Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар І семестр 2018 жыл



Дата08.12.2022
өлшемі57.5 Kb.
#466812
Жылуокшаул. және акуст.мат


TAM 3303 Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар


__ І семестр 2018 жыл ____

1) Пәннің қысқаша мазмұны. «Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар» пәні «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша студенттерге оқыту жоспарының кәсіби бейімдеу(таңдау) пәндеріне жатады. Жылуөткізбейтін және акустикалық материалдар пәні жылу және дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалдарын өндіру технологиясы мен сынау, және бақылау тәсілдерін үйретеді. Жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар жөнінде жалпы мағұлмат. Класификасы,номенклатурасы және атаулықтары.Минералды және органикалық жылу, дыбыс оқшаулағыш материалдар. Өндіру және қолдану технологиясы.


2) Пәннің кредиттік құны.Пән құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандығының күндізгі оқу түрінің кәсіби таңдау компонентіне жатады.Оқу көлемі 4 кредит, 180 сағатқа жоспарланған 2-ші курстың 3-ші семестрінде оқытылады
3) Құрылыс материалдарын өндіру мамандығы бойынша оқитын студенттерге заманауи азаматтық және өндірістік құрылыс сұраныстарына сай жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын алу технологиясын және олардың қасиеттерін терең меңгеру, жылу оқшаулағыш және акустикалық материалдарын шығарудың жаңа жобаларын технологияларын жүзеге асыру, жылу оқшаулағыш бұйымдары түрлерінің материалдар мен композиттер өндірісіндегі ролінің маңыздылығын терең түсіндіру, оларды өндірудің тиімді технологиясын анықтау,жобалау және басқару жөнінде теориялық,тәжірибелік білім беру.
4) Оқыту нәтижелері. Пәнді оқу кезінде алынған үшін білім, іскерліктер және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Қабырғалық материалдар технологиясы, Әрлеу материалдары, Гидрооқшаулағыш материалдар, Бетон технологиясы 1, Бетон технологиясы 2, р.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:
-жылу және дыбыс оқшаулағыш зат алуға қажетті басты және қосалқы шикізаттық компоненттерді таңдаудың негізгі қағидаларын;
-жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіру технологиясын жобалау;
-жылу және дыбыс оқшаулағыш заттардың негізгі қолданыстық қасиеттерін;
-негізгі өндіріс қондырғыларын таңдау,есептеу, қолданудың жолдарын
5) Тақырыптар бойынша пәннің толық мазмұны

№ р/с

Тақырыптардың
атауы

Сабақтың түрлері бойынша сағаттар саны

СӨЖ

дәріс-тер

прак



Бар-лы-ғы

СӨЖО

1

Кіріспе Жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар қасиеттері

2

2

5

2

2

Жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдардың түрлері қолдану мақсаттары

2

2

5

2

3

Бейорганикалық шикізатар негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар өндіріс технологиясы

4

4

10

4

4

Минералдық және шыны мақта оның негізіндегі бұйымдар Ұялы шыны (көбікшыны)

2

2

10

4

5

Сұйық шыны негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар, перлит және оның негізіндегі бұйымдар

4

4

10

4

6

Ұялы бетондар түрлері, өндіріс технологиясы

1

2

10

4

7

Керамкалық жылуоқшаулағыш материалдар

3

3

10

4

8

Жергілікті шикізаттар және өндіріс қалдықтары негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар

3

3

10

4

9

Органикалық жылу оқшаулағыш материалдар

3

3

20

4

10

Ағаш негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдар

3

3

10

4

11

Акустикалық материалдар және бұйымдар

3

2

20

4

Барлығы: 180 (4 кредит)

30

30

120

30



6) Пәнді оқыту келесі пәндерді оқу кезінде алынған білімдерге негізделеді: МатематикаІ,ІІ, ФизикаІ,ІІ, Химия, Құрылыс материалдар химиясы
7) Негізгі оқулықтар:

  • Сатеков Б. С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз: Сенім, - 2007. І том. – 576 бет., ІІ том. – 472 бет.

  • Горлов Ю. П. Технология теплоизоляционных и акустических материалов и изделий. Уч.пособие.-М.: ИАСВ, 2009.

8) Қосымша оқулықтар:

  • Методические указания к выполнению курсового проекта. Куанышева С.Ш., Наврезов Ш.А., Березовская Т.Г., Алматы, КазГАСА, 1993.

  • Сақанов Қ.Т.,Никифорова В.Г Такибай Ш. Құрылыс материалдары. Зертханалық жұмыстар. Оқу құралы Павлодар.ПМУ, Кереку. 2015.

9) Қоса атқарушылық жоқ
10) Компьютер пайдалануға мүмкіндік жоқ.
11) Зертханалық жұмыстар мен жобалар оқу жоспарында қарастырылмаған
аға оқытушы: Шайхислам Тәкібайұлы Уақыты__________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет