Жұмыс бағдарламасы 05. 08. 2010 жылы Қр дсм бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды Хаттама №



Дата16.07.2016
өлшемі312 Kb.
#203778
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Морфологиялық пәндер кафедрасы


044 -42/15-(14)

11- беттің -беті



«Анатомия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Морфологиялық пәндер кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

ТжКББФ деканы

Отыншиев М.А._______ «____»__________2013 ж.


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Анатомия»

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курс: 2

Семестр: III-IV

Сағат көлемі: 90


Шымкент – 2013 ж

Жұмыс бағдарламасы 05.08.2010 жылы ҚР ДСМ бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Жұмыс бағдарламасы кафедра

мәжілісінде талқыланды

Хаттама № ____

«_____» ________________2013ж


Кафедра меңгерушісі, профессор ___________ Сисабеков Қ.Е.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

Хаттама № ____

«_____» ________________2013ж


Әдістемелік кеңес төрайымы___________

Дайындаған оқытушы ___________________



Кіріспе

Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысы мен тұлмысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелік дәрігер, фельдшер мамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізгі болып саналады. Анатомия-адам денесінің, мүшелер мен тіндердің құрылысын химия, физика, биология және қазіргі заманғы медицинаның жетістіктерін қолдана отырып оқытады. Анатомия – философия мен онтогенездің жалпы ағымын, мүшелердің анатомиялық – топографиялық өзара орналасуын, өзгергіштігін, адам денесінің құрылысының өзгеруіне қоршаған ортаның, әлеуметтік ықпалдардың және спортпен айналысудың әсерін оқиды. Оқу барысында ағзаның жастық, жыныстық және жеке ерекшелігін қарастыру қажет.


Пәннің мақсаты: Анатомия пәнінің, негізгі мақсаты-адам денесінің, мүшелер мен жүйелердің құрылысын, ағзаның жекелеген бөліктерінің бір-бірімен өзара байланысын және тәуелділігін ашу. Сонымен қатар анатомия пәнін оқу барысында әр-түрлі аурулардың клиникалық көріністерін терең, ғылыми тұрғыда оқи отырып, ауруларды күтудің жолдарымен танысу.

Пәннің міндеттері:

  • клиникалық ұғымның дамуына бағытталған мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен топографиясын білу негізін құрастыру;

  • адам мүшелері құрылымының өзара байланысы мен өзара қатынасы және қызметі жөнінде, адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына, еңбек пен әлеуметтік факторларға байланысты біртұтастығы жөнінде ғылыми көзқарасын жетілдіру;

  • Физикалық бақылау және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету әрекеттерін игеру мақсатында ағзалар мен олардың бөліктерінің орналасуы проекциясын анықтай білуді игеру;

  • адам ағзасы мен мәйітті биологиялық материал ретінде ұқыпты және аса құрметпен қарау;


Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент:

Білуі тиісті:

  • анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;

  • қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін;

  • сүйектер байланысының түрлерін, жіктелуі және буындардың биомеханикасын;

  • бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, қызметін;

  • бас, мойын, қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ пен жамбас ағзаларының топографиясын;

  • асқорыту, тыныс алу, жүрек – қантамырлар және зәр шығару жүйесі ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін;

  • жұлын мен бас миының құрылысын;

  • сезім мүшелерінің анатомиясын;

  • жұлын және бас миы нервтерінің түзілуі мен қызметін, олардың нервтендіруін;

  • қан тамыр және лимфа жүйелерінің анатомиясы мен топографиясын;

  • эндокринді бездер құрылысы мен қызметін;

  • бас пен мойынның, дененің және аяқ – қолдың тері жамылғыларының морфофункционалдық сипаттамасын;

  • халықаралық анатомиялық номенклатураны латын тілінде.


Көрсете алуға тиіс:

  • бас сүйектері, дене және аяқ-қол сүйектеріне тән ерекшеліктерін анықтау;

  • анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып алу;

  • мәйіттен бастың, дененің және қолмен аяқтың бұлшықеттерін көрсету;

  • бас пен мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы ағзаларды табу;

  • жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсету;

  • жұлын мен бас миы нервтерін көрсету;

  • мәйіттен бас пен мойын, кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас және қол мен аяқтың қан тамырларын көрсету;

  • адам денесінің бетінен ағзалар мен қан тамырлар, нервтер проекциясын анықтап көрсету.


III- семестр

Теория тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Теориялық сабақ

1

Анатомия - адам ағзасының құрылысы жөніндегі ғылым. Анатомияның міндеттері мен зерттеу әдістері. Даму тарихы.

1

теория

2

Адам денесі құрылысының негізгі қағидалары. Қалып туралы түсінік және қалыптың нұсқаулары.

1

теория


3

Адам денесінің аймақтары. Голотопия. Топография. Скелетотопия. Сыртқы жобалар жүйесі. Адам денесіндегі біліктер мен жазықтықтар, қуыстықтар.

1

теория

4

Кеуде торының сызықтары. Іш аймағы. Ішкі ағзалар туралы түсінік. Ағза. Ағзалар жүйесі және аппараттар. Ағзаның біртұтастығы, нейрогуморальдық регуляция.

1

теория

5

Остеология. Сүйек ағза ретінде. Сүйек құрылысы. Сүйек пішіндері. Сүйектің химиялық құрамы және қасиеті.

1

теория


6

Сүйек қосылыстарының түрлері: үздіксіз қосылыстар синартроздар, (синдесмоз, синхондроз, синостоз), үздікті қосылыстар диартроздар ( буындар)және гемиартроздар

( жартылай буындар). Буындардың емелесі. Буындағы қозғалыс түрлері.



1

теория

7

Миология. Бұлшық ет ағза ретінде. Бұлшық еттің жалпы құрылысы.

1

теория


8

Бұлшық еттердің топтарына, құрылысына, пішініне және қызметіне қарай бөлінуі. Бұлшық еттің қосымша аппараты.

1

теория


9

Адам денесінің бұлшық еттері мен фасциялары

1

теория


10

Қол-аяқ бұлшық еттері.

1

теория




Барлығы:

10





ІII - семестр

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Тәжірибелік сабақ

1

Қаңқа, оның бөлімдері. Омыртқа бағаны. Омыртқа бағанының түрлі бөлімдеріндегі омыртқалардың құрылыс ерекшіліктері.

1

Тәжірибелік

2

Қабырғалар құрылысы емелесі(нағыз, жалған, бос қабырғалар). Төс сүйегі құрылысы.

1

Тәжірибелік

3

Иық белдеуінің сүйектері: Бұғана, жауырын.

1

Тәжірибелік

4

Қол сүйектерінің құрылысы, ірі буындары.

1

Тәжірибелік

5

Аяқ сүйектерiнiң құрылысы: жамбас сүйек, ортан жiлiк, сирақ, аяқ ұшы /басы/ сүйектерiнiң құрылысы.

1

Тәжірибелік

6

Аяқ сүйектерінің ірі буындары.

1

Тәжірибелік

7

Жамбастың жыныстық және жасқа байланысты ерекшіліктері. Жамбас өлшемдері.

1

Тәжірибелік

8

Бас сүйегі, құрылысы.

Маңдай, төбе, шүйде, торлы сүйектердiң құрылысы.



1

Тәжірибелік

9

Самай және сына тәрiздi сүйектерiнiң құрылысы

1

Тәжірибелік

10

Ми сауыты бет сүйектер. Құрылысы, орналасуы және сипаттама.

1

Тәжірибелік

11

Бас сүйектерінің байланыс түрлері. Бас сүйегі, топографиясы. Бас сүйегінің жасқа байланысты ерекшіліктері

1

Тәжірибелік

12

Арқаның терең және беткей бұлшық еттері.

1

Тәжірибелік

13

Кеуде бұлшық еттері және фасциялары. Іш бұлшық еттері және фасциялары.

1

Тәжірибелік

14

Мойын бұлшық еттері және фасциялары. Мойын үшбұрышы.

1

Тәжірибелік

15

Ымдау бұлшық еттерінің құрылыс ерекшіліктері

1

Тәжірибелік

16

Иық белдеуінің иықтық, білектің, қол басының бұлшық еттері және фасциялары

1

Тәжірибелік

17

Қолтықасты шұқыры топографиясы. Жамбас белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары.

2

Тәжірибелік

18

Сан және әкелуші каналдар тақымасты шұңқыры, сирақ каналдары.

2

Тәжірибелік




Барлығы:

20 сағ





ІV- семестр

Теория тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Сағат саны

Теориялық сабақ

1

Ас қорыту жүйесінің бөлімдері. Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы. Ауыз қуысы, шекаралары, бөлімдері. Тіс құрылысы. Сүт тістер, тістің анатомиялық формуласы. Тіл құрылысы, қызметі. Пирогов- Вальдейер лимфойдты сақинасы. Сілекей бездері: жақарты, жақасты, тіласты. Жұтқыншақ, топографиясы, бөлімдері, тесіктері, қабырға құрылысы. Асқазан топографиясы, бөлімдері, құрылысы және қызметі.

2

теория

2

Аш ішек, бөлімдері, құрылысы, қызметі. Ішек бүрлері. Тоқ ішек, топографиясы, бөлімдері, құрылысы және қызметі. Бауыр, орналасуы, пішіні, құрылысы, қызметі. Бауырдың қан тамырлар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері. Ұйқы безі, топографиясы, құрылысы, қызметі. Ішастар. Құрсақ қуысы және ішастар қуыстығы, ішастардың артқы кеңістігі. Ішастар туындылары- шажырқайлар, шарбылар.

2

теория

3

Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылыс жоспары. Мұрын қуысы-шекаралары, кілегей қабаттың құрылыс ерекшеліктері. Көмей (көмекей), кеңірдек, бронхтар, орналасуы, құрылысы, қызметі. Бронх терегі. Өкпе, құрылысы және қызметі. Ацинус – өкпенің құрылымдық функционалдық бірлігі. Өкпеқап құрылысы, өкпеқап қуыстығы. Өкпеқап қойнаулары. Көкірекаралық: оның шекаралары, бөлімдері. Көкірекаралықтағы ағзалардың топографиясы.

2

теория

4

Зәр шығару жүйесінің жалпы құрылысы. Бүйрек, орналасуы, дамуы, құрылысы, қызметі. Нефрон – бүйректің функционалдық құрылым бірлігі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі. Несепағар, жолы, бөлімдері, құрылысы. Қуық, орналасуы, құрылысы. Несеп каналы: әйелдердің, ерлердің несеп каналы, жолы, құрылысы, ерекшеліктері, қызметі.

2

теория

5

Жыныс ағзаларының жалпы құрылысы. Аталық жыныс ағзалары. Аналық жыныс ағзалары.

2

теория

6

Жүрек, қан тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы, қызметі. Артериялар: түрлері, қабырға құрылысы. Веналар: түрлері, артериядан айырмашылығы, құрылысы. Микроциркуляторлық арна туралы түсінік. Микроциркуляторлық арнаның тамырлары. Қосымша тамырлар, анастомоздар, коллатеральдар. Жүрек: орналасуы, шекаралары, құрылысы (камералары, қабаттары), қызметі. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері.

2

теория

7

Адам денесінің артериясы.

2

теория

8

Адам денесінің веналары.

Лимфа жүйесі.



2

теория

9

Жүйке жүйесінің маңызы. Оның орталық және перифериялық, соматикалық және вегетативті бөлімдері. Орталық жүйке жүйесі. Жұлын, топографиясы,құрылысы, қабаттары, қызметі.

2

теория

10

Ми, бөлімдері. Мидың баған бөлімі. Соңғы ми.

Ми сыңарлары және үлкен мидың бөлімдері. Үлкен мидың қыртысы(цито және миелоархитектоникасы). Ми қабаттары. Қызметі.



2

теория




Барлығы:

20сағ





IV- семестр

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптар

Сағат саны

Тәжірибелік сабақ

1

Спланхнология-iшкi ағзалар туралы iлiм. Ас қорыту жүйесi.Ас қорыту ағзаларына жалпы шолу. Ауыз қуысы, тiл, тiстер. Сiлекей бездерi. Таңдай, жұтқыншақ, өңеш, асқазан құрылысы, топографиясы, қызметтерi.

2

Тәжірибелік

2

Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы ,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы.

2

Тәжірибелік

3

Тыныс алу жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы. Сыртқы мұрын. Мұрын жанындағы қойнаулар. Көмекей, құрылысы, топографиясы, қызметтері. Кеңірдек, бронхтар, құрылысы, топографиясы.

2

Тәжірибелік

4

Өкпе, құрылысы, топографиясы, қызметі. Өкпеқап, оның қойнаулары. Көкірекаралық.

2

Тәжірибелік

5

Несеп жыныс аппараты. Бүйректер, құрылысы, топографиясы. Қан айналым ерекшеліктері. Несеп шығаратын жолдарының анатомиясы: несепағар, қуық, несеп шығаратын өзек құрылысы, топографиясы.

2

Тәжірибелік

6

Еркек және әйел жыныс ағзалары, топографиясы, құрылысы. Жастық ерекшеліктері мен функционалдық маңызы. Шатаралық бұлшықеттері мен фасциялары. Қорытынды сабақ.

2

Тәжірибелік

7

Ангиология. Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Жүрек, оның камерлары. Жүрек қабырғаларының құрылысы. Перикард. Жүрек топографиясы. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары. Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары.

2

Тәжірибелік

8

Аорта, оның бөлімдері, тармақтары. Аорта доғасы. Иық-бас сабауы. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңбері.

2

Тәжірибелік

9

Бұғана асты артериясы. Жұлынның қанмен жабдықталуы. Қолтық асты, иық артериялары. Шынтақ, кәрі жілік артериялары. Жалпы, iшкi және сыртқы мықын артериялары.

2

Тәжірибелік

10

Жоғарғы қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері, топографиясы. Төменгі қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздері. Қақпа венасы. Оның қалыптасу көздері. Кава –кавальді және порто-кавальді анастомоздар.

2

Тәжірибелік

11

Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Ми.

2

Тәжірибелік

12

Орталық жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары.

2

Тәжірибелік

13

Шеткі жүйке жүйесі. Жұлын нервтерінің жалпы анатомиясы, олардың түзілуі. Мойын, иық, бел, кеуде нервтері, нервтендіру аймағы.

2

Тәжірибелік

14

Бас ми нервтерi. І, ІІ, ІІІ, ІV,V, VI, VII, VIII, IX, X, XI,XII. Нервтендiру аймақтары.

2

Тәжірибелік

15

Вегетативті нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің симпатикалық,парасимпатикалық бөлімі.

3

Тәжірибелік

16

Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.

3

Тәжірибелік

17

Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің қосалқы мүшелері.Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары. Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары.

3

Тәжірибелік

18

Дәм және иiс сезу мүшелерi. өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.

3

Тәжірибелік




Барлығы:

40 сағ




4. Оқу-әдістемелік жабдықталуы:

Ұсынылатын әдебиет:

  • Негізгі:

1. Рақышев А.Р. адам анатомиясы І,ІІ том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ,ІІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант», 2005.


  • Қосымша:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы Қарағанды., 1993.

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.




  • Көрнекі және техникалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, муляждар, планшеттер, плакаттар, торс, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ, компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы және т.б.




  • Емтихан

Тест: 720 сұрақ.

Остеология бойынша – 75, краниология бойынша – 23, артросиндесмология бойынша- 36, миология бойынша – 79, ас қорыту жүйесі бойынша – 63, тыныс алу жүйесі бойынша -36, несеп жүйесі бойынша – 46, жыныс жүйесі бойынша – 36, жүрек қантамыр жүйесі бойынша – 217, нерв жүйесі бойынша – 61, эндокриндік және иммундық жүйе бойынша – 23, сезім ағзалары бойынша – 25.

3.Мазмұны.

І. Тарау Кіріспе.

1.1 . Анатомия - адам ағзасының құрылысы жөніндегі ғылым. Анатомияның міндеттері мен зерттеу әдістері. Даму тарихы.

1.2. Адам денесі құрылысының негізгі қағидалары. Қалып туралы түсінік және қалыптың нұсқаулары.

2.Тарау Остеология. Артрология

2.1 Остеология. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Сүйектің жіктелуі. Қаңқаның дамуы мен құрылысындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың орны. Иық белдеуі, қолдың еркін бөлігінің құрылысы.

2.2 Краниология. Бассүйектің жалпы анатомиясы және топографиясы. Адам бассүйегінің дамуы. Адам бассүйегі құрылысының жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері. Бет сүйектерi: жоғарғы және төменгi жақсүйектер, әлпетсүйегi, мұрын, таңдай, төменгi мұрын астаушасы, кеңсiрiк, тiласты және көз жасы сүйектерi

2.3. Артросиндесмология Сүйектердің қосылыстары туралы түсінік. Қосылыстардың дамуы. Сүйек қосылыстарының жіктелуі

2.4 Тұлға сүйектер мен қол қосылыстары. Қосылыстардың жасқа, жынысқа байланысты ерекшіліктері. Сүйек қосылыстарының жіктелуі.

2.5 Жамбас белдеуі, аяқ сүйек қосылыстары. Қорытынды сабақ

3.Тарау Миология

3.1. Миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттің онтогенезде дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары. Бұлшықет биомеханикасы. Бұлшықеттер мен буындарға әсер ететін сыртқы және ішкі күштер. Көлденең жолақты, бiрыңғай салалы бұлшықеттер, құрылыстары және қызметтiк ерекшелiктерi. Iрлеу элементтерi. Бас бұлшқеттер: ымдау және шайнау бұлшықеттерi, шандырлары. Мойын бұлшықеттерi мен шандырлары. Мойын топографиясы.

3.2 Кеуде бұлшықеттерiмен шандырлары. Кеуде топографиясы. Көкет, оның құрылысы және қызметi. Іш бұлшықеттерi мен шандырлары. Тiк бұлшықеттiң қынабы. Iштiң ақ сызығы.

Кiндiк сақинасы. Iш прессi. Шап өзегi, құрылымы.



3.3 Иық белдеуiнiң және иық, бiлек, қол ұшы /басы/ бұлшықеттерi мен шандырлары. Қолтық шґңқыры. Қолдың топографиялық анатомиялық түзiлуi.

3.4 Жамбас белдеуi мен аяқ ұшы бұлшықеттерi мен шандырлары. Жамбас және аяқтың топографо-анатомиялық түзiлiсi. Қорытынды сабақ

4. Тарау Ас қорыту жүйесі.

4.1 Спланхнология. Iшкi ағзалар туралы iлiмге кiрiспе. Ас қорыту жүйесiне жалпы шолу. Тағамның механикалық, химиялық өңдеуiн қамтамасыз ететiн, морфологиялық құрылысы. Сiңiру. Асқазан-iшек жолдарының моторлы және эвакуаторлы функциясы. Ас қорыту ағзаларына жалпы шолу. Ауыз қуысы, тiл, тiстер. Сiлекей бездерi. Таңдай, жұтқыншақ, өңеш, асқазан құрылысы, топографиясы, қызметтерi. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

4.2 Iшектер топографиясы, бөлiктерi, қабырғаларының құрылысы. Бауыр, өт қабы ,ұйқы безi, топографиясы, құрылысы, қызметi.

Iшастар туралы түсiнiк. Iшастардың iш қуысындағы бөлiктерге сай жолы /жүрiсi/ мен топографиясы. Жастық, жыныстық ерекшіліктері. Қорытынды сабақ.



5. Тарау. Тыныс алу жүйесі.

5.1 Тыныс алу. Дыбыс түзу апараты. Өкпе құрылысы, газ алмасу. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

5.2 Кеуде торы қабырғаларының, қабырғааралық кеңістіктердің, анатомиясы және топографиясы. Өкпеқап, өкпеқап қойнаулары. құрылысы, топографиясы, қызметі. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

6. Тарау Несеп жүйесі.

6.1 Несеп жыныс жүйесінің онтогенезі. Зәр түзу мен шығару ағзалары. Бүйректің морфофункционалдық бірлігі- нефрон. Бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі құрылысы, топографиясы, қызметті. Жастық, жыныстық ерекшіліктері.

7. Тарау. Жыныс жүйесі.

7.1 Әйел және еркек жыныс ағзалары. Жастық, жыныстық ерекшілігі. Қорытынды сабақ.

8. Тарау. Жүрек қан тамырлар жүйесі.

8.1 Ангиология. Қан тамырларының құрылысы, тармақталу мен жіктелуінің негізгі принциптері. Микроциркуляция туралы түсінік. Коллатералды қан айналымы.

Жүректің дамуы мен морфофункционалдық анатомиясы. Аорта оның бөлімлері, тармақтары. Аорта доғасы. Иық-бас сабауы.



8.2. Кіші және үлкен қанайналым шеңбері. Жалпы ұйқы артериясы. Сыртқы, iшкi ұйқы артериясы. Мидың артериалдық шеңберi. Кеуде құрсақ аортасы. Қорытынды сабақ.

8.3. Бұғана асты артериясы. Жұлынның қанмен жабдықталуы. Қолтық асты, иық артериялары. Шынтақ, кәрі жілік артериялары. Алақанның артериялдық доғалары.

8.4 Жалпы, iшкi және сыртқы мықын артериялары. Тақым артериясы. Сирақ және аяқ басы артериялары. Артерия тамырлары бойынша қорытынды сабақ.

8.5 Жоғары қусты вена жүйесі. Оның қалыптасу көздер, топографиясы. Мидың веналары.Ішкі сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары жүйесі.Бұғана асты венасы. Қолдың веналары.

8.6 Төменгі қуысты вена жүесі. Оның қалыптасу көздері. Аяқ веналары.Қақпа венасы. Оның қалыптасу көздері. Кава –кавальді және порто-кавальді анастомоздар.Қорытынды сабақ.

9. Тарау Нерв жүйесі.

9.1 Нерв жүйесі туралы ілім НЕВРОЛОГИЯ. Орталық нерв жүйесі. Жұлын құрылысы. Сұр зат, ішкі құрылысы. Түбіршіктер, түйіндер. Жұлынның ақ заты. Сегментарлық және сегментүстілік аппараттар. Жұлын қабықтары.

9.2 Артқы ми. Сопақша ми және оның құрылысы.Көпір, оның топографиясы, құрылысы. Мишық:пішіні, құрылысы, топографиясы.Мишықтың аяқшалары. Ромб тәрізді шұнқыршақ, ІV қарынша. Ми нервтері, ядроларының топографиясы. Өткізгіш жолдары.

9.3 Ортаңғы ми. Төрт төмпешік. Ми аяқшалары. Ядролары мен өткізгіш жолдары. Мидың су құбыры. Аралық. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.

9.4 Аралық. Таламенцелофон және гипоталамус. Гипоталамус аймағының вегетативтік ядролары. Үшінші қарынша.

9.5 Соңғы ми. Мидың өткізгіш жолдары. Алдыңғы дәнекер. Сүйелді дене. Күмбез, гипокамп,ішкі капсула. Базальді (негіздік) ядорлар, латеральді қарыншалар, иістік ми.

9.6. Мидың және жұлынның өткізгіш жолдары (сезімтал) және (қозғалтқыш). Қорытынды сабақ.

9.7 Мидың жалпы сипаттамасы. ХІІ жұп ми нервтері. Олардың ми мен бас сүйек негізінен шығатын жерлері. Ми сыңарлары мен иірімдері. Мидың қабықтары, қойнаулары, өсінділері, қабықша аралық қойнаулары.Ми нервтерi.үшкiл нерв/V-жұп/. Бiрiншi, екiншi, үшiншi тармақтары. Нервтендiру аймақтары, вегетативтiк түйiндермен байланысы.

9.8 Бет нервi /VII-жұп/. Тiл-жұтқыншақ нервi /IX-жұп/. Кезбе нерв /X-жұп/. Қосалқы нерв /XI-жұп/. Тiласты нервi /XII-жұп/. Топографиясы, ядросы. Нервтендiру аймақтары. Қорытынды сабақ.

9.9 Жұлын нервтерi. Артқы тармақтары. Көкiрек нервтерiнiң алдыңғы тармақтары. Мойын өрiмi. Нервтендiру аймақтары Иық өрiмi. ұзын, қысқа тармақтары.

9.10 Бел өрiмi. Сегiзкөз, құйымшақ өрiмдерi. Нервтендіру аймақтары.

9.11 Вегетативті нерв жүйесі құрылысының жалпы принциптері. ВНЖ-нің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімі. Қорытынды сабақ.

10. Тарау.Эндокринді жүйе.

10.1 Эндокриндік ағзалардың морфофункционалдық анатомиясы, топографиясы.

11.Тарау. Сезім мүшелері.

11.1 Көру мүшесі, құрылысы, қызметі. Көздің аккомодациялық аппараты

Көздің қосалқы мүшелері Көз жастық аппараты. Көру анализаторының өткізгіш жолдары мен орталықтары.



11.2 Есту мүшесі. Құрылысы. Өткізгіш жолдары мен орталықтары.

Тепе-теңдік. Құрылысы. Өткізгіш жолдары. Дәм және иiс сезу мүшелерi. өткiзгiш жолдары мен орталықтары. Терi және оның туындылары. Қорытынды сабақ.



5. 2014-2015 оқу жылының жұмыс бағдарламасына енгізілген өзгертулер мен қосымшалар
Жұмыс бағдарламасына өзгертулер енгізілген жоқ.

Жұмыс бағдарламасы қайта қаралды және енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде бекітілді. «____»________20 ж. №____ хаттама


Кафедра меңгерушісі, профессор ____________ Сисабеков Қ.Е.
Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:

____________________________ Отыншиев М.А.

«____»________20 ж.

Әдістемелік кеңес төрайымы:

____________________________ Джуманкулова Н.Р.

«____»________20 ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет