БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУ Анықтамасы: Босанғаннан кейінгі қан кету – табиғи жолдармен босану кезінде 500 мл және одан көп, кесар операциясы кезінде 1000 мл және одан көп қан жоғалту. 4. Жіктелуі: - Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету – босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат.
- Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан кету – босанғаннан кейін 24 сағаттан соң.
5. Қауіп факторлары - Босанудың үшінші кезеңінің созылуы
- Преэклампсия
- Анамнезінде босанғаннан кейінгі қан кету
- Көп ұрықтық
- Босану жолдарының жұмсақ тіндерінің зақымдануы
- Ұзаққа созылған босагу
- Қынаптық оперативті босану
- Плацентаның және оның бөліктерінің жатыр қуысында қалуы
- Плацентаның төмен орнығуы
- Тромбофилия
- Ірі ұрық
- Көп босанулар
Алдын алу - Босанғаннан кейінгі қан кетудің ең тиімді алдын алуына босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу, бұл қан кетуді 2,5-3 есе төмендетеді («Физиологиялық босану» протоколын қара).
Қан кетудің диагностикалық критерилері: - босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетудің белгілерін ерте анықтау
- босанушы әйелдің жағдайын, АҚ, тамыр соғуын, ТАЖ бағалау
- Гемотокрит деңгейін бастапқыдан 10%-дан азаюы
- Визуалді әдіс (30% қате).
- Гравиметриялық әдіс – операциялық материалды өлшеу (15% қате),
- Өлшегіш ыдыспен өлшеу (кружка, градуирленген лоток).
8. Этиологиясы - Босанғаннан кейінгі қан кетудің себептеріне «4Т» деп белгіленген 4 негізгі этиологиялық процестердің біреуінің бұзылыстары жатады:
Босанғаннан кейінгі қан кетудің этиологиялық факторлары
| | |
|
Достарыңызбен бөлісу: |