«Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата02.07.2016
өлшемі137.05 Kb.
#172894

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2016 жылғы « » ____

№__бұйрығына

6-қосымша


Қазақстан Республикасы

Әділет министрі м.а.

2016 жылғы 28 мамырдағы

№ 300 бұйрығына

6-қосымша
«Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) (Стандарттың 5-тармағы).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме беру болып табылады (Стандарттың 6-тармағы).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлiмшелерiнің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қоса бере отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу (бұдан әрі – сұрау салу) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауы үшін негiз болып табылады.

5. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорациядағы мемлекетік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімі бітерден 1 күн бұрын ұсынады).


3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде құрылымдық

бөлiмшелердің (қызметкерлердің ) өзара іс-қимыл жасау тәртiбінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорация инспекторы – құжаттарды қабылдау және беру – 20 минут;

2) Мемлекеттік корпорациянын жинақтау бөлімінің инспекторы – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберу және одан алу – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдау, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бөліміне сұрау салуларды беру, құжаттарды есепке алу кітабы бойынша орындалған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға беру – 15 минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бөлімінің қызметкері – сұрау салуды қарау және орындау – 15 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелер:

1) ЭҮП;

2) Қазақстан Республикасының Мобильдік үкіметінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - М-GOV);



3)электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ);

4) «Жылжымалы мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ АЖ);

5) Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесінің атвоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – ХҚКО АЖ АЖО);

6) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

7) «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);

7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) (әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып) арасындағы рәсімдердің сипаттамасы (әрекеттердің реттілігінің сипаттамасы) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес құрылымдық-функционалдық бірліктердің мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әрекетінің сипаттамасында және осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес функционалдық өзара іс-қимыл схемасында және 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.




4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

9. ЖЖАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігін сипаттау:

1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ЖЖАҚ-да авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) логині мен құпиясөзі арқылы жүзеге асырады.

2) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің төлнұсқалылығын ЖСН логині мен құпиясөзі арқылы ЖЖАҚ-да тексеру.

3) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны ЖЖАҚ-да қалыптастыру;

4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысандарды толтыру (деректер енгізу);

5) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – ЖЖАҚ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ төлнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);

9) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) ЖМТ МДҚ АЖ-да тіркеу және ЖМТ МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;

10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген қоса берілген құжаттардың қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

11) 8-процесс – ЖМТ МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЖМТ МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-ы қойылған жылжымалы мүлiктің болмауы (бар болуы) туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама не бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦК-ы пайдаланыла отырып қалыптастырылады

9. Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарап шығу мүмкіндігі беріледі:

«ашу» түймешесін басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;

«сақтау» түймешесін басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы белгілеген магнит жеткізгіште Adobe Acrobat форматында сақталады.

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көсету кезіндегі құрылымдық-функционалдық - бірліктер әрекеттерінің қимылдарының сипаттамасы

Негізгі процесс әрекеті (жүріс, жұмыстың ағымы)

1

Әрекет № (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

2

Құрылымдық-функционалдық – бірлік атауы (бұдан әрі - ҚФБ)

Мемлекеттік корпорация инспекторы

көрсетілетін қызметті беруші

3

Әрекет атауы процесс атауы , рәсім, операция және олардың сипаттамасы

Өтініштерді қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеру

Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдау және олардың толықтығын тексеру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық басқару шешімі)

Есепке алу кітабына тіркеу және қолхат беру

Келіп түскен өтінішті қоса берілген құжаттармен тіркеу бөліміне жібереді

5

Орындау мерзімі

20 минут

Бір өтінішті өңдеуге15 минут

Құжаттарды беру күніне 2 рет



6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

Кестенің жалғасы


3

4

5

көрсетілетін қызметті беруші

көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік корпорация инспекторы

Өңдеу және орындау

Кепіл тізілімінен үзінді көшірме беру



Мемлекеттік корпорацияға беру үшін құжаттарды жинау

Есепке алу кітабындағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы

Тіркеуші органның қабылдау – тапсыру бөліміне жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен үзінді көшірме беру

Кепіл тізілімінен үзінді көшірме тапсыру

Қолхат бойынша құжаттарды беру

Өтінішті өңдеуге және орындауға 1 күн

Құжаттарды беру күніне 2 рет



5 минут

2 минут

4

5



Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс



Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағымы)

Мемлекеттік корпорация инспекторы

Көрсетілетін қызметті беруші

1. Өтініштерді қабылдау және құжаттардың толықтығын тексеру

2. Құжаттардың толықтығын тексеру.




3. Өндеу, тізілімнен үзінді көшірмені дайындау

5. Қолхат бойынша құжаттар беру

4. Мемлекеттік корпорация инспекторына құжаттарды жібереді.

«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне 

2-қосымша 


Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы


Мемлекеттік корпорация

Көрсетілетін қызметті беруші



О-1. Құжаттарды тексеру




Құжаттардың толық топтамасы


О-8. Қолхат бойынша орындалған құжаттарды беру

О-2. Қабылдау, құжаттарды есепке алу кітабына қабылдау туралы жазу енгізу

О-3. Қолхат беру








О-4. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау


О-5. Өңдеу және кепіл тізілімінен үзінді көшірмені орындау




О-6. Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін құжаттарды жинау




О-7. Орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорацияға тапсыру



       

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-



көшірме беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме беру»

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің

анықтамасы
*Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету барысында

скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 13скругленный прямоугольник 11



скругленный прямоугольник 15скругленный прямоугольник 19
Құжаттарды қабылдау және тексеру, МК ИАЖ электрондық өтінімді қалыптастыру, қызмет алушыға қолхат беру
autoshape 94
Құжаттардың қабылданғанын және олардың Мемлекеттік корпорация ның жолдағанын растау.

Тізілімге сәйкес қағаз түріндегі құжаттар топтамасын қабылдау МК ИАЖ электрондық өтінімді растау

МК ИАЖ-де электрондық өтінімді аяқтау, дайын құжаттарды 1 айға дейін сақтау.

Дайын құжаттарды тұтынушыларға беру



Тізілім бойынша құжаттарды уәкілетті органға жолдау

Қызмет алушыға беру үшін анықтама дайындау бойынша іс-қимыл жасау

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру




autoshape 77autoshape 78autoshape 79



выноска 2 (с границей) 54autoshape 66


Құжаттар топтамасы толық болмаған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беруі




autoshape 87

*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызмет берушінің (қызметердің) құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы;



autoshape 101- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызмет алушының рәсімінің (әрекетінің) аталуы және (немесе) ҚФБ;



-autoshape 81 келесі рәсімге (әрекетке) өту;
- МК ИАЖ – Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
- МК – Мемлекеттік корпорация.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет