2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады?



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата23.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496335
  1   2   3   4   5
2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады



Психолог кеңестері: 2 жастағы баланың тілін қалай
дамытуға болады? 
Бала тілнің дамуы өте қарқынды өтетін және тілді үйренуге деген
ерекше сезімталдығы байқалатын «сензитивті» кезең екі жасында
басталады. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен
сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік
қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді,
сөйлемдерді қолдана бастайды.
Тілді түсіну біртіндеп болатын процесс. Бұл процестің дамуы үшін бір
жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары
арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар
алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет.
Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері)
арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді
түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге
еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында
белсенді баланың сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді және дамуынан ілгері
келе жатқан балаларда сөздік қор 35-45 сөзге дейін жетеді. Бала
анасының өзімен жақсы айналысқан қарым-қатынасының нәтижесінде
қолданыстағы көп сөздерді игере бастайды. Екінші жарты жылдықта
белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады, белсенді сөздік
қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік
және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен
келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды
дұрыс айтады. 2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі -
қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет