Жүктелім (Наряд)



бет1/2
Дата05.09.2023
өлшемі19.25 Kb.
#476616
  1   2
Лекция №6 ЭО-20о


Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсат толтыру


І-бөлім. "Жүктелім (Наряд)"
1-тармақ. Жұмыстарды атау кезінде жалпыланған атаулардан аулақ болу
керек жəне осы жүктелім-рұқсат бойынша орындалатын жұмыстардың түрін нақты көрсету керек. Бригада (буын) мүшелері жүктелімде көрсетілген жұмысты ғана орындауға міндетті. Қандай болмасын қосымша жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда басқа жүктелім-рұқсат жазып беру керек.
Жұмыс орны жұмыс жүргізу орнында нақты, жергілікті бағдарлар бойынша көрсетіледі. Көрсетілген аймақта бригада мүшелерінің болуына жауапты орындаушының немесе ол болмаған жағдайда, жұмыстардың жауапты басшысының қатысуымен ғана рұқсат етіледі. Бұл шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда бригада мүшелері көрсетілген қауіпті аймақтан шығарылуға тиіс.
2-тармақ. 1-тармақта көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын материалдар, аспаптар, құралдар, жабдықтар жəне қорғау құралдары көрсетіледі. Бұл ретте өздері қауіп көзі болуы мүмкін материалдарға, құрал - саймандарға, құралдарға жəне жабдықтарға (жанар- жағар жəне жарылыс қаупі бар материалдар; электрлендірілген, пневматикалық жəне пиротехникалық құрал-саймандар; өткір жұмыс жүздері бар аспаптар; ашық айналмалы жəне қозғалмалы жұмыс органдары бар жабдықтар жəне т.б.) ерекше назар аудару қажет.
3-тармақ. Жұмыстардың қауіпсіздігі мақсатында жүргізілетін іс- шараларды санамағанда, осы жұмыс қауіптілігі жоғары жұмыстар санатына жатқызылған, орындалатын жұмыспен тікелей байланысты емес сыртқы қызметкерлердің əсеріне жол бермейтін іс-шараларға ерекше назар аудару қажет. Оларға бірінші кезекте қорғаныштық жəне сигналдық қоршауларды, экрандарды, сигнал беру құралдарын орнату, қорғаныш жабындарын жəне т.б. орнату жатады.
Жұмыс істеп тұрған кəсіпорын аумағында жұмыстарды орындау кезінде бұл тармаққа акт-рұқсатта көрсетілген іс-шараларды енгізу қажет.
4-тармақ. Жүктелім-рұқсат берудің ерекше жағдайларында жұмыс уақытында пайда болуы мүмкін сыртқы қауіпті факторлар мен қауіпті факторлардың көздері, сондай-ақ олардың орналасқан жері көрсетіледі.
Мұнда жұмыс жүргізу аймағындағы немесе оған жақын орналасқан қолданыстағы жабдық көрсетіледі.
5-тармақ. Жұмыстардың басталу жəне аяқталу уақытын көрсеткен кезде қызметкерлердің жұмыс аймағында тек көрсетілген уақытта жəне тек жауапты орындаушының немесе жұмыс басшысының қатысуымен ғана болуы мүмкін екендігін ескеру қажет.
6-тармақ. Жүктелім-рұқсатты ұйымның бұйрығымен тағайындалған жауапты қызметкер ғана жазып беруге жəне табыс етуге құқылы.
7-тармақ. Жұмыстың жауапты басшысы жүктелім-рұқсатқа қол қояр алдында жүктелімдегі жазбалармен, қолда бар нормативтік жəне техникалық құжаттамамен танысуы, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың толықтығын бағалауы жəне қажет болған жағдайда оларды нақтылауы жəне толықтыруы тиіс.
8-тармақ. Жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жұмыстарды
орындау кезінде жүктелім-рұқсат беруші тұлға жұмыстардың жауапты
басшысымен бірге еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жəне жұмыс жүргізу тəртібін жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның жауапты тұлғасымен келісімдейді жəне оның қолын қойғызады. Егер жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жүргізілмесе, ( * ) белгіленген жол толтырылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет