Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша сараптама



бет1/6
Дата29.06.2016
өлшемі499.5 Kb.
#164741
  1   2   3   4   5   6
2012-2013 жылғы оқу жылындағы

«Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша

САРАПТАМА
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер дәрежесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтарындағы № 29 «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2011 жылғы 23 желтоқсанындағы № 215 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен және Ақтөбе әкімінің аппаратының әскери жұмылдыру және Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімімен бірлесе отырып 2012-2013 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде АӘД пәнін оқыту мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

2012-2013 оқу жылының жұмыс қорытындысы төмендегідей ретпен көрсетілген:

Алғашқы әскери даярлық сабақтарына қатыстырылды

1. Класс саны:

а) 10 кластар-118

оның ішінде оқушылар-2628

ер балалар-1225

б) 11 кластар-142

оның ішінде оқушылар саны-2487

ер балалар-1116

2. Оқу жылының нәтижелері:

а) АӘД пәнінің бағдарламасы барлық мектептерде 100% орындалды.

б) Мектептер бойынша үлгерім сапасы 100%

в) АӘД пәнінің толық курсын аяқтаған оқушылардың білім деңгейі төмендегідей бағаланды.

- үздік бағамен -3967 %

-жақсы бағамен -35 %

-қанағаттанарлық бағамен - 26,3 %

-қанағаттанарлықсыз бағамен - 0 %

г) Оқушылардың білім сапасы -86,3 %

д) 14-21- мамыр аралығында «Достық әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілген оқу-далалық жиынына 11- кластың 1001 ер баласы қатыстырылды. Ақтөбе қаласының орта мектептерінің базаларында өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1478 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 115 ер бала қатыстырылды.

Алғашқы әскери даярлық пәні қаланың 59 орта мектебінде АӘД пәнінің 52 мұғалім-ұйымдастырушысымен жүргізілді. № 8, № 35, № 38, № 37, № 25, №48, Мектеп-интернат орта мектептерінде- № 51 Г, № 17, № 27, № 33, № 31, № 10, Благодарный мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларымен сағат беруші мұғалімдер ретінде жүргізілді.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының сапалық деңгейі келесі түрде көрсетілген:

- жоғарғы білімі бар 48 әскери жетекші немесе 92%

- орта-техникалық білім бар -1 әскери жетекші ( Елек ОМ) немесе 2%

- орта-арнаулы білімі бар-2 әскери жетекші (№ 22 ОМ, Новый ОМ) немесе 4%

- аяқталмаған орта-арнаулы білімі бар-1 әскери жетекші (№40 ОМ) немесе 2%

52 әскери жетекшінің:

- запастағы офицерлер – 22 немесе 44 % құрайды

- старшиналар – жоқ

- сержанттар мен жауынгерлер – 30 немесе 56 % құрайды

Оның ішінде АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары ретінде жұмыс өтілі бар:


  • 1 жыл -4

  • 3 жылға дейін 6 адам

  • 5 жылға дейін 8 адам

  • 10 жылға дейін 15 адам

  • 15 жылға дейін 8 адам

  • 15 жыл үстінде 18 адам

Жылдық есеп тапсыру кезінде АӘД пәні бойынша қаланың барлық мектептері мәліметтер тапсырды.

Оқу жылының барысында АӘД пәнінің оқытылу деңгейін көтеру мақсатында қаланың барлық мектептері бойынша мектеп директорлары 121 сабақтарды тексерген.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары өз мектептерінің деңгейінде 61 ашық сабақ өткізген. Штаттан тыс әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық деңгейде 5 ашық сабақ өткізілді;



№ 27 КОМ

Капитан Н.Байболатов

№ 30 ОМ

Капитан Х.Жұбатыров

№ 15 ОМ

Сержант М.Зайырымбетов

№ 20 ОМЛ

Майор М.Макидон

Ақтөбе ОМ

Аға лейтенант В.Коновалов

4 кластан тыс патриоттық іс-шара өткізілді, (№ 40 ОМ әскери жетекшісі кіші сержант А.Садықов, № 1 ОМ әскери жетекшісі аға сержант Н.Урашев, № 19 ОМ әскери жетекшісі сержант А.Шарипов, Елек ОМ әскери жетекшісі аға сержант С.Сәрсенбаев).

Осы өткізілген ашық сабақтардың ішінде барлығы да жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау курстарының тыңдармандарымен- № 33, 22 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары капитан С. Сраж, капитан А. Смирнов 4 ашық сабақ өткізді.

2012-2013 оқу жылында АӘД пәнінің деңгейін талқылау барлық мектептердің педагогикалық кеңестерінде қарастырылған, бұл мектеп әкімшіліктерінің АӘД пәнінің өткізілуі мен ұйымдастырылуына ерекше мән беретіндігін көрсетеді.


Оқу-далалық жиыны

АӘД пәнінің оқытылу және ұйымдастырылу деңгейі 14-21 мамыр аралығында «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінің территориясында өткізілген оқу-далалық жиынында қортындыланды. Оқу-далалық жиынына барар алдында, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе-Қорғаныс Күштері Институтының бастығы подполковник Н.Мусиннің келісім кестесіне және қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес, наурыз айының 1-31- аралығында қала мектептерінің барлық 11-ші класс оқушылары құрылған кесте бойынша, Ақтөбе қаласының территориясындағы Ақтөбе Жоғарғы әуе-қорғаныс күштері институтына және Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан № 6655 ішкі әскер бөліміне, № 30238 артиллерия және ракета әскери бөліміне саяхатқа барып, курсанттардың және мерзімді әскери қызметшілердің өмірі және тұрмысын бақылап, әскери техникаларды көріп, олардың техникалық, тактикалық мінездемесімен танысты.

Оқу-далалық жиыны, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер дәрежесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Ақтөбе қаласының әкімінің «2012-2013 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін орта мектептері оқушыларымен оқу-далалық жиындарын өткізу туралы» № 184 28.01.2013 жылғы қаулысына және қалалық білім бөлімінің 14.03.2013 жылғы № 259 бұйрығына сәйкес, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 11-ші класс оқушыларымен өткізілді. Оқу-далалық жиынына 11- кластың 1001 ер баласы қатыстырылды. Қала мектептерінің базасында ұйымдастырылған өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1478 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 115 ер бала қатыстырылды.

Оқу-далалық жиынына оқушылардың қатысымы, бірегей әскери киіммен, қажетті құралдармен жабдықталуы өткен оқу жылындағы оқу-далалық жиынына қарағанда артықшылығы байқалды. Мектеп әкімшіліктері оқу-далалық жиынына оқушыларды даярлау кезінде үлкен жауапкершілік танытқаны көрінді.

Оқу-далалық жиынына жоғарғы жауапкершілікпен қатысып, әскери тәртібімен көзге түскен орта мектептер оқушыларының топтары қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Кухнядағы наряд қызметін атқару кезінде жоғарғы тәртібімен № 51 Гимназия, Өрлеу ауылының ОМ оқушылары көзге түсті.

Оқу-далалық жиыны кезінде көптеген әскери жетекшілер мен оқушылар өткен сабақтарды өте жақсы меңгергендігін, тәжрибе жүзінде орындай алатын қабілетін көрсетті. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілет көрсеткені үшін және алға қойған мақсатқа жетудегі ынта-талабы үшін 58 оқушы қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу-далалық жиынның ашылу салтанатына белсене қатысқан- № 38 орта мектеп ұжымы және № 53 орта мектеп ұжымы марапатталды.

Әскери тәртібімен, әскери даярлығымен ерекше көзге түскен- № 53 ОМ, № 9 ОМГ, № 42 ОМ, Жаңақоныс ауылының ОМ, 2 АОМ, № 50 ОМ, Өрлеу ауылының ОМ, № 35 ОМ, № 3 ОМ, № 38 ОМ, № 27 КОМ, № 30 ОМ оқушылары Ақтөбе қаласының әкімдігінің алғыс хатымен және кубокпен марапатталды.
Оқу-материалдық базасы

Қаланың көптеген мектептерінде оқу-материалдық базасының деңгейі талапқа сай. Барлық мектептерде жабдықталған АӘД кабинеттері бар, мектептердің 76 % әскери мүліктерді сақтау бөлмесі бар, 80 % саптық даярлық алаңы жабдықталған, 32 % атыс тирімен, 42 % ауыспалы атыс тирімен, 69 % жабдықталған спорттық алаңдары бар. Бірақ қазіргі таңда ешбір мектепте «тосқауылдар алаңы» жоқ. Сонымен қатар қаланың ешбір мектебінде «сақшының қарауыл қызметін атқаратын посты» (грибок, қаруды оқтау және оқсыздандыру орыны) жоқ. Мектеп директорлары қаржының жоқтығына байланысты десе де «тосқауылдар алаңының» және «сақшының қарауыл қызметін атқаратын орынның» қарапайым түрлерін барлық мектептерде жабдықтауға болар еді.

Қала бойынша № 22 ОМ ( капитан А.Смирнов), № 6 ОМ ( майор Е.Түбір), № 11 ( подполковник Ж.Әжімгереев), № 25 ОМ (сержант Қ.Санай), № 53 ОМ (аға лейтенант А.Нұрмұханов), Пригородный (капитан Қ.Байгуринов), № 21 (сержант Ж. Убниямов), № 30 (капитан Х.Жұбатыров) орта мектептеріндегі АӘД кабинеттері жоғарғы дәрежеде жабдықталған.

№ 28 ОМ АӘД пәнінің кабинеті жабдықталмаған.

№ 2, № 51, № 16, № 26, № 27, № 33, Ақтөбе ОМ әскери-патриоттық тақырыптағы және тарихи деректерге бай мұражайлар жабдықталған.

Үлкен қиындықтар туғызатын мәселерге, мектептердегі инженерлік, артиллериялық, химиялық қорғаныс мүліктерінің, радиациялық, химиялық барлау құралдарының, АӘД пәнінің оқулықтарының, ҚР ҚК әскери жарғыларының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Мектептерде пневматикалық мылтықтардың және «Калашников автоматының» макетінің жетіспеушілігі байқалады. Қала ішіндегі мектерде 2-3 мылтықтан болса, қала сыртындағы мектептерде 1 мылтықтан. Оның көпшілігі ескірген, қолдануға жарамсыз. Сондықтан оқу процессін қалыпты дәрежеде өткізу үшін мектеп директорлары «Калашников автоматының» макетін және «Пневматикалық мылтықтарды» сатып алу қажет. Және де бұл қаруларды сақтау арнаулы күзет құралдарын қажет етпейді.

АӘД пәнінің 1997 жылы енгізілгенінен бастап көптеген АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары кезекті әскери атақтарын ала алмай жүр. Қазіргі кезде 52 АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының 30-ы старшина, сержант, қатардағы жауынгер атағында жүр.
Әскери-патриоттық тәрбие

Қала мектептерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз Отанын сүю, елжандылық қасиеттерін дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасалды.

16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай қала мектептерінің барлығында осы мейрамдарға байланысты іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінде семинарлар, пікірталастар, қабырға газеттерінің байқауы, шығармалар байқауы, «Менің отаным Қазақстан», «Туған жерім», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты класс сағаттары, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» әскери-спорттық сайыстары өткізілді.
Қазіргі таңда қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде он бір (11) әскери-патриоттық бағыттағы клуб жұмыс жасайды.



Әскери-патриоттық клубтардың атауы

Клуб жетекшісі

Мекен-жайы,

Мәдени-көпшілік шаралар, акциялар, әскери-спорттық ойындарды өткізуі

1

Халық қахарманы Б.Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

Сраж Серік Аманжолұлы


№ 33 ҚОМ базасында Беркімбаев 91 көшесі

Мектепішілік «Жас ұлан» әскери саптық байқауы

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2007-2008-2011 жыл (1-ші орын)

Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2007 жыл (2-ші орын), 2008 жыл ( 2-ші орын), 2009 жыл (4-ші орын)

Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Ақтау қаласы 2009 жыл (2-ші орын)

Халықаралық әскери-патриоттық клубтар жарысы Орск қаласы 2010 жыл (2-ші орын)

«Мерген сарбаз-2010» облыстық жарысы 3-ші орын, Мерген сарбаз-2012 қалалық жарысы 2-ші орын

«Жас Ұлан-2011» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын. Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Атырау қаласы 2012 жыл (4-ші орын),

Республикалық «Армия балалар жанарымен 2012 ж» атты акция аумағындағы спорттық жарыстар-кросс жарысы 2- орын, биік кермеде тартылу 1- орын, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінң арасында өткізілген «әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы спартакиада 2012 ж» жарыстары 3- орын, Республикалық «Жас қыран» әскери-спорттық жарысы 2-орын 2012 жыл. Қалалық дәрежедегі «Жас ұлан-2013» әскери-спорттық сайысы 2-орын. Қалалық дәрежедегі «Жас жауынгерлер-2013» әскери-спорттық сайысының финалисі



2

«Айбын» әскери-спорттық клубы (паспорты жоқ)

Көшербаев Әлібек Арнауытұлы

№ 51 Гимназия базасында

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер»

әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2012 жыл. Республикалық дәрежедегі «Алау» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын 2011 жыл. Қалалық «Мерген мұғалім-2011» жарысы 3-ші орын. қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінң арасында өткізілген «әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы спартакиада 2012 ж» жарыстары 4- орын Республикалық дәрежедегі ӘПК слеты 2-ші орын 2012 жыл.

Республикалық дәрежедегі әскерилендірілген кросс 2-ші орын 2013 жыл.


3

Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықов атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

Берғалиев Мараш Темірханұлы

Благодар ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2008 жыл (3-ші орын). Облыстық «Жас жауынгер» 2009 жыл. (3-ші орын) әскери-спорттық жарысы. Облыстық «Жас жауынгер-2012» жарысы 3-ші орын

4

«Қайсар» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Бекмұратов Хасен



№ 34 ОМ

Республикалық «Армия балалар жанарымен 2012 ж» атты акция аумағындағы спорттық жарыстар-кросс жарысы 3- орын, биік кермеде тартылу 3- орын,

5

«Қыран» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Байболатов Нұрым Шәкірұлы



№ 38 ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы. Қалалық дәрежедегі «Жас жауынгерлер-2013» әскери-спорттық сайысының финалисі

6

"Ұлан" әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Түбір Ербол Құлтанұлы

№ 6 ОМ

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2010 жыл. Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарысы 6-шы орын 2010 жыл.

Қалалық және облыстық «Мерген сарбаз-2010-2011-2012 жарысы 1-ші орын. «Мерген ару 2010» жарысы 1-ші орын. «Мерген ару-2011» жарысы 2-ші орын


















7

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Үмбеталин Асқар Бабырашұлы

№ 42 орта мектеп

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер-2012» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын

Қалалық дәрежедегі «Жас жауынгерлер-2013» әскери-спорттық сайысының финалисі



8

Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлова атындағы әскери-патриоттық клуб

(паспорты жоқ)



Нұрмұханов Аманкелді Сағидоллаұлы

№ 53 орта мектеп

Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2011 жыл (2-ші орын), Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Шортанды қаласы 2011 жыл (4-ші орын). Қалалық дәрежедегі «Жас жауынгер-2013» әскери-спорттық сайысы 3-ші орын

9

Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы әскери-патриоттық клуб

(паспорты жоқ)



Жақсыбай Тілекжан Сапарбекұлы

№ 48 ОМ

2012- оқу жылы, қыркүйек айында ашылды

10

Кеңес Одағының батыры И.Білтабанов атындағы әскери-патриоттық клуб

(паспорты жоқ)



Қожахметов Мәдикәрім Жаңылұлы

№ 36 ОМ

2012- оқу жылы, қыркүйек айында ашылды. Республикалық «Армия балалар жанарымен 2012 ж» атты акция аумағындағы спорттық жарыстар-кросс жарысы 1- орын, биік кермеде тартылу 2- орын. Қалалық дәрежедегі «Жас жауынгер-2013» әскери-спорттық сайысы 1-ші орын

11

Даңқ орденінің толық кавалері С.Ешбаев атындағы әскери-патриоттық клуб

(паспорты жоқ)



Жұбатыров Хантөре Таңжарбайұлы

№ 30 ОМ

2012- оқу жылы, қыркүйек айында ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет