Акушерлік қан кетулер



бет1/2
Дата28.11.2022
өлшемі2.07 Mb.
#465926
  1   2
Документ (1) (3)


Акушерлік қан кетулер
(жүктілік, босану кезеңдерінде және босанғаннан кейінгі
кезеңдердегі акушерлік қан кетулер)
Акушерлік қан кетулер- ДДСҮ (ВОЗ) анықтамасы бойынша
босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңді аскындыратын жыныс мүшелерінен 500 мл. жоғары қан кетуді айтамыз (әйелдің дене салмағынан 0.5 %).
Акушерлік қан кетулердің жіктелуі:
1. Жүктілік кезіндегі қынаптық қан кетулер
Жүктіліктің ерте кезеңдерінде Жүктіліктің кеш мерзімінде
(22 аптаға дейін) (22 аптадан кейін)16-кесте
а) -өзіндік түсіктер а)плацентаның төмен орнығуы
-басталған түсік б)қалыпты орналасқан плацен-
-жүрістегі түсік таның мезгілінен ерте бөлінуі.
-толық емес түсік в)қабыққа жабысқан кіндік та-
-толық түсік мырларының үзілуі
б) дамымай қалған жүктілік г)басқа себептер
в) эктопиялық жүктілік
г) трофобластикалық аурулар
2. Жүктілікке байланысты емес қынаптан қан кетулер
а) жатыр мойнының эрозиясы, эктропионы, дисплазиясы.
б) жатыр мойнының полиптері.
в) жыныс мүшелерінің ісіктері.
3. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетулер
1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кетулер - босанғаннан
кейінгі алғашкы 24 сағат ішіндегі қан кету.
2. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңдегі қан кетулер - босанғаннан
кейінгі 24 сағаттан 6 аптаға дейінгі қан кетуді айтамыз.
а) жатырдың атониясы
б) жатырдың айналып кетуі
в) жұмсақ босану жолдарының жарақаттары
г) жатырдың жыртылуы
68
Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетулер
Плацентаның төмен орнығуы
Плацентаның төмен орнығуы- плацентаның орнығуының ауытқуы.
Әдетте плацента жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына, ішкі жатыр мойын тесігінен 5-7 см жоғары орнығады.
Плацентаның төмен орнығуында плацента жатырдың төменгі
полюсінде орнығып, оның ішкі мойын тесігін жартылай немесе толық жауып жатады.
Плацентаның төмен орнығуының екі түрі бар.
1. Толық төмен орнығуы
2. Жартылай төмен орнығуы
Толық төмен орнығуында плацента ұлпасы жатырдың ішкі мойын тесігін түгелімен жауып жатады, бұл плацентаның орталық орнығуы деп аталады( 1с-сурет).
Плацентаның жартылай орнығуында, жатырдың ішкі мойын тесігі жартылай жабылып, тек қана бір іргелес жағынан плацента анықталады.Плацентаның төмен орнығуының бір сирек кездесетін түрі - плацента ішкі мойын тесігіне жақын орнығады, бірақ оның жиегі 6-7 см жетпейді;қынаптық зерттеуде, жатыр мойны аркылы плацентаның жиегін анықтауға болады (1 a, B,-сурет).
Плацентаның Қазақстан Республикасында төмен орнығуының жиілігі
0,4%-0,6% аралығында, Ресейде 0,2%-0,8%.
Бұл ауытқу көп босанған аналар арасында, көп түсік тастаған, жатыры қабынып ауырған, жатырында ісігі бар, медициналық түсікті көп жасатқан әйелдерде және кесар тілігінен кейін жиі кездеседі (80- 85%). Жоғарыда аталған асқынулардан кейін жатырдың шырышты қабаты қабынып, қанайналымы бұзылып дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Осының
салдарынан қабынған жатыр қабырғаларына ұрық ене алмай өзіне ыңғайлы орын іздеп, жатырдың төменгі полюсіне (бөлігіне) карай жылжып жабысады.
Соңғы жылдары УДЗ (ультрадыбысты зерттеуден) кейін жүктілік кезінде плацентаның жылжымалылығы дәлелденді.
Жүктіліктің ІІ-ші, ІІІ-ші жартыларында плацента жатыр мойнынан
жоғары жатыр денесіне қарай жылжитындығы анықталды, әсіресе
жүктіліктің екінші жартысында 8-10 есе жиі байқалады.
Клиникалық белгілері:
Бұл ауыткудың ең негізгі белгісі – жатырдан қанның кетуі; әйелде ешкандай ауру сезімі болмайды: көбінесе жүктіліктің екінші жартысында, 27-28-ші апталарында кездеседі.
Жүктіліктің соңғы айларында, босану кезінде қан кету жатырдың төменгі сегментінің пайда болуына және плацента ұлпасының жатырдың төменгі полюсінен бөлінуіне байланысты. Белгілі нәрсе - жүктілік кезінде.
69
жатыр бұлшық еттері әрдайым жайымен оқтын-оқтын жиырылып-тарқап тұрады, сонымен қатар төменгі сегмент тұсында жатыр бұлшық еттері созылып тартылады (дистракция), ал плацента ұлпасының созылып тартылу қасиеті жоқ, сондықтан бір бірімен қиылыспаған екі жазықтық (төменгі сегмент және плацента) жылжып, плацента бүрлері жатыр қабырғасынан ажырап, екі ара ашылып, жатыр қан тамырларынан қан кетеді. Егер кан тамыры түйіліп, тромб пайда болса қан тоқтайды, біраз
уакыттан кейін тағы кайталанады. Екіншіден қағанақ суын жарған кезде,
плацента төменгі сегментпен бірлесіп, әрі қарай ажырамайды.


Босану кезінде қағанақ суын жарғанда қан тоқтайды, себебі төмен түскен нәресте басы плацентаны басып қанды тоқтатады.


Плацентаның төмен орнығуындағы қан кетудің ерекшелігі: кан шығыны кенеттен пайда болып, тез токтап, тез қайталанады; мөлшері етеккір сиякты немесе 1-2 л-ге дейін болуы мүмкін.
Екінші белгісі – жүктіліктің үзілу қаупі, нәрестенің жүрек соғысы нашарлайды, оның дұрыс орналаспауы байқалады (көлденең, қиғаш
орналасуы).
Диагностикасы.
1. Нәресте басы жамбастың кіреберіс жазықтығынан жоғары тұрады.
2. Шат сүйегінің жоғарғы жағынан жұмсақ томпақшаны анықтауға
болады.
3. Қынаптық зерттеу арқылы плацента ұлпасын анықтайды (жатыр мойны ашылған жағдайда). Қынаптык зерттеуді тек перзентханада,операцияға дайындау бөлмесінде жүргізеді.
4. УДЗ - зерттеуде нақты мәлімет алуға болады (90-95%).
70


Дәрігердің тактикасы


Плацентаның төмен орнығуында – жүктілік тактикасын анықтауда
дәрігер үш факторды ескеруі тиіс.
1. Жүктілік кезіндегі қан шығынының қайталау жиілігін, оның мөлшерін.
2. Қынаптық зерттеу қан шығынының артуына әсер ететінін.
3. Шала туылған нәресте перинаталдық өлімнің негізгі себебі екенін.
Егер жүктілік мерзімі және нәресте өсіп жетілмесе, оның күй – жағдайы жақсы болса, қан шығыны шамалы болған жағдайда әйелге перзентханада клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізіп, төмендегі емдерді колданады.
1. Қатаң төсектік тәртіп.
2. Жатырдың қозуын бәсеңдететін дәрілер қолданады (но-шпа, папаверин, магнезия терапиясы т.б.).
3. Ұрық өкпесінің жетілуі үшін - дексаметазонды пайдаланады.
4. Әйелдің күй-жағдайы нашарлап, қан шығыны артса; жедел кесар тілігі аркылы босандырады.
5. Егер жүктілік мерзімі 37 апталық болып (УДЗ бойынша), ұрық салмағы 2500 г және оның өкпесі өсіп жетілген болса, кесар тілігін жоспарлы түрде жасайды.
6. Плацентаның төмен орнығуының толық-орталық түрінде; жартылай түрінде - қан шығыны артып, босану жолдары дайын болмаса,әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.
71

7. Босану кезеңінде, әйелдің күй-жағдайы жаксы болып, кан шығыны шамалы болса, амниотомия жасауға болады. Осыдан кейін нәрестенің басы төмен түсіп, канаган кан тамырларын басады (кан токтайлы). Әйелдің өзі босанған жағдайда жатыр қуысын қолмен тексеріп, гипоатониялық кан шығынының профилактикасын жасайды.


8. Егер кесар тілігінен кейін немесе босану кезеңдерінде
гипоатониялык қан шығыны байкалса, жатырды қосалқы мүшесімен (мүшесіз), тек жатыр мойнын қалдырып (ампутация), немесе жатырды қосалқы мүшесімен, жатыр мойнын толық алып тастайды (экстирпания).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет