ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.19/03-2014
|
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру және жою» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№2 басылым
|
«Қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру және жою» пәнінен
050608 «Экология» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей
2014
Дәріс 1.
Тақырып 1. Кіріспе. Қалдық туралы жалпы мәліметтер, олардың құрылымы, классификациясы.
Пәннің мәні мен мақсаты, негізгі түсініктері.
Қалдықтардың классификациясы, өңдеу әдітері және залалсыздандыру.
Қатты қалдықтарды өңдеу әдістерін әзірлеу.
Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу.
Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқада өндірісітк процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады.
Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы алмағы, жылына 4 трлн.т. жетеді. Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы 9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдарды өнімге пайдаланылады. Бұл көлемінің 80% артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді. Қалдықтар өндірістік қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Оыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары болып бөлінеді. Өндірістік процесте ақаба сулар, түтінді газдар, жылу қалдықтары пайда болады.
Өндірісиік қалдықтар өнімді дайындағанда толық немесе жартылай өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан шикізат, материал және жартылай фабрикаттардың қалдығы, сонымен бірге шикізатты физико-химиялық немесе механикалық қайта өңдегендегі өнім, олар сәйкес өңдеуден өткеннен кейін халықшаруашылығында пайдалануы мүмкін. Қалдықтардың проблемасы әіресе үлкен қалаларда өзекті мәселе, оларда үлкен өндірістік кәсіпорындар, адамдардың көп болуы. т.б. бұл қалалардың экологиялық жағдайы көптеген факторларға байланысты. Оларға автокөлік газдары, жылу станцияларының атмосфераны ластауы, кәіпорындардың тастандылары, онымен қатар табиғи сулардың сұйық қалдығымен латануы.
Тұтыну қалдықтарына әртүрлі себептерге байланыты ары қарай қолданылмайтын бұйымдар, детальдар жатықызылады. Бұл қалдықтарда өндірістік және тұрмыстық болып бөлінеді. Өндірістік қалдықтарға жабдықтардан, металдардан, резенкелеарден, пластмалардан, шынылардан шықан қалдықтар. Тұрмытық қалдықтарына азықтық қалдықтар,
тұрмытық бұйымдарға арналған аяқ киім киім кешек тұрмыстық ақаба сулар жатады.
Қалдықтардың жіктелуі. (классификацияы)
Қалдықтардың жіктелуі өнеркәіптің алаларына, агрегаттық күйіне, токинділігіне негізделген. Әрбір жағдайда аспектііне әйкес қарастырамыз: тазалануы, қайта өңдеуі, қалдықты көмуі, токсинді әсерінің алдын алу. Әрбір өндірістік саланың өзінің қалдықтарының клаификацияы болады. Қалдықтардың жіктелуі әртүрлі көрсеткішке байланысты ең негізгі адам денсацулығына қауіптілігі, зиянды қалдықтар, мысалы: инфекциялық, токсинді, радиоактивті болып бөлінеді. Зиянды заттар жіктелуі және
жалпы қауіптілік талаптары стандартына сәйкес, барлық өндірістік қалдықтар 4 қауіптілік клаына бөлінеді.
Кластар заттарға мінездеме:
Бірінші төтенше қауіпті
Екінші жоғарғы қауіпті
Үшінші орташа қауіпті
Төртінші аз қауіпті.
Қалдықтардың химиялық құрамына байланыты оның қай қауіптілік класына жататынын летальды дозасына ЛД5О, сонымен бірге ПДК (ШРК) на байланысты анықтайды.
Қалдықтар күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қалдықтар шығатын жеріне байланысты тұрмыстық, өндірістік ауылшаруашылық болып бөлінеді. Құрамына байланысты негізгі көрсеткіші қалдықтың шығуы болып еептеледі – органикалық неорганикалық, онымен қатар жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөлінеді. Негізгі топқа энергия түріндегі қалдықтар энергетикалық деп аталады.
Тұрмытық және өндірістік қалдықтардың барлық түрлерін қатты және ұйық деп бөледі.
Қатты қалдықтар бұл металл, ағаш, платмасалар, және бақа материалдардың қалдықтары жатады, минералды және органикалық қалдықтар жатады. Өндірістік кәіпорындардың тазарту жүелерінен шыққан газдар және әртүрлі органикалық және минералды заттардан тұратын өндірістік қоқы.
Ұйық қалдықтарға өңдеуден кейінгі қалдықтардағы сулар және газдарды дымқыл тазарту жүйесінде пайда болған минералды немесе органикалық шаңдар.
Өндірітік және қолданған қалдықтардың түрлерін пайдалану мүмкінділігіне байланысты матералды ресуртарға, ал екінші жағынан экономикалық даму сатысында өңдеу тиіміз болатын қалдықтарға бөлуге болады. Өңделетін қалдықтар пайда болатын жеріне немесе арнайы
жабдықталған басқа кәіпорындарда қайтадан өңдеуден өтеді. Кейбір өндірітік қалдықтар пайдалану қасиетінен айырылған соң қазіргі кезде өз орындарын таба алмай келеді. Бұл қалдықтар қоршаған ортаға зияны бюолмаса көміледі.Санитарлық гигиена жағынан қауіптілік тудырса, қалдықтарды алдын ала қауіпіздендірлігеннен кейін көмеді. Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі:
1. Гальваношламдар және тұнбалар. Химиялық реактивтердің және реагендер қалдықтары; құрамында хром, никель, мыс, кобальт, мырш, қорғасын болатын химреактивтерді және реагендерді;
2. Су құбырларының және канализациялардың қалдық сулары, құрамында мұнай бар өндірітік тұнбалар;
3. Салқындатқыш сұйытқыштар, лак бояу, өндірісмтердің қалдықтары, мұнай қалдықтары, оңай жанты сұйықтар.
4. платмассалар, полимерлер, синтетикалық талшықтар, мата емес интетикалық материалдар қалдықтары.
5. резина техникалық бұйымдар, вулканизаторлар қалдықтары,
6. ағаш қалдықтары,
7. қағаз қалдықтары,
8. қара және түсті металдардың, темір қалдықтары.
9. шлактар, күлдер шаңдар қалдықтары.
10. тамақ қалдықтары.
11. жеңіл өнеркәсіп қалдықтары.
12. әйнек қалдықтары.
13. құрлыс индустриясының қалдықтары.
Қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде толық пайдалану үшін олардың өндірістік жіктелуі жасалған. Мыалы: металдардың бөлшектері және қалдықтардың физикалық қаиеттеріне байланысты клатарға, химиялық құрамына байланысты сұрыптарға бөлінеді. Екіншілік материалдық реурстардың екі көрсеткіші бойынша жіктеген ыңғайлы. Олар пайда болу көзі және пайдалану бағыты қарастырылған.
Химиялық өнеркәібінде қолданылатын бөлімдердің көрсеткіштері:
-Қалдықтарды қолданатын сала химиялық өнеркәсіп.
-металдардың реурстары пайда болатын процес.
-қалдықтардың физико-химиялық қаиеттері.
-жиналатын қалдықтардың көлк\емі.
-Қалдықтарда бағалы көлемінің болуы.
-Бағалы көрсеткіштер.
-қалдықтардың қолданылу мүмкінділігі.
-қалдықтардың тамалдануы
-қалдықтьардың қоршаған ортаға әсері.
1.3. Қалдықтардың құрамы және қолданылуы.
Қалдықтардың химиялық құрамы табиғи минералды қор құрамынан ерекшелінеді. Кейбір жағдайларда қалдықтар құрамындағы компоненттер төмен болады. Ал кейбіреуі табиғи шикізатқа жоғары болады.
Қалдықтардың көптеген түрлерін қоршаған ортаға зиянсыз және отынның дәстүрлік түрлерінің орнына пайдаланылады және жылу алуға болады. Қалдықтардың көптеген түрлері қоршаған ортаға , қала мен ауыл халқына жоғары төменділігіне байланыты үлкен қауіп төндіреді. Оларға арнайы қауіпсіздіктің алдын алу шараларынсыз қөму және қоймаға орналатыру адамдарға және табиғатқа маңызды нәтижеге әкелуі мүмкін.
Бұл әсіресе радиоактивті жарылықа қауіпті қалдықтар, жеңіл ұшатын уландырғыш заттарға қатысты, осыған ұқарамастан кейбір қалдықтардың өзінің химиялық құрамымен физикалық күімен ешқандай зияны жоқ. Оларды көмуге, көлдерге, теңіздерге батырып жіберуге болады. Топырақтың химиялық ластануын нормаландыру ШРК бойынша қойылады. ШРК өз шамасы бойынша су және ауа қабылданған ШРК –дан ерекшеленеді. Бұл ерекшелік топпен байланысқа түсетін орта арқылы зиянды заттардың түсуімен түсіндіріледі.
Дәріс 2.
Тақырып. Қатты қалдықтарды өңдеу процестерімен Тақырып 2. Қатты қалдықтарды жою (ұнтақтау, ұсақөтау, классификация, нығыздау және компактілеу).
1.Қатты қалдықтарды өртеу (әртүрлі ошақтерда)
2.Өндірістік және тұрғылықты қалдықтарды залалсыздандыру өңдеу.
3.Қалдықтарды жинау және ретттеу.
4.Қалдықтарды өңдеу және жағу.
Қатты қалдықтарды өңдеу үшін бөлшектеу мен ұнтақтау, класификация мен ұрыптау, қатты ортада байту, тұндыру магнитті және электрлі сепарациялық кептеру және грануляция, термохимиялық күйдіру, экстракция және т.б процестер қолдану.
Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу.
Химиялық реагенттердің әсерініз өртеу, бірақ қолданылмайтын өнеркәсіптік қалдықтар үшін, механикалық өңдеудің екі түрі қолданылады: ұнтақтау мен топтатыру (престеу). Бұл органикалық және бейорганикалық қалдықтарға қатысты. Ұнтақтағаннан соң, фракциялау болуы мүмкін, қалдықтарды қолдануға болатын өнімдерге айналдыруға болады. Қатты материалдарды керек көлемге дейін жаншу, соғу, сындыру, кесу, тілу сияқты әдістермен жеткізуге болады.
Бөлшектеу және ұнтақтау.
Ақтық материал мен өнімнің көлеміне қарай ұнтақтауды бірнеше клақа бөледі. (2.1. кесте)
Бөлшектеу мен ұнтақтауды құрғақ және дымқыл деп бөледі. Қатты қалдықтады минералдық негізде бөлшектеу мен ұнтақтау үшін машиналарды қолданады.
Кесте 2.1. Ұнтақтау кластары.
Ұнтақтау класы
|
Ұнтақтағанға дейінгі бөлшектің көлемі, мм
|
Ұнтақтағанғанан кейінгі бөлшектің көлемі
|
ұнтақтау дәрежесі
|
бөлшектеу
|
|
|
|
-ірі
|
1500-300
|
300-100
|
2-6
|
-орташа
|
300-100
|
50-10
|
5-10
|
-ұсақ, ұнтақтау
|
50-10
|
10-2
|
10-50
|
-жұқа
|
15-5
|
2-0,05
|
50
|
-коллоидты
|
12-0,1
|
75,103-1,10-4
|
-
|
Бөлшектеу мен ұнтақтаудың дробилка немесе мельница деп аталатын машиналардың көмегімен іске асырады.
Қатты қалдықтарды ұнтақтайтын негізгі құрылғыларды мынадай кластарға бөледі:
-үгіту және сындыру арқылы ұнтақтағыш, оралған тішелі және тағы басқа үгіткіштер,
-жаншитын үгіткіш, жайпақ орамды үгіткіш, жайпақ орамды үгіткіш, роликті-сақиналы, вертикальды, горизонтальды, және бақада мельницалар;
- оғу әсерімен үгіткіштер, балғалап үгіткіштер, дезинтеграторлар, барабандар;
- соғу және коллоидты үгіткіштер, вибрациялы реактрондар;
-басқа үгіткіштер; пуансондар, аралар.
Бөлшектеу үшін жаншу принципімен жұмы ісстейтін конусты, валикті үгіткіштер және соғатын үгіткіштер (балғалы, роторлы, дезинтеграторлы) қолданылады.
Беткейлі үгіткіштер материалды қозғалмайтын металдың араы мен тербелмелі бетін ардайым жаншып тұрады. Қозғалмайтын үгіткіш тігінен, қозғалмалы –соған бұрышталып орналасады.
Конусты бөлшектегіш ірі орташа және ұсақтап бөлшектеу сатысында қолданылады, оларды бөлшектейтін беті екі конус тәрізді. Конусты бөлшектегіштің салатын тесігінің ең үлкен көлемі 2000 мл.
Валик тәрізді бөлшектегіштер орташа және ұсақ бөлшектеу үшін қолданылады.
Балға тәрізді бөлшектегіш барабанның валынның валында орналасқан қалдықтарды балғаның күшімен сындырады. Бұл бөлшектегіш жұқа және пластик тәрізді материалды ірілеп бөлшектеу үшін қолданылады.
Шахталы (мельница) диірмен бөлшектегіш. Балға тәрізді бөлшектегіш. Диірменнің сыртқы жағы арнайы фундаментпен құйылған және муфти двигательмен қосылған. Өндірістік және тұрмыстық қоқыстарды бөлшектеуге арналған.
Дезинтеграторлар екі ротордан тұрады, үлкен және кіші диаметрлі.Бұл аппарат жұмақ және жұқа материалдарды орташа және ұсақтап бөлшектеу үшін қолданылады.
Электрогировикалық әсер сұйықтықта жоғары вольтты разрядты қолдануға негізделген.
Жару арқылы жою. Бөлшектегі материал бөлшегіне қысым көрсету. Жару әдісін көмір, асбест, темір, ағаш сияқты материалдарды жою үшін қолданылады.
Себу және класқа бөлу.
Қатты қалдықтарды бөлшектеуде , матеиалдарды ұнтақтау дәрежесі әртүрл, ол қалдықтардың қаттылығына және формаларына байланысты.
Бөлшекті жәнеұнтақ материалдарды бөлшектеуге бөлу үшін әр әдістер қолданылады.-себу немесе елеу; -гравитационды-инерциялық күштің әерімен бөлу; -гравитационды орталық күштің әсерімен бөлу;
Құрғақ ұнтақтауда көбінесе ауа, сирекрек түтінді немесе инертті газдар, ал дымқылда су қолданылады.
Престеу және қалдықтарды жинақтау.
Қатты қалдықтарды престеу мен жинақтау оларды көліктемен тасмалдау негізінде олардың көлемін азайту транспорттық шығындарды азайтады, табиғатты қорғау технологияларының тиімділігі артады.
Қатты қалдықтарды байыту нәтижесінде бірнеше өнімдер алынады: концентраттау, аралық өнімдер, құйрықтар.
Концентраттар –байыту компоненттері, онда пайдалы компоненттер жоғары ал зиянды қоспалар төмен.
Құйрықтар – зиянды қоспалармен қалдықтардың пайдалы компоненттеріне кіретін байыту өнімдері. Құйрықтар белгілі бір технологиялық циклдің қалдығы ретінде өндірістің бақа салаында ақтық шикізат ретінде қолданылуы мүмкін.
Аралық өнімдердің негізгі компоненттеріне , концентратқа қарағанда аз мөлшерде болады.
Химиялық және термиялық әдістер шектеулі қолданылады және механикалық әдіспен бірлеіп орналасқа.
Дәріс 3.
Тақырып 3. Қатты қалдықтарды залалсыздандыру.
Жоспары:
1.Қалдықтарды көму.
2.Қалдықтарды жинау және транспортпен әкету.
Қатты және тұрмыстық қалдықтардың мәселесі, олар осы қалдықтардың морфологиялық құрамының күрделі болуы.
Осы қатты және тұрмыстық қалдықтардың мәселесін шешугеселективтік жинау немсе қайталанға өңдеу негізі болып табылады. Елективті жинау технологиясы маңызды әлемде маңызды орын алады: шынылар, малекулалар, полимерлі және металды шөлмектер, тұрмыстың және қатты қалдықтарды 2 жүйелі жою түрі шыққан. Селективті жинау арнайы контейнерлерде жиналады, олар тұрмыстық және қатты қалдықтар жиналған жерлерде болады: дүкендерде, сауда-саттық нүктелерінде, демалыс орындарында, тұрғылықты аудандарында түрлі контейнерлер жинайды.
Ресей Федерациясында жинау, өңдеу жүйелері мүлдем жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды қабылдау үшін 0,1 ден 0,8 м3 станционарлық контейнерлер қолданылады. Бұл контейнерлерге афальттар және бетондар салынады. Ең бірінші тұрмыстық қалдықтарды өңдеу сатысында ұсақтау болып табылады., ол үшін балғалы, соққы көрініс мельницалары қолданылады.
Металдан және қағаздың тұрмыстық қалдықтарды өңдеу процетері жақсы дамыған. Қалдықтарды жинау біткеннен кейін, оларды жылдам өңдеу керек. Контейнерлердегі жиналған қалдықтар оңай өңделеді.
-
Қатты қалдықтарды утилизациялау.
Мамандардың айтуы бойынша өндірістік, тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуге жарамды. Қалдықтарды қайта өңдеу және қолдану бір іс, оларды қоқсықтан тазалау қажет. Қоқсықтан қара металл, қағаз, пластик, пластмаса және лорганикалық зат алынады.Құрамында тағам, көкөніс өнімдері бола, органикалық заттың бөлігінен малға азық жасалынады,
қалған бөлігінен копост дайындалады, одан қалға қалдықты 50% жағылады.
-
Металды қалдықтарды утилизациялау.
Металургиялық өндерте металл қалдықтарын екіншілік шщикішат ретінде қолданылуы белгілі.
Сонымен литофераның қорғанысымен, атмосферадағы және гидросферадағы ластанушы заттар 75-80% дейін қысқарады.
Қазіргі кезде металургияда металды негізінен қолдану, эканомиканың қиыншылықтарға байланысты өсті. Көп мөлшерде металл қалдықтары түзілетін өнеркәсіпте екіншілік металдарды утилизациялау үшін арнайы цехтар құрылды. Салыстырмалы жаңа технологияның процестерін тез қататын форманың қосылыстар өндірісте қолданылады. Формалық қоылыс қолданылмайтын. Бір рет қолданылатын летейлық формалардың жаңа технологиясы ұсынылады. Сумен жұмсарылған құм тез азотқа қатады.Термиялық цехтарда ванналарда қыздыратын бөлшектер дайындалады, олар болат бөлшектерінің сыртқы қабатын қышқылдаудан сақтайды
Дәріс 4.
Палигондардағы арнайы қоймаларда қалдықтарды жинау.
Жоспары:
1.Өндірістік орталықтарда қалдықтарды жер астына көму
Топырақты орман топырақтарынан, жер асты және жер үсті суларын, қатты және сұйық қалдықтармен ластанудан сақтау, оларды жинау және полигондарда және үйінділерде сақтау арқылы жүргізіледі. Қалдықтарыд полигондарда қарапайым және жиі қолданылатын әдіс болып табылады. Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуді СНиП 2.0128-85 талшықтарына сай жаалған арнайы палигондарға және орталықтандырылған аранайы жинау палигоны жүргізіледі. Палигондарға құрамында мышяк бар неорганикалық қатты қалдыдықтар және шламдар құрамында ынап бар қалдықтар, құрамында қорғасын, мырыш, қалайы, никель вильмут, және олардың қосылыстары бар қалдықтар, органикалық ерітінділер, органикалық жанғыш қалдықтар, жөндеуге келмейтін сынапты лампалар, мұнаймен латанған құм, бұзылған балондар. Жатады. Сұйық токсинді қалдықтарды шығаруға кәсіпорындардың өзінде залалсыздандырылуы тиіс.
Палигондарға қабылданбайтындар
-радиоактивтьі қалдықтар
-металл және бақа заттарды тиімді алу әдістері қабылданған қалдықтар.
-ағаш қалдықтары.
-өндіріс және құрлыс қалдықтары
-регенерацияға жататын мұнай өнімдері.
Палигондарда қалдықтарды физико-химиялық әдістер арқылы қалдықтарды термиялық залалсыздандыру, газбен толтырылған балондарды арнайы камерада жару, қалдықтарды герметикалық кантейнерлерге тығу және оларды көму әдістерін қолдану арқылы өңдеу қарастырылады. Құрамында ынабы бар лампаларды өңдеу және залалсыздандырудың бақада әдістері бар. Мысалы сумен шаю технологиясы.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ полигоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен және құлайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.
Осыған байланысты 2005 жылы полигон аумақтарының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiнде бағдарлама әзiрлеу қажет.
3.3. Қалдықтарды өңдеу және өртеу.
Тұрмыстық қоқысты залалсыздандырудың бір әдісі биотоп алатын биологиялық өңдеу. Залалсыздандыру және өңдеу қоқыстың өздігінен жануы есебінен жүзеге асады, сондықтан биотермиялық деп атайды.. Бұл процесс аэробты жағдайда жылу сүйгіш және әртүрлі микроағзалардың өсіп жетілуінің нәтижесінде болады.
Елімізде және шет елдерде компотар, көкөніс өсіруде, ауыл шаруашылықта қалаларда, көгалдандыруда қолданады.
Қазіргі кезде қоқыс зауыттарда қалдықтарды залалсыздандыру процессін механикаландырылған биотермиялық капастирлер жолымен жүзеге асырады.
ҚТҚ-ды қабылдау және алдын ала дайындау.
-Биотермиялық компастирлеу
-компосты реттеу және сақтау.
-Компастирленбейтін фракцияларды өңдеу.
Биотермиялық залалсыздандыру процесі кейбір микро ағзаларда ҚТҚ компоненттерін тіршілік процестінед қорек ретінде қолдану әдісіне негізделген. ҚТҚ –ды термиялық, залалсыздандыруда қолданылатын кішірейтеді, патогенді микрофлора жайылады. Жанғыш компоненттер көмірқышқыл газы және су булары әсерінен қышқылданады. Жағу кезінде жиналған шлактарды палигондарда сақтайды.
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.
Бактериологиялық және химиялық ластану
Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi.
Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.
Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет.
Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған.
Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды.
Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.
Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.
Емтихан сұрақтары
-
Қалдықтар және олардың жіктелуі.
-
Қорғау құрлысы-полигондар, олардың құрылымы.
-
Мұнай және газ өнімдерінің қалдықтарының орналауы.
-
Қалдықтардың агрегаттық байланысты топтастыру.
-
Қалдықты шикізат ретінде пайдалану.
-
Радиоактивті қалдықтардың көлемін жоспалау.
-
Пайдаға асырылған, асырылмаған қалдықтар.
-
Қазақстанның түті металлургиясының шикізат базаы.
-
Көмір өндірі қалдықтарының орналауы
-
Жанатын жанбайтын қалдықтар.
-
Металл қалдықтарын шикізат көзіне айналдыру.
-
Уран өндірістерінің қалдықтарының көлемін жоспарлау
-
Қауіпті қалдықтар сипаттамы.
-
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері.
-
Пластмасса және полимерлі материалдарды өңдеу
-
Қалдықтардың қоршаған ортаға қатысты қауіптілігін жоғарлататын негізгі қасиеттер.
-
Ағаш өңдейтін және қағаз шығаратын өнеркәсіп қалдықтарын өндеу.
-
Қалдықтардың Шығыс Қазақстанда облыстарында орналасуы.
-
Радиоактивті қалдықтар, сипаттамасы.
-
Жеңіл өнеркәіп қалдықтарын өңдеу.
-
Радиациялық ластану туралы түсінік.
-
Радиоактивті қалдықтардың жіктелуі.
-
Екінші реттік энергоресурстардың тиімді пайдалану, топтастыру.
-
Радиациялық ластану көздері.
-
Улы қалдықтар сипаттамасы.
-
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу.
-
Радиациялық ластанудың табиғи көздері
-
Уыттылық қасиеттерінің сипаттамасы.
-
Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы.
-
Радиациялық ластанудың техногендік көздері
-
Қалдықтардың қауіптілік класынның есептелуі.
-
Тұрмыстық қалдықтардың Өскемен, Павлодар, Алматы, Астана қалаларындағы көлемі.
-
Қалдықтар мәселесін шешу жолдары
-
Қалдықтар уыттылығының классификациясы.
-
Органикалық тұрмыстық қөалдықтар.
-
Қалдықтар залалыздандырудың халықаралық мәелелері.
-
Қалдықтардың қауіптіліген бағалау жолдары.
-
Радиоактивті қалдықтар, сипаттамасы.
-
Қалдықтарды жоюдың негізгі сипаттамасы.
-
Қалдықтарды жоюдың бір әдісі, оларды өртеу.
-
Атом энергетикасы, ядролық қаруларды жою радиоактивті қалдықтардың көзі.
-
Жасанды радионуклидтермен ластану.
-
Қалдықтарды залалсыздандыру әдістері.
-
Родонмен ластану, оның көздері.
-
Радиоактивті қалдықтардың пайда болуы
-
Бір қалдықты екінші қалдықпен залалсыздандыру.
-
Радиоактивті изотоптар, уран рудниктарының радиоактиві қалдықтардың көзі.
-
Ракеталық компоненттердің қоршаған ортаға әсері.диоактивті қалдық
-
Биологиялық технология-қалдықтарды залалыздандыру әдісі.
-
Радиоактивті қалдықтардың сұйық және қатты түрі.
-
Қазақстандағы Ядролық полигон қалдықтары тардың пайда болу
-
Қорғау құрлысы-полигондар, ипаттамасы.
-
Қазақстандағы радиоактивті қалдықтардың орналасуы.
-
Семей ядролық полигоны-ластану көздерінің бірі.
-
Қатты тұрмытық қалдықтардың айналымын ұйымдастыру жолдары.
-
Уран радиоактивті қалдықтарының орналасуы.
-
Азир полигонының қоршаған ортаны ластау.
-
Қалдықтарды орналастыратын негізгі объектілер.
-
Ядролық жарылыс қаолдықтарының орналасуы.
-
Капустин Яр полигонының қоршаған ортаны ластауы.
Достарыңызбен бөлісу: |