Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру Тақырыбы: «Анама сыйлық»



Дата04.07.2016
өлшемі44.57 Kb.
#176192
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы,Аққұм ауылы КМҚК№7 «Шұғыла» бөбекжайы I санат тәрбиешісі .Саламатова Күлайым Бақбергенқызы.
Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Анама сыйлық»

Мақсаты: Балалардың мереке туралы түсініктерін кеңейту. Қалдық заттардан әдемі сыйлық жасауды үйрету.Тиянақты жұмыс жасауға,ұқыптыллыққа тәрбиелеу. Саусақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Өз ойларын жеткізе білу.Жақындарына қуаныш сезімдерін сыйлауға, анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Қиялдарын дамыту.

Көрнекілігі: Дискілер (СД ,RV, DVD),түрлі –түсті жұмсақ ысқыш(ыдыс-аяқ жуатын) үлгі, сурет,желім.қайшы,проектор, музыкалық центр,

Әдіс-тәсілдер: ТРИЗ,көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Ысқыш

Билингвистикалық ко+мпоненттер: Гүл-цветок, ана-мама


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

-Балалар, бүгінігі біздің оқу іс-әрекетіміз өте ерекше тіпті қызықты өтпекші. Сондықтан балалар,көңіліміз көтеріңкі болу үшін,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба балалар,жақсы онда барлығымыз экранға назар аударайық.

Кімнің суретін көріп тұрмыз ?

Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.

Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек? Өте жақсы.

-Ал енді айтайық анамыз қандай? -Сұлу

-Мейірімді

-Нәзік, -Анамыз бізге не береді?

-Бізге қамқор болады. -Сүт береді.

Дұрыс айтасыңдар.

Құшағы ыстық, бірақ күн емес Өзі нәзік, гүл емес Және сүйкімді, қоян емес,

Сүт береді , сиыр емес. Бұл кім екен балалар?


-Саламатсыз ба!

Иә,ойнаймыз

АНАМЫЗ

Кесте сызу керек



-Сұлу

-Мейірімді

-Нәзік,

-Анамыз бізге не береді?

-Бізге қамқор болады. -Сүт береді

АНАМЫЗ


Іздену Ұйымдастырушы

Жарайсыңлар балалар

Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер?

Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.

Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен болрсыңдар.

-Анаң үйде болмаса қандай болады.

-Көңілсіз,ренжиміз ,суық болады.

-Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?

- Жыл мегілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?

-Қандай мереке келе жатыр деп ойлайсыңдар.?

Әрине, ол аналар мерекесі. 8 наурыз жақындап қалды. Бұл күні барлық бала аналарын,әжелерін,апайларын,тәтелерін құттықтайды.Сондықтан балалар,бүгін бізде аналарымызға сыйлық жасаймыз. Сендер аналарыңа тосын сый жасағыларың келеме? Қалай ойлайсыңдар,аналарыңа қандай не сыйлауға болады. Аналарыңа қандай сыйлық ұнайды.? Гүл сыйлауға болады.Бірақ гүлді қайдан аламыз. Топтағы гүл жетпейді. Сатып алатын ақшамыз жоқ. Өз қолымызбен сыйлық жасайық.

Балалар аналарың сендерге тосын сый жасап, бізге бүгін өздері келіпті.

Аналарымызға не дейміз. Қайырлы таң деп айтайық. Ендеше балалар, біз былай жасайық, бүгін аналарымызға біздің қолымыздан барлығы келетінін және ақылды,білімді екенімізді дәлелдейік. Ал енді айта қойыңдаршы аналарыңның қасында өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар?

-Күшті,жылы,көңілді.

Біз сыйлықты сатып алмаймыз.Өз қолмыбен жасаймыз. Келістік пе балалар.

Қараңдаршы балалар,мынау не? диск, онымен не істейміз? Мультфилм көреміз. Қазір балалар,балапан каналынан мультфильмді көріп жүрміз. Бұл дискілерді қазір ешкім пайдалана қоймайды. Бұл барлығмыздың үйімізде бар. Солай ғой, енді бұны біз тастамай анамызға сыйлықты осы дискіден жасаймыз.Дискінің пішіні қандай?

Мұқият қарап алыңдар. Мынау кәдімгі жұмсақ ысқыш майлық. Бұлда барлығмыздың үйімізде бар. Енді осы дайын қиылған домалақ,жұмсақ ысқышты қолымызға аламыз да,қылшамен дискіге желім жағып жапсырамыз.. Және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, кішкене жүрекше қиып аламыз ,оны дискінің ортасына әдемілеп желімдер,оны да жапсырамыз. Оған қоса анамыздың суретін желім жағып жапсырамыз. Одан соң түрлі моншақтармен безендіреміз.

Енді ойларыңа түсіріңдер, қайшымен қалай жұмыс жасаймыз?

Балалар есімізге түсіріп алсақ, жұмысты бастайық.Алдыменен дискіге қиылған дөңгелек ысқышты желімдеп жапсырып аламыз. Бетінен әдемілеп орамалмен бастырып сүртеміз. Содан соң, қайшыны ұқыпты ұстап, жүрекшені қиып алып оны дискінің ортасына желім жағып,жапсырамыз.Одан соң анамыздың суретін желім жағып жапсырып,түрлі әшекей моншақтармен безендіреміз

Қане, балалар шаршаған боларсыңдар ,орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған..


Жауабы:

Жұмсақ Жылы

Анамыздың туған күні, 8 наурыз аналар мерекесі.






Рефлексивті коррекциялаушы

-Сендерге қиын болдыма ?

Не оңай болды? Өзіміздің шын жүрегімізбен жасаған сыйлығымыз анамызға ұнайды деп ойлаймыз және оны көп уақыт сақтайтын болады.

Олай болса анамызға бір-бір тілек айтып сыйлығымызды ұсынайық. Аналарымыз қуанып қалсын.

Ал анамыздың махаббаты бізді мәңгіге жылытады.



Балалар жауабы

Күтілетін нәтиже: Білу керек: Желім жағу мен жапсыру әдісін

Нені игерді: Аналарына сыйлық жасаудың әдіс-тәсілдерін

Нені білді: Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтауды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет