Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша 2015 жылдың есебі
-
Жалпы ереже.
-
Көрсетілетін қызметті беруші: «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ. Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32. Телефон 7212-425112
Басқарма басшысы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы.
-
Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат:
«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ үш мемлекеттік қызметті көрсетеді:
-
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
-
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
-
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы негізде жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қызметтер қағаздық және электрондық нұсқада ақысыз негізде көрсетіледі.
«Мұрағаттық анықтамалар беру» регламенті Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/1 қаулысымен бекітілді және Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдесіндегі №2669 болып тіркелді. Регламент 2015 жылдың 31 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылдың 1 тамызында №106 (21857) «Индустриальная Караганда» және №121 (22006) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланды.
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» регламенттері Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №39/02 қаулысымен бекітілді және Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызындағы №3366 болып тіркелді. Регламенттер 2015 жылдың 18 тамызында №116 «Индустриальная Караганда» және 2015 жылдың 18 тамызында №130 «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланды.
2015 жылы көрсетілетін қызметті берушілерден мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік мұрағаттар арқылы 44640 мұрағаттық анықтама, соның ішінде ХҚКО арқылы 2620 анықтама берілді.
-
Көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
-
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32 үй мекенжайы бойынша мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында көрсетіледі. Қызметті көрсету үшін жеке куәлікті, 10х15 2 фотоны, өтінішті ұсыну қажет.
-
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарымен (мұрағаттардың мекенжайлары 1-қосымшада көрсетілген) күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, уәкілетті органның, ЖАО-ның немесе мұрағат басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады. Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (өзі келген кезде), еркін нысанда толтырылған өтініш ұсынылады.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері арасында тұрақты түрде «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарды жүргізіледі.
Облыстық, аудандық газеттерде мақалалар жарияланды. Онда «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі; мемлекеттік мұрағаттардың жұмыс уақыты жарияланды.
Ведомстволық бағыныстағы мұрағаттарда «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету журналы жүргізіледі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесін жетілдіру бойынша қызмет.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесін жетілдіру үшін Қарағанды облысының барлық мемлекеттік мұрағаттарында Е-әкімдік ақпараттық жүйесі енгізілді. 2015 жылы Е-әкімдік ақпараттық жүйесіне 38033 есеп мәлімет енгізілді, «электрондық үкімет» порталы арқылы 3987 анықтама орындады.
20 мемлекеттік мұрағат ішінен тек екеуінде ғана (облыстық және Жезқазған) 2013 жылдың ортасынан бастап мұрағаттық құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру жұмысы басталды.«ЛЕТОГРАФ ИТ Консалтинг и услуги Казахстан» ЖШС (облыстық мұрағат үшін) және «ADIS Service» ЖШС (Жезқазған қ. мұрағаты үшін) фирмалары «Электрондық мұрағат» жүйесінің электрондық мұрағатын енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырды. Қазіргі таңда қағаз нысандағы 641 (141 мың бет) іс сандық форматқа көшірілді. Аса құнды және жиі сұралатын мұрағаттық құжаттар электрондық форматқа ауыстырылды. Құжаттарды сканерден өткізу үшін мұрағат қорын таңдау кезінде аса құнды және жиі қолданатын құжаттарға басымшылық беріледі. Қазіргі уақытта 1992-2003 жылдар кезеңіндегі Қарағанды және Жезқазған қалалары әкімі аппаратының құжаттары сандық форматқа көшірілуде. Облыстық және Жезқазған қаласы мұрағаттарындағы жабдықтар арқылы мұрағаттық құжаттарды сандық форматқа ауыстыру жұмыстары баяу қарқында күніне орташа есеппен алғанда 180-190 бет планшеттік сканермен көшіріледі. Автоматтандырылған жұмыс орындары жеткілікті болған жағдайда, көшіру жұмысының жылдамдығы күніне орта есеппен алғанда 1-1,5 мың бетті құрар еді. Сандық форматқа 156 (51 мың бет) істі ауыстыру жоспарлануда. 2016 жылға бюджеттік өтінімдер берілді.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. http://www.e-krg.gov.kz/Default.aspx?lang=ru электрондық қызмет көрсетулер порталында «Мұрағаттық құжаттардың орналасқан орнын анықтау» электрондық анықтамалығы орналасқан. Анықтамалық «Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-нің қызметкерлерімен жасалды. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарындағы мұрағаттық құжаттарды тез ақпараттық іздеуге арналған.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау
-
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында «Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру» және «Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі» ақпараттық жүйелері арқылы жеке және заңды тұлағалардың өтініштері бойынша деректердің мониторингі жүргізіледі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау нәтижелері
2014 жылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
-
Мұрағаттық мекемелерге жеке өтініш жасау кезінде көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілген қызметті бағалау корточкасын толтырады. 2015 жылы 17031 карточка толтырылды. Берілген мұрағаттық анықтамаларды «жақсы» деп бағалағандар саны 16343, «қанағаттанарлық» - 683.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
-
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарына жауапты мамандар жіберілетін болады;
-
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг ай сайын жүргізілетін болады. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған кезде бағалау корточкасын толтырады;
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттерінен туындайтын сұрақтар бойынша көрсетілетін қызмет алушылармен ай сайын кездесулер, семинарлар өткізілетін болады. Осындай іс-шаралар нәтижесінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізіледі.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |