«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»



Дата25.02.2016
өлшемі130.75 Kb.
#23309


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «5» қыркүйектегі..............

№ 1153 қаулысымен

бекітілген

«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық

сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі - аумақтық орган) көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 13-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның стендтерінде;

3) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет алушылар).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

жүк көлік құралдарын өлшеу халықаралық сертификатын беру мемлекеттік қызметті алуға өтініш келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет демалыссыз және мейрам күндерісіз тәулік бойы ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуді дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, күту орындары және қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден көшірілген (үзінділер), орналастырылған стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыру орындары бар уәкілетті органмен жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы сертификаттың 1-3 бағандарын толтырады.

12. Сертификат бланкін көлік құралының жүру бағытында орналасқан уәкілетті орган береді.

13. Толтырылған сертификат бланкісі уәкілетті органның қызметкеріне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат көзделмеген.

15. Сертификат мемлекеттік қызмет алушыға жеке өзі келгенде беріледі.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері қарастырылмаған.





  1. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпараттарды ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялық қағидаттарын басшылыққа алады.





  1. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, сапалы және тиімді көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.


  1. Шағымдану тәртібі

20. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшiн мемлекеттік қызмет алушы осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген мекен-жай және телефондар арқылы уәкілетті орган басшылығына жүгiнедi.

21. Көрсетiлген мемлекеттік қызметтің нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнің Көліктік бақылау комитетi төрағасының атына қағаз тасығышта, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, ktk@mtc.gov.kz. электрондық пошта бойынша берiледi.

22. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген телефондары мен мекенжайлары бойынша берiледi.

23. Көрсетiлген мемлекеттік қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

24. Шағымдар еркін түрде жазбаша нысанда пошта арқылы жолданады.

25. Мемлекеттік қызмет алушыға оның шағымының қабылданғанын растауға шағымды қабылдаған адам нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі мен орны, шағымның қарастырылу барысы туралы білуге мүмкін болатын лауазымдық тұлғалардың байланыс деректері көрсетiлген талон бередi.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны 8 (7172) 242909 және call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметі «электрондық үкімет» 1414.

______________________

«Жүк көлік құралдарын

өлшеудің халықаралық сертификатын

беру» мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша стационарлы

таразы жабдығымен жабдықталған стационарлы

көліктік бақылау бекеттерінің тізбесі


Өлшеу станция коды

Өлшеу станция атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

01

Семей

Шығыс Қазақстан

Омск - Майқапшағай, 751 км

02

Шығанақ

Жамбыл

Екатеринбург - Алматы, 2061 км

03

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1040 км

04

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

05

Денисовский

Қостанай

Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км

06

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

07

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

08

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

09

Қызыл Ту

Оңтүстік Қазақстан

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км

10

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1278 км

11

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 241 км

12

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км

__________________

«Жүк көлік құралдарын

өлшеудің халықаралық сертификатын

беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



      Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi


Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi


1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. электрондық форматта қол жетiмдi ақпарат қызметтерiнiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Белгiленген мерзiмде қанағаттанған тұтынушылардың негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











__________________

«Жүк көлік құралдарын

өлшеудің халықаралық сертификатын

беру» мемлекеттік қызмет стандартына



3-қосымша

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi


Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8 (7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 а

8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz


8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1

8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1

8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 а

8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105 а

8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz

__________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет