Ұйымдасқан топ құру



Дата24.02.2016
өлшемі26.6 Kb.
#17722
Ұйымдасқан топ құру” дәрежелеу белгісі дәлелденбегендіктен сот қаулылары өзгертілді

( үзінді)

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының үкімімен С. ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «а,б» тармақтарымен, 235-бабының 4 - бөлі-гімен сотталған. Осы үкіммен Ж., ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен, 235-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлі-гіне сәйкес сотталған.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен үкім өзгертіліп, Ж. жөнінде ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлігі бойынша үкім бұзылып, оның әрекетінде қылмыс сипаты болмағандықтан іс қыс-қартылған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысымен аталған сот қаулылары өзгертіліп, сотталған С-ға ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «а,б» тармақтары және 235-бабының 4-бөлігімен тағайындалған жазалар ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде ішінара қосылып, бас бостандығынан айыру жазасы 17 жылға дейін төмендетіліп, үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Сотталған Ж. Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 70-бабы қолданылып, тағайындалған жазаның жартысын өтеуге байланысты жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.

Сот қаулыларымен С. Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі, яғни лауазымды адам бола тұра, өз қызмет бабын пайдаланып, бұрын сотты болған Ж-мен алдын-ала сөз байласып, азаматтардың жеке малдарын ұрлау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып және оны басқарып, бөтеннің мүліктерін бірнеше рет ірі мөлшерде ұрлағаны, ал Ж. және С. алдын-ала сөз байласып, ұйымдасқан топ болып, бөтеннің мүлкін бұрын ұрлағаны үшін екі рет сотталған адам бола тұра бірнеше рет, екеуі жалпы бағасы 2 431 000 теңгені құрайтын 68 бас жылқыны ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау алқасы төмендегі мән-жайларды анықтады.

Сотталғандардың және жәбірленушілер К., М., Қ., А., Н., Ә., А., Ә., Н., Т., Қ., Ш., О., Д. және куәлар С., Б., А., О., З., А., тағы басқалардың жауаптарынан С. ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны расталмайды.

Бірінші сатыдағы сот С-ның әрекетін-де осы қылмыстың құрамы бар-жоғын мүлдем зерттемеген, оған тағылған айып-тың қандай айғақтармен дәлелденгендігіне талдау жасап көрсетпей, тергеумен ұсынылған дәлелдемелерге заңды баға бермей асығыс үкім шығарған.

Апелляциялық сатыдағы алқа Ж. ұйымдасқан топты құрмаған және оны басқармаған деген шешімге келіп, оның әрекетінде қылмыс сипаты болмауына байланысты ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлігімен істі қысқартқан.

С. өз тарапынан құқық қорғау органының қызметкері ретінде Ж-ға жәрдемдесіп, бағыт-бағдар көрсетіп, ет сатушылармен келісіп, малдың етін өткізіп, түскен ақшаны өзіне және Ж-ға бөліп отырған, яғни қылмысқа көмектесушілік көрсетіп отырған. Бұл жағдайда С-ның әрекеттері ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен қайта дәрежеленуге жатады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы сотталған С. мен Ж. жөніндегі сот қаулыларын өзгертіп, С-ға тағылған айыптың ҚР ҚК-нің 235-бабының 4-бөлігі мен 175-бабының 3-бөлігінің «а» тармағы дәлелденбегендіктен, осы бөліктері бойынша бұзып, қылмыстық істі қысқартқан. ҚК-нің 58- бабының 3-бөлігін қолдануды үкімнен алып, оның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағынан ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігімен, 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен қайта дәрежелеп, 9 /тоғыз/ жылға бас бостандығынан айыруды, жазаны өтеуді түзеу колониясының жалпы режиміне тағайындады.



Ж-ның айыбынан ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «а» тармағы дәлелденбеген-діктен бұл жөнінде сот қаулыларын бұзып, істі қысқартып, оны ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б, в» тармақтарымен айыпты деп таныған бөлігін және тағайындалған жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырды. Ж-ның әрекеттерінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөлігінің «б» тармағына сәйкес қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп таныды. Үкімнен «сотталушы Ж-ның бұрын сотты болуы жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар» деген сөздерді алып тастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет