Жылдың 1-ші семестрі бойынша тәрбие жұмысының есебі



Дата04.07.2016
өлшемі57.48 Kb.
#177090
2010-2011 жылдың 1-ші семестрі бойынша тәрбие жұмысының есебі
Кафедраның тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралардың жылдық жоспары және кафедра оқытушыларының тәрбие жұмысы бойынша іс-шаралардың жеке жылдық жоспары бекітілді. Кафедра бойынша тәрбие жұмыстарына жауапты етіп Н.Б.Закариянова тағайындалды.

Бағдарламалау бойынша студенттер арасында кружок ұйымдастырылды, аптасына бір рет сенбі күні сағат 12,00-де 203-ші кабинетте өткізіліп жүрді. Жетекшісі – Ақшабаев Айдар. Кафедра әр жыл сайын қазан айында бағдарламалаудан әлем чемпионаты ¼ финалы ұйымдастырылып өткізеді. 1,2 және 3-ші орныдарды КБТУ командалары жеңіп алды. Ташкентте өткен информатика және бағдарламалау бойынша халықаралық студенттер арасындағы олимпиадаға факультет студенттері (Кутыбаев Мансур, Исабаев Заурбек, Турар Олжас) қатысып 3 дәрежелі диплом алды.

Кафедра стенді қайтадан жөндеуден өтті, оған жауаптылар – Абельмажинова Д.З., Закариянова Н.Б., кружок бойынша стендке Омаров Б.С. жауапты.

Әр студенттің жеке оқу жоспарын әр эдвайзер-куратор бекітті, яғни күзгі және көктемгі семестрге интранет жүйесінде тіркеуден өткізілді (жауаптылар: әр топтың куратор-эдвайзері) және студенттер «оқытушы студент көзқарасымен» атты анкета толтырды.

Әр эдвайзер-куратор жоспары бойынша кураторлық сағатын өткізді.

1 курс студенттерімен «Кредиттік жүйені қалай түсінеміз» атты дөңгелек стол өткізілді, кафедра меңгерушісімен 4 қыркүйек 2010 жылы кездесу болды, Информатика мамандығы туралы, кредиттік жүйе, университет политикасы туралы әңгіме жүргізілді.

Тіл мерекесіне байланысты «Тілге – құрмет, елге – құрмет» атты дөңгелек стол 2 курс студенттері (эдвайзер кураторы Абельмажинова Д.З.) мен 1 курс студенттерінің (эдвайзер кураторы Закариянова Н.Б.) арасында дөңгелек стол өткізілді.

Қазақстанда Германия жылына байланысты 4 курс студенттерінің арасында «Сотрудничество Германии и Казахстана в области образования и науки» атты дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек столда Берлинге іс сапармен семинарға барып келген информатика кафедрасының доценті Макашев Е.П. Германиядағы білім жүйесі туралы семинар өткізіп, артынан студенттер өз ойларын ортаға салып талқылады.

2 курс магистранттарының (эдвайзер кураторы Мансурова М.Е.) ұйымдастыруымен 1 курстардың (эдвайзер кураторы Закариянова Н.Б.) арасында 1 желтоқсан спидке қарсы күніне байланысты «Ғасыр дерті» атты тәрбиелік сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына арнайы педагогика кафедрасының оқытушысы Айтбаева А.Б. және жалпы және этникалық психология кафедрасының оқытушысы Болтаева А.М. шақырылды.

Әр эдвайзер-куратор өз топтарының арасында семестрдің соңында студенттердің оқу үлгерімі бойынша эдвайзерлік сағатын өткізді.

Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен факультеттің тапсырмасымен жаңа жылдық кеш өткізілді. Кешке барлық информатика мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты. Кеш қонақтары ретінде филология, тарих факультеттерінің студенттері және Қазақстанның эстрада жұлдыздары Азамат, Жебе, ДиАрт топтары келді.

Әр эдвайзер-куратор өздерінің жоспары бойынша 1 семестр бойынша іс-шараларды толығымен орындады.

Аға эдвайзер Закариянова Н.Б.

Кафедра меңгерушісі



ф.-м.ғ.к., доцент Ахмед-Заки Д.Ж.

Информатика кафедрасының эдвайзер кураторларының тізімі




ФИО эдвайзер-куратор

топ

Курс

БАКАЛАВР

1

Ахмед-Заки Д.Ж.

Инф—10-1

1

2

Омаров Б.С.

Инф-10-2а,б

1

3

Закариянова Н.Б.

Инф-10-3а,б

1

4

Макашев Е.П.

Инф-10-4

1

5

Абельмажинова Д.З.

Инф-09-1 қ/б

2

6

Максутова Б.

Инф-09-2 о/б

2

7

Болысханова М.Ж.

Инф-08-1 қ/б

3

8

Сералин Г.А.

Инф-08-2 қ/б

3

9

Телғожаева Ф.С.

ИнфП-08

3

10

Мукимбеков М.Ж.

Инф-08-3 о/б

3

11

Абдибекова А.Т.

Инф-07-3 о/б

4

12

Ақжалова А.Ж.

Инф-07-1 қ/б

4

13

Бекбаева М.Қ.

Инф-07-2а,б қ/б

4

МАГИСТРАТУРА

14

Пыркова А.Ю.

20 маг. қ/б, о/б

1

15

Мансурова М.Е.

16 маг. қ/б, о/б

2

Жаңа жыл кеші


Жаңа жыл – әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түн) – Жаңа жыл түні.

Жаңа жыл біздің факультетте де тойланды. 2010 жылдың желтоқсан айының 24 күні механика-математика факультетінің акт залында жаңа жылдық кеш өтті. Осындай керемет жаңа жылдық мерекеге арналған кештің ұйымдастырылуына информатика кафедрасының оқытуышлары, атап айтқанда кафедраның аға оқытушылары Закариянова Н.Б. мен Абельмажинова Д.З. және 4 курс студенттері ұйытқы болды. Кешке механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінен өзге филология, тарих және заң факультеттерінің студенттері және Азамат, Жебе тобы, ДиАрт тобы, Қилымқан Бибигүл сынды Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты.

Кешті информатика мамандығының 4 курс студенті Жақсылықов Ескендр мен 1 курс студенті Исақожаева Іңкәр жүргізді. Кеште факультет деканы профессор Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы кеш қонақтарын құттықтап, «Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерді келе жатқан жаңа 2011 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы айтулы мереке. Сондықтан да жаңа бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге зор табыс тілеймін. Әрқайсыңызға бақ–береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Ел экономикасы дамып, Еліміз алдыңғы қатарлы үздіктер құрамына кіруіне тілектеспін! Қоян жылы әрбір отбасына бақыт пен нұр әкелсін!» деген өз тілегін білдірді.

Жаңа жылдық кешке алыстан ат арыта аяз ата немересі ақшақарды ерте, көрермендерді шаттыққа бөлей, өз сый-сыйапатын ала келіпті.

Кеште көрермендер студенттер мен эстрада жұлдыздарының өнерінен басқа информатика кафедрасының оқытушыларының да өнерлерін тамашалады. Информатика кафедрасының оқытушылары Ақшабаев Айдардың салған әні мен Құмалақов Болатжан тартқан күйі құлақтан кіріп, бойды алардай әсер қалдырды.

Әуелеген әуезді ән және мың бұралтар бимен қатар көрермендер арасында жаңа жылдық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстан үздік шыққандарға арнайы сыйлықтар табысталды.



Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, жалпы көрермен қауымы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты. Мереке соңы студенттер үшін жаңа жылдық би кешіне ұласты. Жаңа жылда жарқын табыстарға жете берейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет