АИТВ-оң еркектен әйелдің жүкті болуы және жұқтырмағаны жағдайлары болса да, қалайша бұлай болғанын түсіндіретін ешқандай сенімді ақпарат жоқ. Балалы болғысы келетін кейбір жұптар, жүкті болу мүмкіндігі жоғары және АИТВ жұқтыру мүмкіндігі төмен болатын, қорғалмаған секспен айналысатын әйелдердің жұқтыруын мейлінше азайтуға талаптанып көруге болады. Бұл әйелдерде ұрық құйылған кезде не оның серіктесінің вирустық жүктелімі анықталмаған кезде болады. Алайда, осы кезеңде АИТВ берілу тәуекелдігінің азаятындығы, әзірше дәлелденген жоқ АИТВ-оң мәртебесі анықталған жағдайда, жүктілікті жалғастыру проблемасы Жүктілігі кезінде АИТВ жұқтырғанын білген әйел, мейлінше көптеген ақпаратты ойластыруға және өте тез маңызды шешім қабылдауға тиіс. Осынау шешімдерді қабылдауы үшін, әйелге жеткілікті мұрсат, дәл ақпарат пен жақсы қолдау, сондай-ақ барлық ықтимал нұсқаларын зерделеу мүмкіндігін беру маңызды. Олар қандай шешім қабылдаса да, осылардың нәтижелері оң да, сонымен қатар теріс те болуы мүмкін. Өзінің АИТВ мәртебесі туралы жүкті болғанға дейін білетін әйел, мынадай төмендегі мәселелерді зерделеуге тиіс. Бала көтеру кезеңі Ана жүктілігі кезінде, өз қан айналымынан плацента арқылы ұрыққа беруі мүмкін. Плацента – бұл жүктілік кезінде ана мен ұрықты байланыстыратын жатыр органы. Плацента ананың ағзасынан ұрықтың ағзасына қоректік заттардың түсуіне, және ана қанында болатын АИТВ секілді инфекциялық агенттерден ұрықты қалыпты түрде қорғауға мүмкіндік береді. Алайда, егер плаценттің менбранасы қабынса не зақымданса, ол вирустардың енуінен тиімді түрде қорғай алмайды. Бұл жағдайда АИТВ-инфекциясы анасынан ұрығына берілуі мүмкін. Бала көтеруі кезінде вирус берілуінің босанғанға дейінгі көтерілетін не өзгеретін факторлары: - жоғары аналық вирусты титры (ана қанындағы вирус мөлшері); - аналық бейтараптау дене қарсылығы (аналық дене қарсылығы ұрықта АИТВ өршітуі мүмкін); - плацентарлы мембрананың қабынуы (бұл жағдайда ол вирустың енуіне қарсы оншалықты тиімді емес);
Достарыңызбен бөлісу: |