Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізудің әдістемелік ұсыныстары
-
Ұжымдық келіссөздерге дайындық
1.1. Ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелер жаңа қаржылық жылға арналған шығындар баптарында көрсетілуі үшін ұжымдық келіссөздерді 15-қазаннан бастаған орынды.
1.2. ҚР ЕК 282-бабына сәйкес еңбек қатынастарының кез келген тарапы келіссөздер жүргізудің бастамашысы бола алады. Кәсіподақ шарт жасасудағы мүдделі тарап ретінде бастаманы өз мойнына ала алады.
1.3. Келіссөздер басталғанға дейін кәсіподақ келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға кәсіподақ өкілдерінің құрамы және келіссөздердің басталуы туралы шешім қабылданатын атқарушы органның (бастауыш кәсіподақ ұйымында – бұл кәсіподақ комитеті) мәжілісін өткізуі тиіс. Шешім мәжіліс хаттамасымен ресімделеді.
1.4. Ұжымдық шарт бойынша келіссөздерді бастау туралы хабарлама (1-қосымша) жұмыс берушінің атына пошта арқылы тапсырылғандығы жөніндегі хабарламамен жіберіледі немесе белгіленген тәртіпте ұйымдағы іскерлік хат-хабарларды қабылдауға жауапты тұлғаға оны алған уақыты туралы құжаттың көшірмесіндегі белгісімен тапсырылады.
1.5. Ұжымдық келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар жазбаша хабарламасын алған білім беру ұйымының басшысы, келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу үшін өз тарапынан уәкілетті өкілдерді көрсете отырып кәсіподақ комитетіне жауап жолдап, оған он күнтізбелік күн ішінде кірісуге міндетті.
1.6. Ұжымдық келіссөздерді бастау күні кәсіподақ комитетінің екінші тараптан жауап алған күнінен кейінгі келесі күн болып саналады.
-
Келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия
2.1. Тараптар ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жобасын әзірлеу, оны жасасу және оның орындалуына бақылауды ұйымдастыру үшін тең құқылы негізде комиссия құрады.
2.2. Комиссияның құрамына қызметкерлер өкілдерінің кандидатуралар тізімі кәсіподақ комитетінің мәжілісінде құрылып, оның шешімімен бекітіледі.
2.3. Ұйым басшысы комиссияға өкілдерінің жеке құрамын өз еркімен құрады. Келіссөздерде жұмыс беруші тарапының өкілдері ретінде білім беру ұйымдарының басшылары, заңгерлер, экономистер, түрлі қызметкерлер бола алады.
2.4. Комиссия құру ұйым басшысының бұйрығымен және кәсіподақ комитетінің қаулысымен ресімделеді (2 -қосымша).
2.5. Ұжымдық келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрғаннан кейін, комиссия мәжілісін әзірлеу мен өткізу, қаралатын мәселелерді талқылау тәртіптерін, іс жүргізу және комиссия жұмысымен байланысты басқа да мәселелерді анықтайтын комиссия жұмысының тәртібі мен Ережесін дайындаған орынды. Комиссия туралы үлгілі Ереже 3-қосымшада берілген.
2.6. Комиссия мәжілісін бекітілген Ержеге сәйкес оның төрағасы жүргізеді. Егер комиссияны әрбір тараптан бір-бірден екі қос төраға басқарса, олар мәжілісті кезекпен жүргізе алады. Төрағаның міндеті – пікірталас кезінде тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестіктің принциптерін және комиссия жұмысының бірге дайындаған жұмыс тәртібін қатаң қолдану болып табылады..
2.7. Комиссияның жұмысы оның төрағасымен (тараптардың қос төрағасы) және хатшысымен (сол мәжілістің) қол қойылған мәжілістердің хаттамаларында көрсетілуі тиіс.
3. Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу
3.1. Комиссия ұжымдық шартқа кіретін ұсыныстарды жинау жөнінде 3-5 күн ішінде білім беру ұйымында хабарландыру орналастырады.
3.2. Комиссия жұмыс тәртібімен белгіленген мерзім ішінде ұжымдық шарттың жобасын өз еркімен дайындап және талқылап, оны қарау үшін кәсіподақ комитетіне, білім беру ұйымының басшысына жібереді.
3.3. Ұжымдық шартты дайындауға тиісті салалық келісімдер, аумақтық (өңірлік) үшжақты келісімдер негіз болады.Ұжымдық шарттың нормалары осы келісімдердің тиісті міндеттемелерін нашарлатпауға тиіс.
3.4. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар анықтайды.
3.5. Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу кезінде қызметкерлердің өкілдері жұмыс берушінің ұсынған ақпаратын, құқықтық нормативтік актілерін, салалық, аумақтық (өңірлік) келісімдердің мазмұнын, ұжымдық шарттың үлгілі макетін, ұжымдық-шарттық кампанияларды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар мен басқа да материалдарды зерттеп, талдау жасаулары қажет.
3.6. Ұжымдық келіссөздер толық жариялылық жағдайда жүргізілгені жөн. Осы орайда кәсіподақ комитеті:
-
еңбек ұжымдарында жобаны талқылауды;
-
қызметкерлерге сауалнама жүргізуді;
-
арнайы бөлінген жерлерде қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін жинауды;
-
жоғарғы кәсіподақ органдарында кеңес берулер мен т.б. жүзеге асырғаны дұрыс.
3.7. Келіссөздер барысында әрбір тараптың өкілдері келіссөздерді тоқтатуға, кеңестер беруге, қосымша қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
3.8. Комиссия өз мәжілістерінде ұжымдық шарттың жобасын алдын ала талқылау кезінде түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарап, оған комиссия тараптарымен келісілген өзгерістерді енгізеді және оны ұжымдық келіссөздердің тараптарына береді.
3.9. Қызметкерлердің жағдайын қолданыстағы заңнамамен және келісімдермен салыстырғанда нашарлататын ұжымдық шарттың жағдайларын анықтау үшін, ұжымдық шарттың жобасы Кәсіподақтың аумақтық ұйымының заң қызметіне алдын ала сараптамаға жіберілуі мүмкін.
4. Ұжымдық шартқа қол қою және оны тіркеу
4.1. Тараптармен келісілген жағдайда ұжымдық шартқа қол қою ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап кемінде бір ай ішінде жүргізілуі тиіс.
4.2. Ұжымдық шартқа қол қою оның мазмұнын ұйымдағы еңбек ұжымының жиналысында талқылағаннан кейін жүзеге асырылады.
4.3. Тараптар қол қойған ұжымдық шарт он күндік мерзімде мониторинг үшін еңбек инспекциясының Басқармасына жіберіледі.
4.4. Мониторинг үшін ұжымдық шарттың төрт данасы ұсынылады. Қойылған қолдар мен мөрлер, оларды куәландырулар түпнұсқада болуы тиіс. Барлық даналардағы парақтар нөмірленуі қажет. Құжаттар пакетіне жолдама хат тіркеледі.
4.5. Тіркелген ұжымдық шарттың үш данасы жұмыс берушінің өкіліне қайтарылып, ол оның екеуін Кәсіподақтың аудандық (қалалық) комитетіне береді (бір дана кәсіподақтың еңбек инспекциясына беру үшін). Төртінші дана тіркелген органда сақталады.
5. Келіспеушілік хаттамаларын құру
5.1. Ұжымдық шарттың жобасы бойынша реттелмеген келіспеушіліктер ұжымдық шартты өзгерту жөнінде әрі қарай келіссөздер мәні болып немесе ұжымдық еңбек дауларын шешіп, қарау үшін көзделген тәртіпке сәйкес шешілуі мүмкін.
5.2. Егер ұжымдық келіссөздер барысында тараптар өкілдері ұжымдық шарт жобасының барлық жағдайлары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда (оларға қатысы жоқ себептер бойынша немесе тараптар өкілдерінің түрлі көзқарастарына байланысты), келіспеушілік хаттамасы құрылады (4- қосымша).
Келіспеушілік хаттамасына әрбір тарап түпкілікті тұжырымдалған ұсыныстар мен барлық баламалы тұжырымдарды, сондай-ақ келіспеушілік себептерін жоюға қажетті және келіссөздерді қалпына келтіру мерзімдерінің шаралары бойынша ұсыныстарды енгізеді.
5.3. Келіспеушілік хаттамасына тараптар өкілдері ұжымдық шартпен бір мезгілде қол қойып, ұжымдық шартқа қоса тіркеледі.
6. Ұжымдық келіссөздер кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
6.1. Тараптар өкілдері ретіндегі келіссөздерге қатысушы тұлғалар келіссөздер кезінде орташа жалақысы сақталып, бір жыл ішінде кемінде бір айға негізгі жұмысынан босатылады.
6.2. Шақырылған сарапшылардың, мамандар мен делдалдардың еңбек ақыларын шақырушы тарап төлейді.
6.3. Ұжымдық келіссөздерге қатысушы қызметкерлердің өкілдерін оларды жүргізу мерзімінде тәртіптік жазалауға, жұмыс берушінің бастамасымен кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға немесе жұмыстан босатуға болмайды.
Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар үшін үлгілі жадынама 5-қосымшада берілген.
1 -қосымша
Жұмыс берушіге
Ұжымдық келіссөздердің басталуы туралы
ХАБАРЛАМА
___________________ (ұйымның атауы) кәсіподақ комитеті
Сізге _______ жылдарға арналған ұжымдық шарт жасасу жөнінде келіссөздерге кірісуді хабарлайды.
ҚР Еңбек кодексінің 282-бабына сәйкес он күндік мерзімде ұжымдық шартты жасасу және жобаны әзірлеу мерзімдері, келіссөздер жүргізу үшін комиссияның құрамы, оның жұмыс тәртібі мен орны туралы бұйрық шығаруды ұсынамыз.
Өз тарабымыздан _______ күн ішінде (бір айдан аспайтын мерзімде) келіссөздер жүргізіп, _____ дейін (күні, айы) ұжымдық шарт жасасуды ұсынамыз.
Келіссөздер кезінде қызметкерлердің мүддесін _________________ білдіреді (қызметкерлер тарапынан комиссия мүшелерінің тізімі).
Комиссия мәжілістерін апта сайын ____________ аралығында (апта күнін көрсету) Жұмыс берушінің тарапына ыңғайлы кез-келген уақытта өткізуді ұсынамыз. Келіссөздер жүргізу орны ________________.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы
_______________________________(қолы)
«_____»__________ 200 ж.
2- қосымша
БҰЙРЫҚ*
________ (күні) №_____
Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу жөніндегі
ұжымдық келіссөздерді жүргізу туралы
ҚР Еңбек кодексіне, кәсіподақ ұйымының ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздерді бастау туралы _____________ хабарламасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. _______ жылдарға арналған ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу жөніндегі келіссөздерге кірісу басталсын.
2. Құрамында _______ адамнан тұратын екіжақты комиссия құрылып, жұмыс берушінің мүдделерін ______________ (тізім) қорғап, оған қызметкерлер тарапынан ______________ (тізім) қосылсын.
3. Комиссияның барлық мүшелері мәжілістер кезінде орташа жалақылары сақталып, негізгі жұмыстарынан босатылсын.
4. _______ жылдарға арналған ұжымдық шартты жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздерді жүргізу комиссиясының жұмыс тәртібі бекітілсін.
5. Комиссия мәжілістері апта сайын (өткізілетін орны көрсетілсін) _________ аралығында (апта күні) сағ.____ өткізілсін.
6. Ұйым басшылары жазбаша сұраныс негізінде ұжымдық келіссөздер үшін қажетті ақпаратты ______ ішінде (бес күннен аспайтын мерзімде) комиссияға жіберсін.
7. Басшы ___________ (аты-жөні, тегі) келіссөздер жүргізу орнын дайындап, комиссия мүшелерін жұмысқа қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Басшы ______________________(қолы)
*Ескертпе:
Кәсіподақ комитетімен бірге ұқсас шешімнің, мысалы бұйрық-шешімнің шығарылуы мүмкін.
3 -қосымша
Ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу,
жасасу және орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі комиссия туралы ҮЛГІЛІ ЕРЕЖЕ
1.1. ҚР Еңбек кодексінің 282-бабына сәйкес ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу, жасасу және орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнінде құрылған комиссия (әрі қарай – Комиссия) өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР еңбек заңнамасын, іс-әрекеті білім беру ұйымдарында қолданылатын барлық деңгейдегі келісімдерді, осы Ережені және жасасқан ұжымдық шартты басшылыққа алады.
1.2. Комиссия қызметін құру және жүзеге асыру кезінде тараптар төмендегі негізгі прициптерді басшылыққа алады:
- тараптардың тең құқықтылығы мен мүдделерін құрметтеу;
- ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылауда таңдау еркіндігі;
- тараптардың міндеттемелерді қабылдау еріктілігі;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қадағалау.
2.Комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2.1. Комиссияның негізгі мақсаты:
- әлеуметтік-еңбек қатынастары тараптарының мүдделерін олардың ұжымдық-шарттық реттелуі арқылы келісуіне қол жеткізу болып табылады.
2.2. Комиссияның негізгі міндеттері:
- ұжымдық келіссөздерді жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу;
- ұжымдық шартты жасасу;
- ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- қолданыстағы ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгертулер жобасын әзірлеу болып табылады.
2.3. Комиссия қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:
- ұжымдық келіссөздер жүргізеді;
- ұжымдық шартты әзірлеу және жасасуға қажетті ақпаратты алады;
- ұжымдық шарттың жобасын дайындайды;
- қажет болған жағдайда мамандарды тарта отырып жұмысшы тобын құрады;
- қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысу үшін жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін, мамандарды, басқа ұйымдардың өкілдерін шақырады;
- қызметкерлердің ұжымдық шарттың жобасын талқылауын жүргізеді;
- қызметкерлерден түскен ұсыныстар мен пікірлерді жинақтап қорытады, оларды ұжымдық шарттың жобасына қосу немесе қоспау туралы шешім қабылдайды;
- ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- ұжымдық шартты жасасу және жүзеге асыру кезінде туындаған келіспеушіліктерді реттеуге жәрдемдеседі.
3. Комиссияның құрамы және оны қалыптастыру
3.1. Ұжымдық шартты жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізу және оның орындалуын бақылау Комиссиясының қызметін жүзеге асыру кезінде Қызметкерлер тарапының мүдделерін _________________ ( аты-жөні, тегі, лауазымы) тұлғасында ________________ (ұйымның атауы) кәсіподақ ұйымы, Жұмыс беруші тарапының мүдделерін ________________ (ұйымның атауы) – басшысы (басшының лауазымы) _________________ (немесе жұмыс берушімен өкілеттік берілген басқа тұлға) (аты-жөні, тегі, лауазымы) білдіреді.
3.2. Комиссия мүшелерінің, әрбір тараптан өкілдердің саны ______адам.
3.3. Кәсіподақ ұйымы және Жұмыс беруші Комиссиядағы өз өкілдерінің жеке құрамы мен оларды ротациялау тәртібін өз еркімен анықтайды.
3.4. Комиссиялар құра отырып, тараптар өз өкілдеріне мынадай өкілдіктер береді:
- ұжымдық келіссөздерді жүргізу;
- ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу;
- ұжымдық шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
3.5. Комиссияны құрған тарап Комиссиядағы өз өкілдерінің қатарынан – тараптың үйлестірушісін тағайындайды.
4. Комиссия мүшелері
4.1. Комиссия мүшелері:
- ұжымдық келіссөздерді жүргізу тәртібіне сәйкес Комиссияның және жұмысшы топтардың мәжілістеріне, Комиссия шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
- Комиссияның және оның жұмысшы топтарының мәжілістерінде қарауға Комиссия құзырлығына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Комиссияның шешімдерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
- мүдделерін білдіруге өкілетті тарап алдында жауапты.
4.2. Комиссия мүшелерінің, Комиссия тараптары үйлестірушілерінің өкілеттіктері Комиссияны құрған әлеуметтік-еңбек қатынастары тараптарының тиісті шешімдерімен куәландырылады.
5. Комиссия жұмысының тәртібі
5.1. Комиссияның мәжілісіне әрбір тарап өкілдері – Комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда құқылы болып саналады.
5.2. Комиссияның алғашқы мәжілісі әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің бірі келесі тараптан ұжымдық келіссөздерді бастау ұсынысы бар жазбаша хабарлама алған сәттен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде немесе келіссөздерді бастаушы тарап өкілдерінің хабарламада көрсеткен басқа мерзімінде өткізіледі.
5.3. Комиссия мәжілісі хаттамамен ресімделіп, оны Комиссияның хатшысы немесе мәжілісте төрағалық етушінің тапсырмасымен комиссия мүшелерінің бірі жүргізеді. Комиссияның келесі мәжілісі басталмай тұрып тараптар үйлестірушілері хаттаманың екі данасына қол қойып, оны тараптардың үйлестірушілеріне береді.
5.4. Екі тарап та дауыс берген жағдайда, комиссия шешімі қабылданған болып есептеледі. Комиссия тараптары өз мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылдайды.
5.5. Комиссияның келесі мәжілісіндегі төрағалық етушіні тағайындау туралы шешімді Комиссия кезекті мәжіліс аяқталардың алдында қабылдайды. Комиссия мәжілістерінде, әдетте, Комиссия тараптарының үйлестірушілері кезекпен төрағалық етеді.
5.6. Комиссияның келесі мәжілісіне төрағалық етуші болып тағайындалған тараптың үйлестірушісі Комиссияның кезекті мәжілісін дайындау мақсатында кеңестер беріп, Комиссияның кезекті мәжілісіне қарауға шығарылатын Комиссия шешімдерінің жобаларын тұжырымдау кезінде олардың арасында келісімге қол жеткізу үшін тараптардың өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді.
6. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
6.1. Комиссия қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Жұмыс беруші жүзеге асырады.
4- қосымша
_______ жылдарға арналған ұжымдық шарттың жағдайлары бойынша
КЕЛІСПЕУШІЛІК ХАТТАМАСЫ
№
п/п
|
Күні, комиссия мәжілісі хаттамасы-ның №
|
Ұсынысты кім ұсынған
|
Ұсыныстың мазмұны
|
Қабылдамауға себеп болған дәлелдер
|
Комиссияда қабылданған шешім
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
Тараптар өкілдерінің қолдары
күні
5- қосымша
Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар үшін
ҮЛГІЛІ ЖАДЫНАМА
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың тереңдей түсуінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу механизмі ретіндегі ұжымдық шарттар жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздердің рөлі артып, әрдайым өзгеріп келеді. Бір жағынан ұжымдық шарттар мен келісімдердің сапасына талаптар артса, екінші жағынан әріптестер кәсіби даярлықсыз, бір ғана тәжірибемен ойлаған нәтижеге қол жеткізу жыл өткен сайын оңайлыққа соқпайтынын түсінеді.
Осыған байланысты келіссөздер процесі оған қатысушылар ортақ үстелге отырмай тұрып басталады. Бұл процесте келіссөздерге дайындық, келіссөздерді жүзеге асыру, келіссөздерді аяқтау сияқты бірнеше кезеңді атап көрсетуге болады.
Осы ұсыныстарда ұжымдық келіссөздерге қатысушылардың назарын аударуға қажетті негізгі кезеңдер қысқаша көрсетілген.
ҚР Еңбек кодексі тараптар өкілдеріне ұжымдық келіссөздер өткізу мерзімі, орны мен тәртібі туралы мәселелерді шешуде толығымен еркіндік берген. Жалғыз ғана шектеу - ұжымдық шартқа келісілген жағдайлармен келіссөздер басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қол қою болып табылады.
Жұмыс беруші келіссөздер жөніндегі комиссиялар мен қызметкерлер өкілдерінің жұмысын қамтамасыз ететін жағдай жасауға, сондай-ақ мәжілістер, жиналыстар мен кеңес берулер өткізу үшін ақысыз бөлмелер, ішкі байланыс және ақпарат құралдарын, көбейту және басқа да оргтехникалар, қабырға үнқағаздарын орналастыратын орындар ұсынуға міндетті.
Комиссия мәжілісін ұйым басшысының да, кәсіподақ ұйымы басшысының да кабинеті болып табылмайтын келіссөздер жүргізу үшін арнайы жер- «бейтарап аумақта» өткізген жөн. Сонда барлық комиссия мүшелері өздерін еркін сезінетін болады.
Келіссөздердің жетістігі көбінесе мәжіліс төрағасының іс-әрекетіне байланысты. Комиссияны әрбір тараптан үйлестірушілер – екі қос тараға басқарып, кезекпен мәжілісті жүргізеді. Төрағаның міндеті – пікірталас кезінде тәртіпті қадағалау, әлеуметтік әріптестік принциптерін және келіссөздердің бірге дайындалған тәртібін қатаң ұстану болып табылады.
Төрағаның рөліне ұжымда беделді, сындарлы сұхбат жүргізуге қабілетті, уақытты бағалайтын, сезімге бой алдырмайтын, келіссөздерге қатысушылар арасында туындайтын жанжалдық жағдайларды шешетін және олардан комиссия жұмысының бірге дайындалған тәртібін қатаң қадағалауды талап ете алатын адамды ұсынған дұрыс.
Келіссөздерге мұқият дайындалған жөн. Тараптардың әрқайсысы алдын ала ұжымдық шарттың мазмұны бойынша ұсыныстар дайындап, келіссөздерде өз әрекетінің стратегиясы мен тактикасын ойластыруы тиіс. Комиссия мүшелерінің екіжақты келісушіліктің мәні болып табылатын мәселелерді реттеудің нормативтік-құқықтық базасын, соның ішінде:
· ҚР Еңбек кодексін;
· ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін;
· ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңын оқып білгендері жөн.
Тараптардың келіссөздерге қатысушылары бас, салалық, өңірлік, аумақтық және ұйымдарда қолданылатын келісімдердің басқа түрлерін, ұжымдық шарттың макетін, басқа да әдістемелік ұсыныстарды зерттеп білулері тиіс.
Әлеуметтік әріптестіктің ең жоғарғы деңгейінде қол жеткізілген келісушіліктер – ұжымдық шарт мазмұнын тұжырымдаудың негізі болып табылады.
Осы ақпаратты талдау негізінде, қызметкерлердің өкілдері ұсынылатын талаптардың ең жоғарғы және ең төменгі шекараларын, ал жұмыс берушінің өкілдері – өздері келісетін ең жоғарғы және ең төменгі шарттарды ойластырулары қажет. Бұл екі тарапқа да келіссөздер барысында икемділік танытуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер барысында кәсіподақ тарапы жұмыс беруші өкілдерінің ұсыныстары мен өздерінің әлеуметтік-экономикалық талаптары пакетінің әрқайсысын алдағы уақытта қарсы дәлелдерге жауап қайтара алатындай мұқият дәлелдей отырып, ұсынулары және қорғай білулері тиіс.
Кәсіподақ аргументтерінің қатарына төмендегі жағдайларды жатқызуға болады:
- елдің және өңірдің экономикалық жағдайы жақсарды (тұрақтанды);
- өмір сүру құнының өсуі тоқтамай, құнсыздану деңгейі жоғары болып тұр;
-
жалақы өзінің базистік функцияларын, соның ішінде ұдайы өндірушілік, яғни жұмысшы күшін ұдайы өндіруді, сондай-ақ әлеуметтік- қарамағындағыларды қамтамасыз етпейді;
- жалақы орташа статистикалық есептен төмен;
- әлеуметтік кепілдіктер салалық немесе өңірлік келісімдермен қарастырылған жағдайлардан төмен;
- жұмыс берушінің қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға, әлеуметтік қызметтерге және басқаларына қосымша шығындары ақыр соңында еңбек сапасын арттыруға, демек өңірдегі саланы ойдағыдай дамытуға әкеп соғады.
Келіссөздерге қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерде келіссөздер жүргізу процесіне дағдыланып, осы мәселе бойынша ғылыми және оқу әдебиетімен танысқандары жөн. Бұл оларға келіссөздерді сауатты жүргізуге: әңгімелесушіні құрметтеуге, өз назарын көзқарастарға емес, мүдделерге жинақтауға, қысымға бой алдырмауға, оппоненттің ойы мен айласын уақытында түсінуге мүмкіндік береді.
Келіссөздер мақсатына негізінен қол жеткізіліп немесе талас тудырған қөзқарастар бойынша барлық нақты нұсқалар аяқталған жағдайда ұжымдық келіссөздер тәмамдалған болып саналады және ұжымдық шарттың жобасын белгіленген тәртіпте оған әлеуметтік әріптестіктің тараптары қол қою үшін шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |