Макроэкономика
Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы.
Мемлекеттік бюджет – үкіметтің билігінде тұрған ірі орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет қаржы жүйесінің бөлігі бола тұра, оның өзіндік ерекшеліктері бар:
— мемлекеттік бюджет бөлу қатынастарының ерекше түрі болады, себебі ол ұлттық табысты қайта бөледі;
— бюджеттік қайта бөлу пропорциясы ұдайы өндіріс және қоғамдағы толық қажеттілікпен анықталады;
— бюджеттік бөлу мемлекетте қаржы құрамында орталық орын алады;
Мемлекеттік бюджет – бұл, мемлекет қызметінің барлық ақша ресурстары (табыстары) және оның бөлінуін (шығыстары) көрсететін қаржылық программасы.
Қаржылық жүйе мемлекет деңгейінде белгілі жетістікке бағытталса, онда ол мемлекеттік қаржы саясаты деп айтамыз. Тек бюджет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдеседі, ол нарықты механизмнің қолынан келмейді. Қаржылық саясаттың екі шешімі болады:
экономиканы табыстың және шығыстың көмегімен реттеу, ол фискалды саясат;
бюджеттік процестерді реттеу (бюджеттік тепе- теңділікке жету), ол бюджеттік саясат.
Фискалдық саясат – мемлекеттің өз құқын пайдалана отырып салықтарды белгілеуі және қаржыны жұмсауы. Фискалды саясаттың түрлері:
— Дискрециондық реттеулер.
— Автоматты реттеулер.
Дискрециондық реттеулер. Олар іске үкіметтің арнаулы шешімімен кірістіледі (келесі заң немесе жарлық), мысалы, қосымша салықтар немесе зейнетақының төменгі жаңа деңгейі.
Автоматты реттеулер, керісінше, кірістірілген стабилизатордың көмегі арқылы қаржылық құжаттарда ертерек салынып қойылған, қажет кезінде өз еркімен әрекет жасайды, мысалы, регрессивті салық жүйесі белгілі бір деңгейде автоматты түрде жұмыс істей бастайды.
Бюджеттік баптар өзінің құрылымы бойынша бөлінеді:
— мемлекеттік басқару бойынша шығындар;
— әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға;
— мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы экономикалық қызметтерді жүргізуге;
— ұлттық қауіпсіздік және қорғанысты бекітуге.
Бюджет арқылы қоғамда өндірілген табысты бөледі. Міне, осының нәтижесінде денсаулық, білім беру, басқа да әлеуметтік мәселелерді қорғаныс, мемлекеттік басқару, ірі күрделі ғылымды қаржыландыру іске асады.
Қоғамдағы өндірілген табыстардың қайта бөлінуі бюджет арқылы жүргізіледі. Соның арқасында денсаулық сақтау, білім және басқа әлеуметтік программалар, қорғаныс, мемлекеттік басқару, түбірлі ғылымды қаржыландыру жүргізіледі.
Бюджеттің қаржысы инвестицияға шектелген мөлшерде шығындалады, себебі нарықты шаруашылықта күрделі қаржы жұмсаудың негізгі мол көзі несие болады.
Бюджеттік қаржыларды жұмсау кезінде келесі принциптер сақталуы қажет:
— қаржылардың мақсатты бағытталуы;
— жұмсалудың қайтып келмес принципі;
— үнемдеу режимін сақтау.
Мемлекеттік шаруашылық қызметінің шығындары таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі.
Мемлекеттік шығындар мультипликаторы ТҰӨ өзгерісінің үкіметтік шығындар өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады.
Мемлекеттік бюджет шығыс және табыс бөліктерінен тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірісі, бірінші кезекте орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдерден, сондай-ақ бюджеттен тыс және мақсатты қорлар деп аталатын түсімдерден тұрады. Кіріс жүйесіндегі орталық орынды салық алады. Ірі салықтар орталық үкіметке тіркелсе, кішігірім салықтар жергілікті билікте болады.
Нарықты механизмнің тиімді жұмыс көбінесе мемлекет өзінің кіріс пен шығыстың қалай теңеуіне байланысты. Егер шығындары кірістерінен жоғары болса оның бюджет тапшылығы дейді. Бюджет тапшылығы туу себептері мынадай:
мемлекет экономиканың дамуына ірі мемлекеттік инвестиция жұмсағанда;
өмірдің әр түрлі кеңістігінде мемлекеттің рөлі артқанда;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары өскенде;
мемлекет аппараты саны көбейгенде;
төтенше жағдайлардың тууына байланысты (соғыс, күтпеген апат);
өндірістің циклдік төмендеу болғанда, үкімет елдегі қаржылық жағдайды бақылай алмайды.
Бюджеттік тапшылық экономикаға керісінше әсер етеді, сондықтан мемлекет оны жоюға әрекет жасайды. Бюджеттік тапшылықты жабу жолдары:
эмиссия жасау.
салықты көтеру;
шығындарды қысқарту;
мемлекеттік қарыз, мемлекеттік несие.
Мұнда ұлттық банк үкіметінің өтінішін қабыл алмаған жағдайда, ол амалсыздан өзінің және сырт елдердегі азаматтарынан, банктерден, корпорациялардан, түрлі қорлардан қарызға ақша қаражаттарын алады. Сондықтан, бюджеттік тапшылықты жабатын бірде бір әдістер инфляциясыз болмайды. Бюджеттік-салық саясаты – бұл, ЖҰӨ өсуіне және жұмысбастылықты қамтамасыз етуге бағытталған, үкіметтің
мемлекеттік шығындары мен салықтандыру реттеу шаралары. Белгілі болғандай, экономикада «мультипликациялық тиімділік» болады. Нарықты экономикадағы мультипликатор тиімділігінің мәні, ол инвестицияның көбеюі, ұлттық табыстың, бастапқы өсуіне қарағанда, улкен мөлшерге көбеюіне әкеледі. Салықта мультипликациялық тиімділікке тууына әкеледі.
Мемлекеттік бюджетке салық түсімдердің көлемінің өсуі – инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл ТҰӨ мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор таза ұлттық өнімнің өзгерісінің, салықтың түсімдер көлемінің өзгеруіне қатынасымен анықталады.
Салықтың төмендеуі тұтынушылар үшін олардың табыстарының өсуіне және оған сәйкес тұтыну, тауарларына сұраныстың өсуіне әкеледі. Фирмалар үшін салықтың төмендеуі кәсіпкерлердің табыстарының өсуіне әкеледі, ол инвестиция көбеюіне және одан әрі инвестициялық тауарларға сұраныстың өсуіне әкеледі.
Салықтардың төмендеуінен болатын мультипликациялық тиімділік мемлекеттік шығындардың көбеюіне қарағанда бостау. Бұл айырмашылық фискалды саясат инструменттерін таңдау кезінде анықтаушы болады. Егер саясат мемлекет шығындар көбеюінде циклдік қайтуына бағытталған болса онда күшті ынталандырушы тиімділік береді. Ал, инфляцияны тоқтату үшін салық көбеюі (ол жәй шектеулі шара) болады.
Сондықтан, мемлекет фирмалардың табысын салықтық ставкасы артықша жоғарылату олардың инвестицияға деген ынтасын түсіретінін ұмытпауы керек. Бұл Лаффер қисығы графигінде көрінеді.
Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары:
сыртқы қарызды өтеу қажеттілігі сол мемлекеттің халқы үшін тұтыну мүмкіндіктерінің едәуір қысқаруына алып келеді;
қарыз жеке капиталды ығыстыруға алып келеді, бұл одан ары экономиканың өсуін шектеуі мүмкін;
өспелі мемлекеттік қарызды төлеу үшін салықтардың артуы экономикалық белсенділікті ынталандыруға қарсы ретінде орын алуы мүмкін;
мемлекеттік борыш табыстардағы теңсіздіктің артуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |