiмдi тоқтату және ұзарту» деген 3-бөлiмде:
      12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      31-тармақ алып тасталсын;
      Ереженiң 8-қосымшасының соңғы абзацындағы «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасы шеңберiндегi жобаларды iске асыруға қатысатын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      Ереженiң 9-қосымшасының соңғы абзацтың алдындағы және соңғы абзацтары алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен экспорттық мүмкiндiктерiн сапалы жаңа деңгейге жеткiзудiң 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен экспорттық мүмкiндiктерiн сапалы жаңа деңгейге жеткiзудiң 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      1-бөлiмнiң 3-кiшi бөлiмiнiң алтыншы абзацындағы екiншi сөйлемi алып тасталсын;
      «Төртiншi басымдық. Бәсекеге қабiлеттiлiктiң тiк және көлденең аспектiлерiнде»:
      «Негiздеме және iс-қимылдар стратегиясы» деген кiшi бөлiмнiң бесiншi және отыз екiншi абзацтары алып тасталсын;
      «Басымдықты iске асыру картасы» деген кiшi бөлiмнiң сегiзiншi абзацы алып тасталсын;
      «Бесiншi басымдық. Тиiмдi бизнесте»:
      «Негiздеме және iс-қимылдар стратегиясы» деген кiшi бөлiмнiң бесiншi абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтiк көшбасшы» бағдарламасын iске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
      «Басымдықты iске асыру картасы» деген кiшi бөлiмнiң алтыншы абзацы алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Экономикасы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Экономиканы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспарында:
      «Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру» деген бөлiмнiң бiрiншi абзацындағы екiншi сөйлем алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесiн жетiлдiрудiң 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесiн жетiлдiрудiң 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      «Кiрiспе» деген бөлiмнiң екiншi абзацындағы «, «Қазакстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.
      5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
      «Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары, мiндеттерi мен қызметтерi» деген 3-бөлiмнiң «Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы және әртараптандыруға жәрдемдесу» деген бөлiмiнде бiрiншi абзацтағы «, «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасын» деген сөздер алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлiмнiң оныншы абзацындағы «, «30 корпоративтiк көшбасшы» бағдарламасын iске асыру» деген сөздер алып тасталсын.
      7. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарында (Жол картасы):
      «Агроөнеркәсiптiк кешендi жедел дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» Бағдарламасының екiншi бағытын iске асыру» деген 2-бөлiм алып тасталсын.
      8. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 40-жол алып тасталсын;
      «Агроөнеркәсiп кешенiн жеделдетiп дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасының екiншi бағытын iске асыру» деген 2-бөлiм алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 14 сәуiрдегi 
№ 303 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы.


      2. «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-ө өкiмi.
      3. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi сараптама кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы № 121-ө өкiмi.
      4. «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасының екiншi бағытын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 26 тамыздағы № 224-ө өкiмi.
      5. «Шикiзат емес сектордың отандық орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өсуiн жүйелiк қолдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 20 қыркүйектегi № 244-ө өкiмi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет