Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі. Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі. Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады. Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |