Баспасөз хабарламасы 21 маусым 2010 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны»



Дата26.02.2016
өлшемі240.5 Kb.
#27551




БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

21 маусым 2010 жыл

Атырау қаласы

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен жобасының қазақстандық мазмұны» конференциясының басты мақсаты – қазақстандық ірі машина жасаушы компаниялар мен электр техникасы өнімдерін шығаратын компаниялардан аталған жобаны жүзеге асыру үшін тапсырыстар қабылдау.

Елбасының қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына орай «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрамына кіретін «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ының еншілес кәсіпорны «АтырауМӨЗ» ЖШСВ бұл бағытта ауқымды жұмыс жасап келеді.

2009 жылғы 29 қазанда “Атырау МӨЗ” ЖШС мен Қытайдың “Синопек Инжиниринг” компаниясы арасында “түбегейлі тапсыру” шартымен ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы Шартына қол қойылды.Жобаның құны 1040 млн. АҚШ долларын құрайды.

Әлеуетті стратегиялық әріптестердің техникалық-экономикалық ұсыныстарын жан-жақты талдау барысында қазақстандық мазмұн үлесін арттыру мәселесіне жете көңіл бөлінді.

«Синопек инжиниринг» компаниясы серіктес ретінде мұнай саласы құрылысында тәжірибесі зор «КазСтройСервис» ҰҚ» АҚ-ын тартуда. Келісімге сәйкес, «КазСтройСервис» ҰҚ» АҚ жұмыстардың жарты бөлігін, жабдықтар мен материалдарды сатып алуды 362 000 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа (54 миллиар 300 миллионов теңге) жүзеге асырады, бұл Келісім шарттағы соманың 34,8% -ын құрайды.

Қазақстандық компаниялардан 58 155 мың АҚШ долларына (8 723 178 мың теңге) жабдықтар бұл көрсеткіш 16%-ды құрайды; материалдар – 52 342 мың АҚШ доллары (7 851 362 мың теңге), пайыздық көрсеткіші - 18%; жұмыс (қызмет) – 111 865 мың АҚШ доллапы ( 33 354 341 мың теңге), пайыздық көрсеткіш - 29% сатып алу көзделген.

Құрылыс кезінде 2010 жылы 270, 2011 жылы 1500, 2012 жылы – 1 800, 2013 жылы 900 қазақстандық мамандарды жұмысқа тарту көзделген.

Қазақстандық мазмұн үлесі қазақстандық мазмұнды дәлелдейтін СТ-КZ сертификатын талап ететін жаңа әдістеме негізінде болжанды.

Бүгінгі таңда «Синопек Инжиниринг» компаниясының жобалау бөлімі АМӨЗ аумағындағы құрылыс алаңдарындағы жабдықтар мен имараттарды демонтаждау жұмыстарына дайындық үстінде. 2010 жылдың 30 шілдесінде «АтырауМӨЗ» ЖШС және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ымен арада бас несие келісіміне қол қою және 2010 жылдың тамызында аванстың төлем жасау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Синопек Инжиниринг» компаниясы ресми түрде құрылысты бастайды. Жобалау-іздестіру жұмыстары 2010 жылдың 4-тоқсанында басталады. Жабдықтарды сатып алу ашықтық, әділдік және теңқұқылық принципі негізінде тендер өткізу жолымен 2011 жылдың 2-жартыжылдығында жүргізілмек. Негізгі жабдықтарды дайындау мерзімі - 7 ай. «Синопек Инжиниринг» компаниясы тендерді ҚХР Заңдарына сәйкес жүргізеді және өзіндік жұмыс сызбасы бар.

Тауар, қызмет және жұмыс түрлеріндегі қазақстандық мазмұнды арттыру үшін отандық компаниялар әлемдік талаптарға және қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ, қазақстандық өндірушілердің тауары, жұмысы мен қызметі баға жағынан да бәсекеге қабілетті болуы тиіс.



Справка:

ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод»:

Владельцем доли - 99,5% является АО «КазМунайГаз - переработка и маркетинг».

АО «КазМунайГаз - переработка и маркетинг» - 100% дочерняя организация АО НК «КазМунайГаз». 

АО «Национальная компания «КазМунайГаз» - казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 100 процентов акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына».
Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет