Жүктелім (Наряд)



бет2/2
Дата05.09.2023
өлшемі19.25 Kb.
#476616
1   2
Лекция №6 ЭО-20о

II бөлім. "Рұқсат беру»
9-тармақ. Жұмыс басталар алдында жұмыстардың жауапты басшысы, ал жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жұмыстарды орындау кезінде — оның жауапты адамы бригада (буын) мүшелеріне нұсқау береді, онда орындалатын жұмыс бойынша қауіпсіздік шараларынан басқа, сыртқы қауіпті жəне зиянды факторлардан жарақат алуды болдырмау жөніндегі қауіпсіздік шараларын, қауіптілік көздерінің орналасқан жерін, жұмыс жүргізу аймағына жəне аймақтың өзіне өту жолдарын көрсетеді.
Бұдан басқа, қызметкерлердің авариялық жəне төтенше жағдайлардағы əрекет ету тəртібі туралы баяндалады, жұмыс жүргізу тəртібі түсіндіріледі.
Жұмысшылар қажетті нормативтік-техникалық құжаттамамен, ЖЖЖ, ЕК танысады. Нұсқаулық аяқталғаннан кейін жұмыстардың жауапты басшысы сұрау арқылы материалдың толық игерілуіне тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда, жұмысты ұйымдастыру жəне қауіпсіз жүргізу бойынша кейбір іс-шараларды түсіндіреді. Мақсаттық нұсқаулықтың өткені жүктелім-рұқсатта қол қою арқылы расталады.
10-тармақ. Нұсқаулықтан өткен жұмысшылардың фамилиялары мен кəсіптері анық, түзетулерсіз, жүктелім-рұқсатының тиісті бағанына жазылады.
Əр қызметкер қол қою арқылы нұсқаулықтың өткенін растайды. Қандай да бір түзетулерге немесе қосымша жазуларға жол берілмейді.
11-тармақ. Жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жұмыстарды орындау кезінде кəсіпорынның жауапты адамы жұмыс орнын, еңбек жағдайларын жəне жүктелім-рұқсатта көрсетілген қауіпсіздік шараларының орындалуын тексереді, жұмысшыларды жұмыс орнына жібереді жəне жүктелім-рұқсатқа өз қолын қояды.
Егер жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жүргізілмесе, ( * ) белгіленген жол толтырылмайды. Жұмыстардың жауапты басшысы жұмыстардың жауапты орындаушысымен бірге жұмыс орнының жағдайын, қауіпсіздік шараларының орындалуын тексереді, анықталған кемшіліктерді жояды жəне рұқсат беру жүктеліміне қол қояды.
12-тармақ. Жұмыстардың жауапты басшысы жұмыстың нақты басталған уақыты мен күнін қояды жəне жүктелім-рұқсаттың бір данасын жұмыстың жауапты орындаушысына, екіншісі — жүктелім-рұқсатты берген тұлғаға тапсырады.
13-тармақ. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыстардың жауапты орындаушысы жұмыстардың жауапты басшысымен бірге (жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жұмысты орындау кезінде кəсіпорынның жауапты тұлғасының қатысуымен) жұмыстардың орындалуын, жұмыс орнын, бөгде заттардың болмауын, материалдардың, құралдардың жəне басқа да факторлардың бар-жоғын тексереді, жұмыстың нақты аяқталу уақыты мен күнін қояды жəне жүктелім-рұқсатқа өз қолын қояды. Егер жұмыс істеп тұрған кəсіпорынның аумағында жүргізілмесе, ( * ) белгіленген жол толтырылмайды.
Жұмыстың жауапты орындаушысы жабық жүктелім-рұқсатты жұмыстардың жауапты басшысына береді. Жауапты басшы жүктелім-рұқсаттарды беруді есепке алу журналында жүктелімнің жабылған күнін көрсетіп, өзінің қолын қойып, жабық жүктелім-рұқсатты жүктелім-рұқсаттарды беруге жауапты адамға тапсырады.[18]


Бақылау сұрақтары
1. Электрмен жабдықтау құрылғыларын пайдалану кезінде персоналдың
қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
2. Персоналды жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа жіберу тəртібі қандай?
3. Жүктелім-рұқсатсыз қандай жұмыстарды орындауға болады ?
5. Жүктелім-рұқсат беру тəртібі қандай?
6. Тыйым салатын жəне ескерту плакаттарын атаңыз.
7. Бригада құрамын атаңыз.
8. Жұмысқа рұқсат беру қалай рəсімделеді?
9. Басқа жұмыс орнына ауысудың жəне жұмыс аяқталғаннан кейінге көшуді ресімдеу ерекшеліктері қандай?
10. Жүктелім-рұқсат рəсімдеуге қандай талаптар қойылады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет