Жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру нәтижелері жөнінде Талдау



Дата24.02.2016
өлшемі103.3 Kb.
#13804
2004-2006 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы

істер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру

нәтижелері жөнінде
Талдау
2004 жылдың 12 айы ішінде республика соттарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 500 021 іс, 2005 жылы – 536 656 іс, 2006 жылы – 635 343 іс түсті.



2004ж. 2005ж. 2006ж.

2006 жылы жекелеген санаттар бойынша түскен істердің саны мынадай:

- көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 426 034 іс немесе 67%;

- қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 80 663 іс, 12,7%;

- басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – 31 706 іс немесе 5%.

2005 жыл ішінде осы санаттар бойынша түскен істердің жалпы санынан басым болып келеді.

Осы санаттар бойынша соңғы екі жыл ішінде көрсеткіштер төмендегі кестеде келтірілген:



Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы

істердің санаттары

2005ж.

2006ж.

абс

%

абс

%

көлікте, жол шаруашылығында және байланыста (ҚР ӘҚБТК 27-тарау)

341 142

(53,6%)

426 034

(67%)

қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын (ҚР ӘҚБТК 22-тарау)

79 829

(15%)

80 663

(12,7%)

басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын (ҚР ӘҚБТК 24-тарау)

23 357

(4,4%)

31 706

(5%)

Санаттар бөлігінде 2004 жылы түскен істердің көптеген саны мынадай:




Істердің санаттары

абс

%

Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылықтар (ҚР ӘҚБТК 27-тарау)

242 805

(48,5%)

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар (ҚР ӘҚБТК 22-тарау)

77 903

(15,6%)

Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар (ҚР ӘҚБТК 29-тарау)

61 702

(12,3%)

Республика соттары барлығы:

- 2004 жылы 481 267 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 476 438 іс;

- 2005 жылы 501 100 адамға қатысты – 497 707 іс;

- 2006 жылы 310 335 адамға қатысты – 302 249 іс қарады.

2006 жылы статистикалық есептілік нысандарына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес аяқталған істердің санына ӘҚБТК 708 және 709-баптары бойынша (уәкілетті органдардың қаулыларын мәжбүрлеп орындату) қаулылардың кірмегендігін атап өту керек.

Мәжбүрлеп орындату туралы:

- 2004 жылы шығарылған қаулылардың жалпы санына қатысты 317 169 қаулы немесе 66,6%;

- 2005 жылы – 307 288 қаулы немесе 61,7%;

- 2006 жылы – 272 716 қаулы немесе 46,8% шығарылды.



Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы: (адам саны бойынша):

  • 2004 жылы – 148 512 қаулы;

  • 2005 жылы – 177 382 қаулы;

  • 2006 жылы – 253 501 қаулы шығарылды.

Әкімшілік жазалардың ішінде көбінесе айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру және қамауға алу қолданылады.




Әкiмшiлiк жазалар

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

Айыппұл салу

84 361

101 345

153 571

Қамауға алу

40 716

37 836

36 127

Арнаулы құқықтан айыру

27 095

34 427

60 225

Ескерту жасау

4 186

3 117

3 234

Кетіру (выдворение)

745

1 081

322

Қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу 

46

6

3

Лицензиядан айыру

15

1




2004 жылдың 12 айы ішінде өндіріспен аяқталған істер санынан іс жүргізу мерзімдерін бұзып 216 іс немесе 0,04%, 2005 жылы – 159 іс немесе 0,03%, 2006 жылы – 34 іс немесе 0,01% қаралды.



Мерзімдері бұзылған істерді қарау





0,03% (159)


0,01% (34)







2004ж.

2005ж.

2006ж.


АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН

ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУ
2004 жылдың 12 ай ішінде апелляциялық тәртіппен барлығы 3 729 қаулыға, 2005 жылы – 3 931 қаулыға, 2006 жылы – 5 559 қаулыға шағым берілді және наразылық келтірілді.

- 2004 жылы 890 немесе 0,2%;



  • 2005 жылы – 573 немесе 0,1%;

  • 2006 жылы – 460 қаулының немесе 0,2% күші жойылды.


Апелляциялық тәртіппен күші жойылған қаулылар







0,1%(573)

0,2

0,2%(890)

2004ж.

2005ж.

0,2% (460)

2006ж.

Келтірілген деректерден әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау сапасының тұрақсыздығы байқалады.

2004 жылы – 875 қаулы немесе бірінші саты бойынша қаралған істердің 0,2%, 2005 жылы – 782 немесе 0,2%, 2006 жылы – 1 048 немесе 0,3% қаулылары өзгертілді.

2006 жылы ҚР ӘҚБТК 708 және 709-баптары бойынша қаулылар, қаулылардың жалпы санына кірмеді, сапаның үлес салмағы 2005 жылғы көрсеткіштерден асып кеткенін атап өткен жөн.
ОБЛЫСТЫҚ СОТТАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ

ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН ҚАЙТА ҚАРАУЫ
Қолданыстағы заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері қадағалау тәртібімен тек прокурордың наразылығымен ғана қайта қаралуы мүмкін.

Қадағалау тәртібімен:



  • 2004 жылы 1094 қаулыға;

  • 2005 жылы – 811 қаулыға;

  • 2006 жылы – 661 қаулыға наразылық келтірілді.

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқалары:



  • 2004 жылы – 674 қаулының немесе 0,1%;

  • 2005 жылы – 372 немесе 0,1%;

  • 2006 жылы – 294 немесе 0,1% күшін жойды.

Күші жойылған қаулылар санының азаюына қарамастан, соңғы үш жыл бойына олардың үлестік салмағы – 0,1% болып өзгеріссіз қалды.


2004 жылы – 198 немесе 0,04%, 2005 жылы – 229 немесе 0,05%, 2006 жылы – 180 қаулы немесе 0,06% өзгертілді.
Соттың қадағалау сатысы өндірісіндегі істердің санынан қадағалау наразылықтарының қанағаттандырылуы мынадай:

  • 2004 жылы – 927 наразылық немесе 82,3%;

  • 2005 жылы – 641 наразылық немесе 75,5%;

  • 2006 жылы – 496 наразылық немесе 72,7% қанағаттандырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны жылдан жылға өсуіне қарамастан, келтірілетін наразылық саны азаюда, бұл ретте, қанағаттандырылған наразылықтар саны да азайған.


АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН

ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУ

2004 жылдың 12 айы ішінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен 4 823 қаулыға, 2005 жылы – 4 742 қаулыға, 2006 жылы – 6 220 қаулыға шағым берілді және наразылық келтірілді.

2004 жылы – 1 564 қаулыға немесе бірінші саты бойынша қаралған істердің 0,2%, 2005 жылы – 945 немесе 0,2%, 2006 жылы – 754 немесе 0,2% шағым берілді.

Сонымен, қаулыға жыл сайын апелляциялық және қадағалау тәртібімен күші жойылған қаулылардың абсолюттік саны азаюда, алайда соңғы үш жылда олардың үлес салмағы тұрақты.



Апелляциялық және қадағалау тәртібімен күші жойылған қаулылар


0,2%(1564)

2004ж.
0,2%(945)

2005ж.

0,2%(754)



2006ж.


2004 жылы – 1 073 қаулы немесе 0,2%, 2005 жылы – 1 154 немесе 0,2%, 2006 жылы – 1 228 қаулы немесе 0,4% өзгертілді.

Сонымен, статистикалық деректерді талдау, әкімшілік істер жөніндегі өзгертілген қаулылар бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасының тұрақтылығын көрсетпейді.

Мұнымен қоса, 2006 жылы аяқталған істердің санына ҚР ӘҚБТК 708 және 709-баптары бойынша қаулылардың кірмей қалуына байланысты олардың үлес салмағы өткен жылдардағы көрсеткіштерден асып кеткенін ескеру керек.
ЖОҒАРҒЫ СОТТА НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ

ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАУ
Азаматтық істер жөніндегі алқаға:

2004 жылы 30 наразылық түсті, олардың 28 қанағаттандырылды;

2005 жылы 15 наразылық түсті, олардың 11 қанағаттандырылды.
Қылмыстық істер жөніндегі алқаға:

2004 жылы 1 наразылық түсті, ол қанағаттандырылды;

2005 жылы наразылықтар түскен жоқ.
Қадағалау алқасына:

2004, 2005 жылдары наразылықтар түскен жоқ;

2006 жылы 13 наразылық түсті, олардың 11 қанағаттандырылды.
Жоғарғы Соттың алқаларында наразылықтар қанағаттандырылуы

Алқалар

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

абс

% абс

%

абс

%

Қылмыстық істер жөніндегі

1

100

-

-

-

-

Азаматтық істер жөніндегі

28

93,3

11

73,3

-

-

Қадағалау алқасы

-

-

-

-

11

84,6

Сонымен, Жоғарғы Сот алқаларының есептік деректерінен Бас прокуратураның қадағалау наразылықтарының басым көпшілігі қанағаттандырылатыны байқалады.

Тұтастай алғанда, соңғы үш жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің түсуінің өсуі байқалатынын атап өту керек. Мұнымен қоса, іс жүргізу мерзімдерінің бұзып отырып қаралған істер санының азаю үрдісі сақталады.

Соңғы үш жыл ішінде соттарға түскен істердің негізгі санаттары:

- түскен істердің 56,3% – көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылықтар (ҚР ӘҚБТК 27-тарау);

- 15 % – қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғу (ҚР ӘҚБТК 22-тарау) болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша статистикалық есептік нысандарында санаттар бөлігінде істер қозғалысы көзделмегеніне байланысты, істерді нақты санаттары бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын анықтау жөнінде талдау жүргізуге мүмкіндік жоқ.

Апелляциялық және қадағалау тәртібімен күші жойылған қаулылардың абсолюттік санының жыл сайынғы азаю үрдісі бар, бірақ соңғы үш жыл ішінде күшін жоюдың үлес салмағы өзгермеген.

Бұл ретте, жыл сайын соттарға түсетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының көбеюіне қарамастан, прокурорлар келтіретін наразылық, сондай-ақ қанағаттандырылған наразылықтар санының азаюы байқалады.

Қазіргі кезде ӘҚБТК 708 және 709-баптары (органдардың қаулыларын мәжбүрлеп орындату) бойынша шығарылған қаулылар саны есептік нысанындағы шығарылған қаулылардың жалпы санынан жеке бағанада есептеледі және олардың саны түскен істердің жалпы санына қарамастан, қараудың жеңілдетілген тәртібіне байланысты олар қаралған істердің жалпы санына кірмейді.



Осыған байланысты Жоғарғы Сот Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне ӘҚБТК 708 және 709-баптарының тәртібімен қаралған істер бойынша жеке кестенің көзделуі туралы ұсыныс енгізді.

Жоғарғы Сот Аппаратының

Ұйымдастыру-талдау бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет